Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет226/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Литературы
1. 
Алексеев С. В. Коррупция: социологический анализ / под ред. О. В. Бонда-ренко. – Шахты: Изд-во ЮРГУЭС, 2008. – 
270 с. 
2. 
Антикоррупционная политика: учебное пособие / под ред. Г. А. Сатарова. – М., 2004. – 368 с. 
3. 
Дамаскин О. В. Коррупция: состояние, причины, противодействие. – М., 2009. – 304 с. 
4. 
Добреньков В. И., Исправников Н. Р. Коррупция: современные подходы к исследованию. – М., 2009. – 207 с. 
5. 
Ожегов С. И., Шведова Н. Ю. Толковый словарь русского языка. – М.: Изда-тельство «Азъ», 1992. 
6. 
Назарбаев Н. А. Нұрлыжол – Путь в будущее: Послание народу Казахстана,г. Астана, 11 ноября 2014 года. 
ӘОЖ: 32(574) 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ 
Сүйін А.Б. - ЮМ-20-3к1 тобының студенті 
Жайлауова Г.М. - магистр, аға оқытушы 
 
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше геосаяси маңызы бар мемлекет Қытай Халық Республикасы. Екі 
мемлекет арасындағы ортақ шекараның ұзындығы 1740 шақырым. Сонымен қатар екі ел тарихи көршілер болып 
табылады.
 
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, халықаралық құқықтың дербес тұлғасы ретінде өмір 
сүрген алғашқы күннен бастап, елдің басшылығының алдында 
сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, 
егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, 
республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық 
институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар 
жасау мүдделері жатты.
Ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық 
және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. 
1992 жылғы 3 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен мазмұндама 
жарияланды. Сол жылы ақпан айында ҚХР Алматыда өз елшілігін ашқаннан кейін желтоқсанда Қазақстан 
Республикасы Пекинде өз елшілігін ашты. 
1993 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде болып Қытай 
Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесіп ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды. Онда екі ел 
арасында дипломатиялық қатынастың ресми түрде орнағаны атап айтылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, 
Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі республикамыз дипломатиясының зор табысы. «Жібек жолы» қайта 
жаңғырып, бұл магистраль толық іске қосылғанда Тынық мұхит жағалауымен Еуропаны тұтастыратын жол Қазақстан 
арқылы өтпек. Екі ел қара, түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау, транспортты 
дамыту үшін бір-біріне көмек көрсетуге дайын екендіктерін айқын көрсетті.
Қазақстан мен Қытай әріптестік 
қатынастардың дамуында, ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға баса назар аударылды. Қазақстан 
Республикасы (ҚР) мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, екі ел
арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 3 қаңтарынан бері аса зор маңызға ие сала болып келеді.
1990-
жылдардың басында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты әлеуметтік-экономикалық 
жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: 
экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын 
шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, 


