61
Шынаркүл-жалғыз ұлы Қайыпбегінен айрылып, жапан таудың
бауырында жалғыз үй қалып, Алыпсоқтан басқа ес қылар ешкімі жоқ
қамкөңіл жан.
Шығарма бұдан әрі тіпті тереңдей түседі. Мәселен, Шынаркүлдің жылап
отырып айтқан әңгімесінен біздің де көңіліміз босап, жүрегіміз езіле түседі.
Сөйтіп отырып, көп сырға қанық боламыз.Шынаркүлдің Мұқаға кіршіксіз
матаға өрік түйіп беруі-оның оған деген аппақ көңілін білдірсе керек. Тіпті,
Оның Аймүйізді сипап, бұзауына ноқта есіп беруі де шымырлатар суреттер.
Шынаркүлдің
әңгімесін тыңдап отырып, Мұқа өзінің пендешілігіне
қатты қынжылды, қатты қысылды. Талтоғаннан алғаш көшкенде: «Бауыр
басқан атамекенді қия алмай қайта-қайта барып тұрармын»,-деп ойлайтын.
Солайын солай да сияқты еді. Бірақ жаңа орта, жас әйел, қоршағанды,
қошамет-құрмет өзіне бейімдеп, басқаша жағдайға қалыптастырып жіберді,
Мұқтажсыз тіршілік, тоқ көңіл көп нәрсені ұмыттырады екен.
Мұқа мен Шынаркүлге қарағанда, әңгімедегі Торғын бейнесі мүлде
басқа кейіпте. Оған салсаң, Аймүйіз жоғалып кетсе де бәрібір. Атақонысың
да, өрігің де оған бір тиын. Байлыққа, барлыққа қызыққан, соның арқасында
былқылдап өскен Торғын шығармада аз көрінсе де, өзіндік болмыс-бітімімен,
өзіне тән мінез-құлқымен жеке-дара. Оның бейнесі өз алдына басқа пайым-
қорытынды түйгізеді.
Сайын Мұратбеков - әдебиетімізге өзіндік тақырыбымен, өзіндік
стилімен, образ өрнектеу еркешеліктерімен келегн жазушыларымыздың бірі.
С.Мұратбеков өзгелерден алған өнегесі, басқаға берер үлгісі де көп. «Менің
қарындасым» атты тырнақалды әңгімесінен бастап «Жабайы алма» повесінің
аралығындағы жазушылық жолында ол бір сәт прозадан ауытқып көрген
емес. «Алғашқы қар» әңгімесінде екі-ақ кейіпкер бар: трактористжігіт Сұлтан
мен Күлипа қыз. Алғашында, оқиғаның басында өзі отырған трактордың
иісін де, оны жүргізіп келе жатқан Сұлтанды да онша жақтыра қоймайды.
Қызға жігіттің қимылындағы сылбырлық, оның «өгіздей» үндемей
отыратындығы ұнамайды. «Адамның тұлғасы да осындай рабайсыз болады
екен-ау» дейтін. Сенесіз. Күлипаның Сұлтанды бірінші рет емес, күнде көріп
жүргенін және жігіт әкесінің ұлына қалыңдық
таба алмай әуре сарсаңға
түскенін білсеңіз, оның үстіне Күлипаның осы маңдағы мақтаулы қыздың
бірі екенін ұмытпаған болсаңыз қыздың жігітті сүймейтініне сеніміңіз арта
түседі. Ал, шығарма қалай аяқталады? Екі жастың бірін-бірі ұнатуымен
аяқталады. Ауылдан аулақта адасып кетіп, мидай далаға түнегенде
«рабайсыз» жігіт дөрекілік жасап, қызды құшақтамады да, сүйдім-күйдім деп
ант-су ішпеді де. Шүп тарту, ауып кеткен шананытүзеу төңірегінен тысқары
сөз де болған жоқ.. Абайласақ, жігіттің салмақтылығы,
тапсырылған іске
тындырымдылығы, жанындағв ғызға деген мөп-мөлдір сезімі, оны жеткізуге
батылы бармай (таза махаббат солай болса керек-ті) тек жанарымен түсіндіру
Күлипаны еріксіз баурап алады да,осы сәтке дейінгі қыздың жігітке деген
теріс көзқарасын ұшты-күйлі ұмыттырады.
Сайын Мұратбековтың өз әріптестерінен және бір өзгешелігі-жастар
бейнесін жасаудан таймай келе жатқандығы. Ілгеріде айтылғандай Сайын
62
ауыл прозасының белсенді де табанды шебері болса, сол ауыл өмірінің
ішінде көбіне-көп жастардың әрекеті,
солардың ой санасындағы
жаңашылдық қызықтырады жазушыны.
Шығармадағы тартыс дегеніміз кейіпкердің әр қимылы, әр сөзі арқылы
көзге ұрып тұруға тиіс емес. Жазушы өзінің ойы мен пайымын жеткізу үшін
оқиғаға қатысушыларды төбелестірмеді деу қате. С.Мұратбековтың «Менің
құрдастарым» әңгімесінде мынадай диалог бар: «Нұрлан оқуға кетті-деді
әлден уақытта қапаланған көңілмен.
-
Оқығаны дұрыс қой…»
Бұл жолы да апам менің жауабымды ұнатпады. Көп уақыт үнсіз отырды.
Бір кезде терезе алдынан жүгіре басып қарындасым өтті де, екі иінінен
алқына дем алып үстімізге кірді. Тіптен біз күткендей емес. Балғын жүзінде
қуаныш ойнап тұр. Келген бойда апамды қапсыра құшақтап, бір айналдырып
билеп шықты…
Апам ыңғайланып әлдене айтпақ болып еді, бірақ Әлима ырық бермеді.
-
Апа, апатай, керегі жоқ ештеңе айтпаңызшы…Сіз қалай десеңіз де мен
оған сенемін…
Ауылға қазірге үйленбеген жас жігіт күйеуінен ажырасқан келіншек
Әсилаға іңкәр. (Қысқы кеш).
…-
Әсила мен сені ғана сүйемін ғой.
-
Енді қайт дейсің, сүйе бер…
-
Әсила, менің табысым Жүністен кем болмайды.
-
Әй, Жолбай, осы сөздерді мен сенен естіп тұрмын ба,- деп Әсила кейіс
үнмен оеы тыя тастайтды. –Жоқ, Жолбай олай демеші. Оның пысықтығы
менің жаныма тиетін. Енді түсіндің бе?
Әңгіме жанрының көркемдік дамуына елеулі үлес қосқан Сайын
Мұратбеков-өмір құбылыстарын бейнелей де суреткерлік шеберлігін
танытқан қаламгер. Бүгінгі
ауыл өмірі, қарапайым еңбек адамдарының
тұрмыс-тіршілігі, қуаныш-реніші Сайын әңгімелерінің өзекті арқауы. Автор
қарапайым кейіпкердің басында болатын әр қилы психологиялық сезім
сипаттарын, тебіреністерін аса бір дәлдікпен нәзік суреттеп береді. Оның
«Қылау», «Үскірік», «Күсен-Күсеке», «Отау үй», «Ұлтуған», т.б. әңгімелері
бұл айтқандарымызға толық дәлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: