64
Қора-қопсысы сайланбаған, жағдайы мәз емес шопан үйіне тосыннан
келген облыстық газет редакторының алдында
жергілікті басшылар қатты
қысылады. Бұдан олардың малшы жағдайына қырсыздығы көрініп қалады.
Бірақ бұл әрекеттерін бүркелемек болып, олар кінәнің бір ұшын шопан
Көбентайдың өзіне әкеп тірейді. Әңгіменің алғашқы беттеріндегі осы бір
көріністерден кімнің кім екені шаң беріп қалады.
Шопан жағдайымен
бажайлап танысқан Бәкір «бұл қалай» демесе де, «сезікті секірер»
дегендейін, шаруашылық басшылары өздерін өздері әшкерелейді. Колхоз
председателінің маңғаз көлгірлігі, ферма меңгерушісінің
таяз да жалтақ
жарамсақтығы байқалып қалады. Осылайша характерлер қақтығысы
басталып келе жатқан әңгіменің негізгі арқауы шегініс арқылы Тасмағамбет
тағдыры суреттелетін тұста тарқатылып, тіпті, үзіліп қалғандай әсер етеді.
Бұл шегініс тым ұзақтау ма деп ойлаймыз.
Шегініс Бәкірдің өмір жолын
танытуда, оның бала кезін еске түсіріп, өскен жерін көріп толқуын,
тебіренуін көрсетуде белгілі дәрежеде жүк арқалап тұрғанымен, әйтеуір,
әңгіменің негізгі идеясына қабыспайтын сияқты болады да тұрады.
Сондай-ақ, автор шегіністе сырттай баяндауларға
көбірек жол беріп
алған секілді. Жоғарыда біздің тым ұзақтау, шұбалаңқылау көрінеді дегеніміз
осыдан болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: