53
Замандастарымыздың аяулы сезімі-махаббатын, асыл арманын, ішкі
дүниесінің күрделі сырларын терең толғап суреттелген, жұртшылықтың
рухани серігі боларлықтай аса көрнекті шығармалар әзір туа қойған жоқ.
Махаббат тақырыбына, жастардың сезім күйлерін бейнелеуге арналған
Т.Молдағалиевтың «Камила», «Мазасыз махаббат», «Алатау қызы», «Мен
адасқаным жоқ», Ш.Мұхамеджановтың «Қошалақ», «Сөнбес махаббат»
поэмалары ойдағыдай шықпады.
Еркеш Ибрагимов «Өмір өлмейді» поэмасында бір семьяның өмірінде түскен
соғыс ауыртпалығын нақты түрде көрсету арқылы, сол қаһарлы жылдардың
қатаң шындығын бейнелеген. Жаумен ерлік шайқас үстінде
зағип болып
қалған Жарастың, оның әкесі Бекен қарттың, жары Толғанайдың дараланған
бейнелері, әр қилы тағдырлары поэмада сол тұстың өмір шындығына сәйкес
нанымды суреттелген.
Енді бір топ поэмалар халықтың аяулы ұлдары, белгілі тарихи
қайраткерлердің өміріне арналады. Оларда қазақ елінің белгілі ағартушысы
Ы.Алтынсариннің (Ғ.Қайырбековтың «Дала қоңырауы») ұлы композитор
Құрмағазының (Х.Ерғалиевтың «Құрманғазы»), әнші-ақын Біржан
Қожағұлұлының т.б.өмір жолдарына арналған поэмаларды жатқызуға
болады. Тұтастай алғанда, халықтың сүйікті перзенттерінің көркем бейнесін
жасау жолындағы ақындардың творчестволық ізденістері жақсы болды.
Хамит Ерғалиевтың жаңа туындылары «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің
ауылдың қызы», «Сенің өзенің» поэмаларында еңбек адамының жарқын
көріністері жасалған. Ал «Құрманғазы» поэмасы идеялық мазмұн тереңдігі,
көркемдік қуатының молдығы жағынан ақын творчествосының кең құлашын,
зор тынысын танытатын кезеңді туынды. Еңбекші халықтың жалынды
күреске ұмтылған дабылды жырындай естілетін
Құрмағазының дауылды
күйлері де әр оқиғаның тұсында асқақ шабытпен естіліп тұрады.
Құрманғазының тау суындай тасқындаған жігерлі күйлерінің «қысқа күнде
қырық мәрте» шалқитыны, өнерлі елін ерекше құрметтейтін туған елінің
«жүрегі оның жүрегімен жалғас ұрып келе жатқаны рас». Ұлы
өнерпаздардың өткен дәуірдегі өнегелі өмірін бүгінгі шындыққа ұштастыра
жырлау шығарманың көркемдік ажарына мән беріп тұр. «Құрманғазы»
поэмасының тіл образдылығының қызықтырар сәттері көп. Қашан да
тынымсыз, ізденгіш Ерғалиев қазақ поэзиясындағы өзіндік ерекшелігі бар
эпик ақын екендігін осы поэмасында айрықша танытады. Көне сүрлеуге
жоламай, тың образдар, соны ұйқастар, ұтқыр бейнелеу амалдарын, өлең
өрнектерін, сөз кестелерін жасауға зор күш салған. Сонымен «Құрманғазы»
поэмасы өзінің сюжеттік арнасында, тілдік образдық жүйесінде
кейбір
кемшіліктеріне қарамастан ұлттық поэзия тарихында елеулі орны бар
шығарма.
Ғафур Қайырбеков эпикалық поэзияда Ыбырай Алтынсариннің
образын, қайраткердің ағартушы-демократиялық көзқарас, озық ой, зор
еңбегін үлкен талас-тартысымен бейнеленген.
54
«Дала қоңырауында» алдымен Ы.Алтынсариннің азаматтық еңбегін
поэмаға арқау еткен. Поэмада Ы.Алтынсариннің барлық өмірі емес, белгілі
бір тарихи кезеңдер ғана алынған.
Ыбырайдың поэтикалық образын жасау үшін ақын көбіне көп оның үлгі-
өнегелік қадір-қасиетін ашуға зер салған. Ол - бұқара халық үшін жан
қиярлық еңбек етуі, еңбекші бұқараның тағдыры, жарқын болашағы үшін
еңбек сіңіруі
«Дала қоңырауы» поэмасы, ондағы үлкен
ақындық қуатпен жырланған
Ыбырай бейнесі- қазақ поэзиясының соңғы кездердегі аса ірі табысы.
Кейінгі жылдары қазақ поэмаларының ішкі жанрлық түрлері де әр алуан.
Бір топ поэмаларда негізгі сюжеттер, тартыстар мен қайшылықтар,
кейіпкерлердің қарым-қатынасы, көзқарас, идеал-мұраты, өмір жолдары
арқылы көрініп, шығарманың сюжеттік желісіне айналып айналып отырады.
Сонымен бірқатарда кейінгі жылдарда бірнеше сюжетсіз лирикалық-
философиялық поэмалар да пайда болды. Олар Қ.Бекхожиннің «Сұңқар
туралы жыр», Х.Ерғалиевтың «Аңыз ата», Ж.Молдағалиевтың «Мен
қазақпын»,
«Дала
дастарханы»,
Ә.Тәжібаевтың
«Портреттер»,
О.Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді», М.Әлімбаевтың «Менің
Қазақстаным», Т.Есімжановтың «Құлагер» т.б. поэмалары. Бұл
шығармаларда автордың лирикалық ой-толғанысы анық танылады да, белгілі
бір сюжетке құрылмайды. Көбінесе, лирикалық
кейіпкер орталық образдың
міндетін атқарады.
Лирикалық поэмалардың ішінде жалпылама айтумен нақтылыққа
ойысып кететіндері де бар. Поэмадағы ең басты көркем тұлға-ақынның
лирикалық кейіпкері. Поэмадағы барлық әңгіме сол лирикалық кейіпкердің
төңірегінде өрбиді.
Ж.Молдағаливтың «Мен қазақпын» поэмасы қазақ халқының ұзақ
тарихына көркемдік шолу жасап, сол халықтың жинақталған мүсінін
жасайды. Ел тарихындағы кезеңді-кезеңді оқиғаларды айта отырып, қазақ
халқының қанаушыларға, отаршыларға,
басқыншыларға қарсы мың өліп,
мың тіріле» күрескенін суреттейді. Әрі көне дәуірдегі, әрі қазіргі замандағы
туған халқының өмірін жырлай отырып, оның жинақталған образын жасауда
Жұбан Молдағалиев сюжетсіз лирикалық-философиялық поэманың жанрлық
мүмкіншіліктерін творчестволық қуатпен молынан пайдаланған. Қазақтың
эпикалық поэзиясының өрісін кеңейтіп , елеулі көркемдік қосқан.
Тұтастай алғанда бұл жылдары қазақ поэмалары сан жағынан да, сапа
жағынан да недәуір ілгеріледі. Поэмалардың тақырыптық ауқымы кеңіп,
мазмұны байыды. Поэтикалық ірі-ірі туындылардың әлеуметтік өмірмен
байланысы күшейе түсті. Поэма жанрын жетілдіруде, шеберлікті ұштауда
ақындар творчестволық ізденістер жасады.
Сөйтіп, бұл жылдары эпик ақындарымыз поэма жанрын жетілдіріп, оны
байыту жолында үздіксіз ізденуде, тәжірибе молайтуда екенін анық танытты.
Осы жылдардың сәтті-сәтсіз ізденістері қазақ поэмаларының өсу
перспективасы зор екенін көрсетті.
55
Қазіргі қоғам өміріндегі егемендік дәуірінде,
жариялылық бел алған
кезде біз де поэма жанрындағы келеңсіздіктерді, сұрқайлықтарды жасырмай
батыра айтып отырамыз. Өйткені, жанрдың алға басу тұсындағы
кемшіліктерден тезірек арылып, идеялық-көркемдік арсеналын молықтыра
беруіне үздіксіз де айрықша назар аударып отыру-әдеби сынның ешқашан
күн тәртібінен түспейтін бірінші міндеті.
Әрине, даму өрісін, өсу перспективасын жыл сайын туындап, басылып
шығып жатқан сұрқай поэмалар белгілемейді. Қазақ поэмасының бүгінгі
дәрежесін, өркендеу деңгейін, оқушының
эстетикалық талғамын ұштап,
мейірін қандыратын, рухани жағынан байытатын оның көркемдік табыстары
ғана анықтайды. Ал ондай елеулі, қомақты эпикалық туындылар қазіргі қазақ
әдебиетінде бар. Бірақ онша көп деп айта алмаймыз. Өз шығармаларының
идеялық мазмұнын тереңдетіп, көркемдік сапасын әлі де жетілдіре, арттыра
түсуде қазақ ақындарының алдында таудай міндеттер, алынбаған биік асулар
бар.
Достарыңызбен бөлісу: