56
Бүгінгі қазақ әдебиетінің даму қарқыны мен бағыт-бағдарының әңгіме
жанрындағы беталысынан да, қол жеткізген табысынан да айқын көрінеді.
Қазақ прозасындағы әңгіме жанрының өзі бүгінде сан жағынан да, сапа
жағынан да кемелдене, толыса түскені айқын.
Қазіргі әңгімелерді шартты түрде тақырыбына қарай топтайтын болсақ,
дені ауыл өмірінен алып жазылған шығармалар екені көрінеді. Бір
қуаныштысы - әңгіме авторлары бүгінгі ауылдың рухани дүниесінде болып
жатқан өзгерістерді нақты характер шындығы арқылды бейнелей отырып
ашуға ұмтылады.
Қазіргі әдеби процесте әңгіме жанрының алатын орны мен атқаратын
қызметі де күшті.
Қазақ жазушыларының үлкен бір ұрпағы плеядасы түгел
дерлік әңгіме
жанрында көрінді. Өткен ғасырдың 20-30-жылдарындағы қазақ прозасының
дені әңгіме болатын, прозадағы ұнамды кейіпкерлер де сол әңгімелерден
басталған. Қазіргі әңгімеде қысқа да болса қызық шиыр тарих бар.
Мынаны ескерген жөн. Әңгіме жайын
сөз еткенде біз талдау мен
талғаудың критерийлерін біліп алғанымыз мақұл.
-
Әңгіме не үшін жазылады?
-
Әңгіме бір шындықты таныту үшін жазылады. Ал әңгіме шындықты
танытады деу жеткіліксіз. Әңгіме шындықты қалай танытады? Сөз сонда.
Мәселен, жазушы
Достарыңызбен бөлісу: