Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет43/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   84
qazrg adebi protsess

 
Сұрақтар мен тапсырмалар


84 
1.Бүгiнгi күндегi қазақ прозасының тақырыбы мен идеясы.
2.Бүгiнгi күнде жарияланып жатқан қандай прозалық туындыларды 
бiлесiң? 
3.Т.Тiлеуханов прозасының өзiндiк ерекшелiгi. 
4.Ж.Ахмадидiң «Есенгелдi би» туындысының тақырыбы мен идеясы. 
5.Е.Тұрысов прозасындағы көтерiлген мәселелер. 
6.Х.Есенқараеваның «Күн шығады қызарып» атты туындысының 
көтерген мәселесi. 
7.Ж.Солтиеваның «Көз iлмейдi көңiлiм» атты туындысының тақырыбы 
мен идеясы қандай? 
8.Соңғы уақытта жарияланып жатқан қандай романдарды бiлесiң? 
9. Бүгiнгi күндегi әңгiме жанрының тақырыбы мен идеясы. 
10. Қазiргi кездегi повестердiң өзiндiк ерекшелiгi неде? 
11. Бүгiнгi таңдағы романдардың өзiндiк ерекшелiгi.
12. Тұрсын Жұртбайдың «Болашақтың бәйтерегi» романының тақырыбы 
мен идеясы. 
Жаңа басқыштағы қазақ драматургиясы 
Жоспар: 
1.Бүгінгі қазақ драмасы 
2.Драманың жанрлық жағынан толысуы 
3.Қазіргі қазақ драматургиясындағы жаңа қойылымдар 
4.
 Бүгiнгi күндегі қазақ даматургтері 
Тірек сөздер:
Бүгiнгi әдебиетiмiзде драматургияның алар орны ерекше. 
Дулат Исабековтiң сөзiмен айтсақ: «Әдебиеттiң басқа салаларына қарағанда 
ұрысты көп еститiн де, таяқты көп жейтiн де – драматургия жанры». 
 
Ана тiлiмiздiң ауған жүгi толық түзелмей, ұлттық санамыз отарлау 
саясаты кезiнде жұққан дерттен әлi де айыға алмай тұрған қазiргi кезеңде 
халықтың намысын оятып, жiгерiн қайрайтын тәуелсiз елiмiздiң iргетасын 
бiржола бекемдеу үшiн бүкiл жұртшылықты ортақ мақсатқа жұмылдыратын 
драмалық шығармалар қажет. Осы талап тұрғысынан келгенде қазақ 
драматургиясының қазiргi жағдайы қандай?
«Пьеса – драма, комедия - әдебиеттiң ең қиын формасы» - дейдi 
Горький. Қиын болатын себебi бар. Проза мен лирикада автор кейiпкерлердiң 
әрекеттерiн, олардың жан-дүниесiндегi құбылыстарды, жүректегi сезiмдерiн 
өз тарапынан еркiн түсiндiрiп отыра алады. Ал, драматургияда авторға 
мұндай мүмкiншiлiктер жоқ және кейiпкерлердiң iс-әрекетiне де, 
шығарманың көлемiне де қатаң шек қойылады. Пьесада бүкiл iс-әрекет, бар 
оқиға бiздiң көз алдымызда дәл қазiр өтiп жатқандай боп көрiнуге керек. Сол 
оқиғалар сипатынан кейiпкерлердiң өткен өмiрiн де, келешегiн де бiлемiз. 
Автор пьесада драматургияның қатаң талабына оқиғаны бағындырады, бiрақ, 
бас кейiпкердiң iс-әрекетiнiң даму заңдылығын берiк ұстауға тиiс. Өйткенi, 


85 
Лессинг айтқандай, «характерлердi бейнелеуде сәл қате жiберiлсе, оның 
төлеуiн, ереже қанша қатал сақталса да өтей алмайды». Сонымен бiрге ұлы 
сыншы Белинский iс-әрекет бiрлiгi - драманың ең басты шарттарының бiрi 
екендiгiн көрсете келiп, «драмада бәрi де бiр мақсатқа, бiр ниетке 
бағытталуға керек
2
« - 
деп жазған едi. Мiне, драматургияның осындай қатаң 
шарты драматургтен зор шеберлiктi талап етедi.
Драмалық шығарма адам жанының терең сырларын ашуға тиiс. Әрине, 
роман мен повесте де, сондай-ақ әңгiмеде де адам тағдырлары суреттеледi, 
бiрақ, прозалық шығармаларда бас кейiпкердiң ой-сезiмiн, арман-мақсатын, 
ниет-пиғылын көрсету үшiн автор оның жан-дүниесiнiң құбылысын
толқынын өз атынан да баяндап, сипаттап отырады. Ал, драмалық 
шығарманың кейiпкерi бҮкiл iшкi сырын өзiнiң iс-әрекетiмен өзi бейнелейдi, 
әр әрекет үстiнде оның жан дүниесiнде нендей өзгерiс болғанын автор өз 
тарапынан баяндап суреттей алмайды, драмалық бас кейiпкер өзi қалаған 
белгiлi жағдайда әрекет етедi. Драмалық шығармада «адам оқиғаны, өз 
қалауынша, бiрде олай, бiрде былай етiп, бiрде олай, бiрде былай аяқтап, 
оқиғаға үстемдiк жүргiзедi», - дейдi Белинский.
Драма кейiпкерi, Белинский сөзiмен айтсақ, - өзiне ғана тән ерекшелiк 
сипаты бар жеке адам. ёлы сыншы бұл пiкiрдi iрi характерге байланысты 
айтады. Адам өмiрiнiң кез кедген жағдайы драмалық шығармаға өзек бола 
алмайды. Бұл жөнiнде ұлы Дидроның - драмада адам өмiрiндегi ең маңызды, 
өнегелi, дүйiм жұртқа қызықты жағдай ғана бейнеленуi керек деген сөзi 
бүгiнде де зор мәнге ие.
Бүгiнгi күнде драматургияның осындай шарттарына сай түрде жазылған 
мынадай туындыларды атауға болады: Дулат Исабековтың «Актриса», 
«Тор», Иран Ғайыптың «Мен келемiн», Бек Тоғысбаевтың «Жан сая», Әкiм 
Таразидiң «Ақын, перiште, махаббат»,Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Ескi 
үймен қоштасу», Өмiрбек Боранбаевтың «Әңгүдiк» пьесаларын атауға 
болады. Бұлардан тыс драматургия саласында 2004 жылы жарық көрген 
«Тарту» атты екi томдық пъесалар жинағын драматургияны дамыту, 
драматургияда ынталандыру жолындағы жақсы қадам деп есептеймiз.
Қазiргi қазақ драматургиясы десек, ең алдымен ауызға алатынымыз да, 
сонан соң бiрiнсiз-бiрiнiң таңы атып, күнi батпайтынын өзара сабақтас 
салалардағы әралуан профессионалдық ортақ дiлгiрлiктер мен көкейкестi 
мiндеттердiң мейлiнше ұтымды жолдары, байсалды шешiмдерi жөнiнде 
қажеттi төрелiкке әрқашан төбе би ретiнде жүгiнетiнiмiз де дарабоз 
драматургтiң - Қалтай Мұхаметжанның бiр өзi екендiгi исi қазаққа, әсiресе, 
әдебиет пен театр қауымына кеңiнен белгiлi талассыз ақиқат.
Бұл арада әрине, оның алдындағы Мұхтар Әуезов пен Ғабит МҮсiрепов 
сияқты ұлы алыптардың, сондай-ақ iлгерi қанаттас туыстастарының iшiнде 
Т.Ахтанов, тәрiздi хас монолит суреткердiң, ал өкшелес шыққан тетелес 
драматургтердiң ортасында Шерхан Мұртаза, Сәкен Жүнiсов, Әкiм Тарази, 
Қалихан Ысқақов, Асқар Сүлейменов, Оралхан Бөкеев, Дулат Исабеков, 
2
«Белинский о драме и театре». Искусство. 1948 стр 89. 


86 
Төлен Әбдiков сияқты тегеурiндi қаламгерлердiң; кенже буын iнiлерiнiң 
iшiнде Нұрлан Оразалин, Баққожа Мұқай, Әдiлбек Тауасаров, Сұлтанәлi 
Балғабай, Иран-Ғайып сияқты сарбаз драматургтердiң бар екендiгiн 
ескермегендiктен не ұмытқандықтан емес. Иә болмаса, солардың тиесiлi 
сыбаға-үлесiн жоққа шығарғандықтан емес. Сонда бiз неге сүйенiп, неге 
табан тiреп, үзiлдi-кесiлдi айтып отырмыз деген заңды сауалдар да туады.
Бұл арада бiз, сөз жоқ, саналы түрде қазiргi қазақ драматургиясы мен 
театрының 1958-1998 жылдар межесiндегi елеулi де жарқын табыстарының 
басым денi Қалтай Мұхаметжанов шығармашылығымен тығыз әрi тiкелей 
байланысты екендiгiне мейлiнше көз жеткiзгендiктен ғана жоғарыдағыдай 
берiк байламға, нақты пiкiрге келiп отырмыз. Өйткенi, бiрiншiден, қазiргi 
уақытта биiгiнен қарағанда Қалтай Мұхаметжанның сахналық шығармалары 

ұлттық драматургиямыздағы озық дәстүрлер жалғастығының шынайы 
айнасы бола бiлген туындылар едi. Осы арада оның Мұхтар Әуезов, Бейiмбет 
Майлин, Ғабит Мүсiрепов қаламынан шыққан драмалық дүниелердiң тума 
бастауына тәлiм алғаны күмәнсiз. Оның үстiне екiншiден, кәусәр көркемдiкке 
iңкәр, тұрлаулы өнер иесiне-титан талантқа көтерiлген автордың орыс және 
әлемдiк драматургияның көп үндi, көп қырлы, көп мазмұнды салқар 
айдынынан мейлiнше мол қаныққанын, сөйте тұра, өзiнiң суреткерлiк iшкi 
болмысын сақтағанын, яғни шеберлiк ұстарту мектебiнен мүдiрiссiз 
өткендiгiн ескерсек, бұлай демеске дәтiң жетпейдi, шараң да қалмайды. Шын 
сүйсiну шектен аспаса, соның өзi де бiр ғанибет деп және сабыр сақтайтының 
бар… 
Сондықтан шығар, аса көрнектi драматург Қалтай Мұхаметжанның 
барша комедиялары да, барша драмалары да – қазақ драматургиясына тән 
жанр эволюцтясын белгiлi бiр мөлшерде әр қырынан, әр деңгейiнен 
көрсететiн, тлықтыратын, айқындайтын әралуан көркемдiк жетiстiктердiң бiр 
шоғыр квитэссенциясы болып табылады. 
Мiне, осыдан туатын әрi өрiстейтiн болу керек, қазiргi қазақ 
драматургиясы мен театрының 1958-1998 жылдардағы бүкiл гаммасын, 
параметрiн қамтып, жинақтап, iрiлендiрiп не көрсеткiмiз келген сәтте бәрiмiз, 
сөз жоқ, айналып келiп Қалтай Мұхаметжанның бiрегей көркем 
шығармашылыгына ат басын тiрейтiнiмiз анық. 1958 жылдан бастап 
«Бөлтiрiк бөрi астында» атты комедиясы мен 1988 жылы қойылған «Бiз 
перiште емеспiз» атты философиялық-әлеуметтiк драмасына дейiнгi 
туындыларда жалданып-жоталанып, шоғырланып-үйiрлесiп көрiнген кемел 
драматург талантының жалқы болмысы ғана дегенiмiз абзал!.. 
Әлем әдебиетiнiң алтын қорынан оырн алатын арабтың «Мың бiр түн» 
атты сегiз томдығын түгелдей аударып шығуы суреткерлiк ерлiктiң шынайы 
бiр көрiнiсi.
Қалтай Мұхаметжан әр жылдары әдебиет пен өнердегi қоғамдық-
әлеуметтiк әралуан саладағыөзгерiстерге үнемi-ұдайы қаламгерлiк 
көзқарастары мен азаматтық поэзияларын айқын танытумен келедi. Әсiресе, 
жариялылық пен тәуесiздiк жылдары кезеңiнде мерзiмдi баспа сөз 
беттерiндегi, бұқаралық ақпарат құралдарындағы публицистикалық-


87 
проблемалық өткiр ой-толғаныстары, сұхбаттары, қоғамның, ортаның, 
адамдардың зәру де дiлгiр мәселелерiне деген суреткерлiк ат салысу 
белсендiлiгiмен айрықша зор рөл атқарғаны даусыз. Бұған дiн мен қоғам, ар 
мен иман, азаматтық жауапкершiлiк пен бейбiтшiлiк мәселелерi төңiрегiндегi 
өткен халықаралық ислам конгрестерiнде, симпозиумдарында жасаған 
баяндамалары мен сөйлеген сөздерiн қоссаңыз белгiлi қоғам қайраткерiнiң 
көшелi тұлғасы көз алдыңызға қаз-қалпында әдемi келе қалады.
Ал, аса көрнектi драматург Қалтай Мұхаметжанның өзiне-өзi сын көзбен 
қатал қарайтынына шығармашылық столының тарпасында жатқан, әлденеше 
нұсқалары бар «Шыңғыс хан» атты тарихи-философиялық драманы айтар 
едiк. Асылы, оның қаламынан туған комедиялар мен драмалардың қай-
қайсысы болмасын нағыз профессионал драматургтiң сымбат-кескiнiн 
бұлтартпай көрсететiн жұп-жұмыр, келiстi дүниелер екендiгi ешқандай дау 
мен күдiк тудырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет