228
алғанынан, ата-анасының дін мен дәстүрді қатар сабақтастырып жас буын ұрпаққа адами құндылықтарды, елін-жерін
сүюді, абыройды жоғары қойып, намысты болуға тәрбиелеуі үлкен ықпал еткен.
Әуел баста отбасын жоспарлап, дұрыс құрмағандықтан қаншама шаңырақ шайқалып, іргесі сөгілуде. Ата-ананың
бала алдындағы міндеттері көп, оның ішінде дұрыс есім қою, адал жолмен табылған ризықпен тамақтандыру, үйлендіру
және тағы басқа жоралғылары кіреді. Алайда, әкенің бала алдындағы ең алғашқы,
абыройлы, маңызды міндеті –
қайырлы, инабатты болашақ жарын таңдап, шариғат заңына қайшы келмейтін, қазақы дәстүрге лайықты заң-
жоралғыларды бүгінгі өмір салтымен тиімді ұштастыруға қалыптастыру.
Адам құқықтарын сыйлау қағидасы халықаралық құқықтың басты қағидаларының бірі болып табылады. Адам
құқықтары тұлға тұратын елдің заңдарымен көзделген экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық және мәдени
құқықтары және бостандықтарымен анықталады. Бұл құқықтар
мен бостандықтар сипаты, белгілі бір мемлекеттің
қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылысымен және оның заңнамасымен анықталады.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес
жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық
келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да
отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап,
материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге
тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын
қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле
бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара
құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық
дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді
қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде
толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке
толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу
отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік
қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып
табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген
отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама
қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен,
немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары
мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне
көбінесе туыстық жатады,
сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір
атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама
туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі
тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның
атасына және т.б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).
Қорыта келгенде, «әлемнің ең дамыған мемлекеттердің» қатарына қосылуды мақсат етсек, елімізде отбасы
әлеуметтік институтын қайта жаңғырту керек. Отбасылардың ажырасу себептерін материалдық дүниеден іздеп, қаржы
мәселесіне әкеп тіреп қоюдың еш мәнісі жоқ. Материалдық
фактордың орны орасан зор, десек те, отбасының іргесі
шайқалуының себебін ақшадан, не дүниеден іздеп, әр жұп өзін сүттен ақ, судан таза етіп, бастарын алып қашады.
Қай заманда болмасын рухани болмысы әлсіреген қоғам құрдымға кетеді. Рухани құндылықтарды материалдық
байлыққа айырбастау үлкен қателік. Оған бәріміз де куәміз. Таразының екі басын тең ұстап отыру керек. Ал рухани
байлық дегеніміз сан ғасырлардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз,
дәстүрлі ұлттық санамыз. Сондықтан заманға сай ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып, дініміз бен ділімізді қолға алып,
ұлттық сананы қайта жаңғырту керек.
Достарыңызбен бөлісу: