229
1)
қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кеткені туралы жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік
органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның хабары;
2) кiнәсiн мойындап келу;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;
4) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамының дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған
қылмыстық құқық бұзушылық туралы рапорты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері болып табылады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген себеппен тергеліп жатқан іс бойынша хабарсыз кеткен
адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгілерін көрсететін деректер анықталған жағдайда, іс-әрекет
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сараланады.
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн:
1) прокурор iстi алдын ала тергеу немесе анықтау жүргiзуi үшiн тергеушiге немесе анықтау органына жiбередi;
2) тергеушi алдын-ала тергеу жүргiзуге кiрiседi;
3) алдын-ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын iстер бойынша анықтау
органы шұғыл тергеу iс-
әрекеттерiн орындағаннан кейiн iстi алдын-ала тергеу iсiн жүргiзуге жiбередi; ҚРҚІЖКтiң 285-бабында аталған
қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзедi.
Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргiзiледi. Алдын ала тергеу жедел және толық болуы
мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша, сондай-ақ сезiктi, айыпталушы адам немесе куәлардың көпшiлiгi тұрған
жерде жүргiзiлуi мүмкiн. Тергеу iс-әрекеттерiнiң басқа ауданда (облыста) жүргiзу қажет болған жағдайда тергеушi оны
тiкелей өзi жүргiзуге не бұл iс-әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың) тергеушiсiне немесе анықтау органына
тапсыруға құқылы. Тергеушi iздестiру әрекеттерiн немесе жедел iздестiру шараларын жүргiзудi алдын ала тергеу
жүргiзiлетiн жердегi немесе iс жүргiзiлетiн жердегi анықтау органына тапсыра алады. Тергеушiнiң тапсырмасы он
тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.
Қылмыстық iстер жөнiндегi алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғалған күннен
бастап екi ай мерзiмнен
кешiктiрмей аяқталуға тиiс. Алдын ала тергеу мерзiмiне iс қозғалған күннен бастап iстi айыптау қорытындысымен
немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа беру туралы
қаулымен бiрге прокурорға жiберген күнге дейiнгi не iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге
дейiнгi уақыт енгiзiледi. Алдын ала тергеу мерзiмiне ҚРҚІЖК көзделген негiздер бойынша алдын ала тергеу тоқтатыла
тұрған уақыт, айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық iс материалдарымен таныстыру уақыты, сондай-ақ
айыпталушының шағымы бойынша талап етiлген қылмыстық iстiң сотта және
прокуратурада жатқан уақыты
енгiзiлмейдi. Алдын ала тергеу мерзiмiн одан әрi ұзартуға тек айрықша жағдайларда iстiң күрделiлiгi ескерiле отырып
жол берiледi және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге
асыра алады. Алдын ала тергеудiң мерзiмiн ұзарту туралы қаулыны тергеушi ауданның, облыстың прокурорына және
оларға теңестiрiлген прокурорларға тергеу мерзiмi өтпестен бұрын - бес тәулiктен кешiктiрмей, Бас Прокурорға, оның
орынбасарларына, Бас әскери прокурорға он тәулiктен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
Тергеу тобы жетекшiсiнiң өкiлеттiктерi келесідей:
1.Тергеу тобының жетекшiсi қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды, тергеу тобының жұмысын
ұйымдастырады, басқа тергеушiлердiң iс-әрекеттерiне басшылық жасайды.
2.
Iстердi бiрiктiру және бөлу, қылмыстық iстi толығымен немесе оның бiр бөлiгiн тоқтату, iс бойынша iс
жүргiзудi тоқтата тұру немесе қайта жаңғырту туралы, сондай-ақ тергеу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiмдердi қозғау,
бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды, үйде қамап ұстауды қолдану және оларды ұзарту туралы шешiмдердi тергеу
тобының жетекшiсi ғана қабылдайды.
3. Айыптау қорытындысын және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау
үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулыны тергеу тобының жетекшiсi жасайды және оған қол қояды.
4. Тергеу тобының жетекшiсi басқа тергеушiлер жүргiзетiн тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға, тергеу iс-әрекеттерiн
жеке өзi жүргiзуге құқылы.
Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын iстер бойынша қызметi.Алдын ала
тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын қылмыс белгiлерi болған кезде анықтау органы қылмыстық iс қозғауға және
қылмыстың iзiн анықтау мен бекiту жөнiндегi кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн: қарауды, тiнтудi,
алуды, куәландыруды, сезiктiлердi
ұстау мен олардан жауап алуды, жәбiрленушiлер мен куәлардан жауап алуды
жүргiзуге құқылы. Анықтау органы байқалған қылмыс пен қылмыстық iс қозғалғаны туралы прокурорға дереу
хабарлайды.Кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған күннен бастап
бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы iстi тергеушiге беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға
жазбаша хабарлауға мiндеттi. Iстi тергеушiге бергеннен кейiн анықтау органы ол бойынша тергеу iс-әрекеттерiн және
жедел iздестiру шараларын тек тергеушiнiң тапсырмасы бойынша ғана жүргiзе алады. Қылмыс жасаған адамды анықтау
мүмкiн болмаған iстi тергеушiге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшiн iздестiру
шараларын жүргiзуге, тергеушiге нәтижелер туралы хабарлауға мiндеттi.
Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға заңдарда белгiленген адамдарды тарта отырып,
олардың жеке басын
анықтайды, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң тәртiбiн түсiндiредi. Кейiнге
қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi. Тергеу iс-әрекетiн
жүргiзу кезiнде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс iздерi мен заттай дәлелдердi анықтаудың, бекiту мен
алудың ғылыми негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға
және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп
туғызуға жол берiлмейдi. Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға анықтау органының қызметкерiн тартуға
құқылы.Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден
жасалады.
Хаттамақолменжазылуы,
машинка
жазбасы
не
компьютер
арқылы
жасалуы
мүмкiн.
Хаттаманыңтолықболуынқамтамасызетуүшiнстенографиялау, киноғатүсiру, дыбыс және бейне жазба қолданылуы
мүмкiн. Стенографиялық жазба, дыбыс және бейне жазба материалдары iспен бiрге сақталады. Хаттамада: тергеуiс-
әрекетiнжүргiзуорны мен күнi; оныңбасталужәнеаяқталууақытыминутынадейiндәл; тергеушiнiңлауазымы мен аты-жөнi;
тергеуiс-әрекетiнеқатысқанәрбiрадамныңтегi, аты, әкесiнiңаты, ал қажетболғанжағдайдаоныңмекен-жайыкөрсетiледi.