259 
валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше 
сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нысандар үлгiлерiн 
енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай 
жасау.
Қытай – Қазақстанның сенімді экономикалық серіктесі. ҚХР бүгінде Қазақстанның аса ірі импортеріне айналған. 
Қытайдың Қазақстанға инвестиция көлемі 10 млрд. долларға жетсе, қазіргі кезде Қазақстанда Қытай капиталының 
қатысуымен 1000 қаралы кәсіпорын жұмыс істейді. Қытайлық кәсіпорындар пайда таба отырып, өзінің әлеуметтік 
жауапкершіліктері туралы да ұмытқан емес. Олар жергілікті әлеуметтік даму бағдарламаларына белсенді қатысып, 
қазақстандық жұмысшыларды дайындаумен қатар, темір жол, жылыжай құрылыстарын салуда. Сөйтіп, еңбекпен қамту, 
жергілікті салық түсімдерін ұлғайту мәселелерін шешуге өз үлестерін қосуда. Жақындағы халықаралық қаржы дағда-
рысы кезінде Қытай Қазақстанға 13 млрд. доллар көлемінде несие ұсынып, өзінің осы іс-әрекеті арқылы Қазақстан 
экономикасына қолдау көрсетті. Алға көз тігетін болсақ, елдеріміздің іскерлік ынтымақтастық әлеуеті әлі де жоғары 
екенін көреміз және оның болашағы аса зор екенін байқаймыз. Бүгінде Қытайда жүзеге асырылып жатқан 12-ші 5 
жылдық жоспар көп басымдықтары бойынша Қазақстанды дамытудың 2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған 
стратегиясымен сәйкеседі. Елдеріміздің мәдени-гуманитарлық салада да әріптестер екенін айта кеткен жөн. Қытайдың 
көне тәмсілі былай дейді: Мемлекетаралық қатынастардың негізінде өзара ұнамдылық пен халықтарының жақындасуы 
жатады. Біздің мемлекеттеріміздің мәдени дәстүрлері, салттары мен саналары әрқилы және бұл екі елдің түрлі 
салалардағы ынтымақтастығын одан әрі дамытудың іргетасы ретінде өзара түсіністік пен байланыстарымызды нығайту-
дың маңызды шарты болып табылады. Қытай мен Қазақстан арасындағы достық байланыстардың тереңдей түсуіне орай 
жыл өткен сайын екі ел азаматтарының бір-біріне жұмысқа, оқуға немесе саяхатқа келулері жиілей бастады. Бүгінде Қы-
тайда бірнеше мың қазақстандық студент білім алып жүрсе, Қытай тарапы да Қазақстаннан оқитын студент-сти-
пендиаттардың жыл сайынғы квоталарын 200 адамға дейін көбейтті. Қазақстанда да мыңнан аса қытайлық студент 
біліммен сусындауда. Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы өміршеңдігінің бастауы олардың дамуы екі ел халықтарының 
мүдделеріне түбегейлі жауап беретіндігінде және екі елдің тұрақтылықты сақтау мен дамыту талаптарына толық сәйкес 
жүргізілетіндігінде жатыр деп ой түюге негіз бар. 
Екі ел арасындағы сауда қатынасы мен статистикасына келсек: 
53% — 
шикі мұнай өнімдері, 
8% — 
жез, хром, кен мен темір қосылымы, 
басқалары. 
Қазақстаннан Қытайға жеткізілетін өңделген өнім: 
56% металданбұйымдар (жезді сым, катодтар, цинк, феррохром, құрыш несие), 
11% -
жанармай, 
8% — 
уран, 
14% — 
тері, 
2% — 
түк, 
басқада. 
Қытайдан Қазақстанға импорт 2008 жылы 31% өсіп және 4,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Импорттың тауарлық 
құрылымы айтарлықтай диверсифицирленген (тауардың 58 тобы импорттың жалпы көлемінен шамамен 50% құрайды). 
Импортталатын өнім 99% өңделгентауарлардықұрайды; 1% — шикіөнімдіқұрайды. 
23% — 
мұнай-газ құбырлары үшін құбырлар, 
3% — 
қазба жүргізгіш машина мен басқада бұрғылаушы, 
1,6% — 
көмірден кокс пен жартылай кокс, 
1,6% — 
қара металдан басқада металл конструкциялар,тағы басқалар. 
Қазақстан Қытаймен басқа өнеркәсіп салаларында серіктестігін әрі қарай дамытуға көңіл бөлгені абзал. 
Сондай-ақ Қазақстанның шикізат өнімін өңдеу, машина құрастыру, металлургия, азық және текстильді көндіріс, көлік 
және логистикалық қызмет, құрылыс материалдарын шығару сияқты салаларда ұлттық өнеркәсіп жүйесін 
қалыптастыруда қытай ресурстарын пайдалануды қазірден ойластыру керек деп ойлаймыз. Өйткені Қытай бізге қатты 
мүдделі болып тұрғанда, біз де оларды ұзақ стратегиялық мақсатырмызды іске асыруға пайдалануды қарастырғанымыз 
жөн болады деп санаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет