59
Сондай-ақ, жәбір көрсеткен Отардың иттігіне ыза болып,
оған дәп бір
баласы кінәлідей ренжіп хат жаздыруын да қисынсыз дей алмаймыз. Өйткені
мұндай Кемпірбайларды кез келген ауылдан кездестіретініміз сөзсіз.
Қолдарына сәл билік тисе, әлдеқандай болып бәлсініп, кісімсініп, жалған
белсенділік көрсетіп, ұсақ-түйек нәрседен үлкен
дау туғызып түймедейді
түйедей етіп жүрген Отар, Мүсір, Молдабай сияқтылардың мінез-құлықтары
да әңгімеде барынша нанымды суреттеледі. Бұл характерлер-бірінде жоқ
қасиетін екіншісі толықтырып отыратын негіздес, тамырлас ұнамсыз типтер.
Мінеки, аталған әңгіме осындай шыншылдығымен баурап алады. Көз
алдымыздан
өзімізге таныс ауыл бейнесі, әр түрлі мінездегі адамдар көпке
дейін кетпей қояды. Мұның өзі,
айналып келгенде, жазушы шеберлігін
танытса керек. Әңгіменің тілі де нәрлі, айшықты. Әр кейіпкердің өзіне ғана
тән сөйлеу ерекшелігі сақталған.
Жазушы творчествосының жақсы бір қырын көрсететін әңгіменің
әттеген-ай дегізетін бір міні-кей тұстарының таза
сықақ әңгімелерге ұқсап
кететіндігі дейміз. Ол тұстар жеңіл күлкі үшін ғана қызмет атқарып тұр.
Әңгіменің құндылығы, әсерлілігі оқиға қызықтылығында емес, адам іс-
әрекетінің шынайылығында, сол шынайылықты көрсету үшін сәтті тауып
алған деталь, штрихта болса керек.
Бұл ретте
Достарыңызбен бөлісу: