Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет61/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84
qazrg adebi protsess

Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн 
Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн 
Жоқ-барды, ертегiнi термек үшiн. 
Көкiрегi сезiмдi, тiлi орамды, 
Жаздым үлгi жастарға бермек үшiн. 
Бұл сөздi тасыр ұқпас, талапты ұғар, 
Көңiлiнiң көзi ашық, сергек үшiн. 
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей
Сыртын танып iс бiтпес, сырын көрмей. 


130 
Шу дегенде құлағың тосаңсиды, 
Өскен соң мұндай сөздi бұрын көрмей. 
Таң қаламын, алдыңғы айтқанды ұқпай
Және айта бер дейдi жұрт тыным бермей. 
Сөз айттым “Әзiрет Әлi”, “айдаhарсыз”, 
Мұнда жоқ “алтын иек, сары-ала қыз”. 
Кәрiлiктi жамандап, өлiм тiлеп, 
Болсын деген жерiм жоқ жiгiт арсыз. 
Әсiре қызыл емес деп жиренбеңiз, 
Түбi терең сөз артық, бiр байқарсыз. 
Батырдан барымташы туар даңғой, 
Қызыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. 
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, 
Елiрмелi маскүнем байқалған ғой. 
Бес-алты мисыз бәңгi күлсе мәз боп, 
қинамай қызыл тiлдi кел, тiлдi ал, қой! 
Өлеңi бар өнерлi iнiм, сiзге 
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бiзге. 
Өзге түгiл өзiңе пайдасы жоқ, 
Есiл өнер қор болып кетер түзге. 
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керiм-кербез, 
Қанша қызық болады өзiңiзге? 
Қ ы с 
Ақ киiмдi, денелi, ақ сақалды, 
Соқыр, мылқау, танымас тiрi жанды. 
Үстi-басы ақ қырау, түсi суық, 
Басқан жерi сықырлап, келiп қалды. 
Дем алысы – үскiрiк, аяз бен қар, 
Кәрi құдаң – қыс келiп, әлек салды. 
Ұшпадай бөркiн киген оқшырайтып, 
Аязбенен қызарып ажарланды. 
Бұлттай қасы жауып екi көзiн, 
Басын сiлкiсе, қар жауып, мазаңды алды. 
Борандай бұрқ-сарқ етiп долданғанда, 
Алты қанат ақ орда үй шайқалды. 
Әуес көрiп жүгiрген жас балалар, 
Бет-қолы домбығып, үсiк шалды. 
Шидем мен тон қабаттап киген малшы 
Бет қарауға шыдамай терiс айналды. 
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы 
Титығы құруына аз-ақ қалды. 


131 
Қыспен бiрге тұмсығын салды қасқыр. 
Малшыларым, қор қылма итке малды. 
Соныға малды жайып, күзетiңдер, 
Ұйқы өлтiрмес, қайрат қыл, бұз қамалды! 
Ит жегенше қондыбай, қанай жесiн
Құр жiбер мына антұрған кәрi шалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет