Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет31/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84
qazrg adebi protsess

Сафуан Шәймерденов «Бала арманы» атты 
әңгімесінде екі-ақ кейіпкер бар. Жәния ана мен Сәния бала. Мысал үшін 
Жания Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі Қапия да, Нағима да емес, Саян «Қос 
шалқардағы» жидек теретін балаларға ұқсамайды. Бұл ана-бүгінгі ана, бала-
бүгінгі бала. Бұлардағы сыр мен сезім де, іс пен әрекет те бұрынғылардан 
бөлек жатыр. Соңғы жылдардағы қазақ әңгімелерінен аңғарылатын бір 
нышан-нақтылық.. Зейнелғаби Иманбаевтың әңгімелерін түгел оқып 
шыққанымызда оның өзі тұрған ауылдың тұрмыс-тіршілігін, кешегі халі мен 
бүгінгі жайын толық біліп шыққандай боласың. 
Соңғы жылдардағы қазақ әңгімелерінен аңғарылатын келесі бір 
жақсылық-бірыңғай жылтырақтықтан, қызғылт бояудан аулақ, өміріміздің 
кейбір көлеңкелі құбылыстары қалам ұшына түйілетіндігі. Кәрім Баялиевтің 
әңгімелерінде арамыздағы әртүрлі адамдардың ісі мен мінезіндегімін-
мүлтіктер әшкерелене көрсетілетіндігі. 
Сонымен қатар қазіргі әдеби процесте қазақ әңгімелерінен көрінетін тағы 
бір жақсы нишан-идеялық-көркемдік қасиетінің жоғарылығы.
Нығмет Ғабдуллиннің «Гүл» деген әңгімесінде көз тоқтатып, көңіл 
аударып көрелік. Әңгімеде тракторшы Шәріп пен кітапханашы Сараның 
арасындағы таза махаббаттың тұңғыш тұтануы суреттеледі. Махаббат, сөз 
жоқ, аса әдемі сезім. Герой ойларының сезім иірімдері іс-әрекеттері мен 
өрлей өрістеген. Сонымен қатар «Гүлде» өзіміз кешелі бүгін оқып жүрген 
көп әңгімелерде кездесе бермейтін екі түрлі ерекшелік бар. Бірінші 
ерекшелік-байыпты интеллект, екінші ерекшелік-нәзік лиризм. Авторлық 
баяндаудан да, суреттеуден де осы екі қасиет аңғарылады. Бір мысал 
қызғаныш деген не? Әңгімеде, міне осы сұраққа жауап бар. Қызғаныштың 


57 
қайдан туатынын Сар мен Шәріп өзара байыптау арқасында шын сүгендіктен 
туатын шығар деп ойлап «Жоқ, қызғаныш сенбеулен туады. Адал махаббат 
иелері біріне-бірі шын сенеді, бірін-бірі құрметтейді, сыйлайды. Мұндай 
асыл достар арасында ешқандай қызғаныш болу қисыны жоқ.»-деп түйеді 
Шәріп. 
Соңғы жылдардағы әңгімелер Тахауи Ахтановты жақсы бір қырынан 
танытты. Жазушы әңгімелерінен танылатын жақсы бір қасиет-жазушының 
мәдениеті. Бүгінгі жазушы- халық ақылшысы-биік мәдениетті кісі болуы 
шарт. Сонда ғана ол қазіргі білімдар қауымға ғана енгізе алады. Тахауи 
әңгімелерінің тақырыбы мен идеясын, оны өрбітудегі өнері мен өрісінен 
интеллект- парасат мәдениеті аңғарылатынын көреміз. 
Т.Ахтанов әңгімелерінен аңғарылатын тағы бір сипат- нәрлі, нәзік 
психологизм. Ол адам бейнесін жасауда бірден адамның ішкі психологиялық 
иіріміне сүңгіп, характерді сол ішкі сыр мен сезім тұрғысынан келіп ашады, 
көркем тұлға жасау, мүсіндеу биігіне геройдың жан диалектикасының 
бойымен өрлемек болады. Жазушының «Алғашқы ән» атты әңгімесінде 
мынадай бір пейзаж бар. «Ертеңгі күннің қиғаш сәулесі өзеннің арғы 
бетіндегі бозды адырды қызғылт-сарғыш ұғыласына малып, балғын жұмсақ 
реңк беріп тұр…» Жанды табиғат пен жансыз табиғат бұл тұста да әсем 
астатқан. 
Шағын проза туралы сөз еткенілгенде Тәкен Әлімқұловтың есімі 
аталмай қалмайды. Жазушы әңгімелері түгелдей дерлік жол үстіндегі 
қақпақыл әзілмен, негізгі кейіпкердің шабыт үстіндегі ойлану сәтімен 
басталады да келесі жайлармен заңды жалғасып отырады. Мәселен кімде-кім 
Махамбет өліміне енжар қарамайтыны рас. «Қараой» әңгімесінде сол заман 
шындығын көз алдымызға әкеледі. Әрине, Махамбет өлімі тарихтан да 
жақсы мәлім. Жазушы ұлы адам бейнесін бар шындығымен бейнелейді. 
Әдетте, ақын аңғырт, албырт аңқау келеді.Сол сияқты жаумен жағаласқан 
батыр көбінесе қапылыста қаза табады. Ел қадірлейтін адамдардың бұл екі 
түрінің өзара ұқсастығы –ақкөңілділігі, бала мінезділігі. 
Т.Әлімқұлов әңгімелерінде салыстыру, теңеудің, метафораның сан алуан 
түрлері бар. Суреткер сөз арасында өз оқушысы тарихи адамдардың жақсы 
қасиеттерінен хабардар етіп отырады. 
Әңгіме жанрында өзіндік өрнегі бар жазушының бірі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет