146
сатып, мал еттi. Жаңа мекен еткен жерiне орныққан соң, Сейiтқұл егiндi
жылдан-жылға күшейтiп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап,
астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егедi) артығын төңiректегi елге малға
айырбас етумен, бұлардың малдары көбейiп, бай болды. Мұны көрiп әрбiр
көшпелi елдегi жарлы-жақыбайлар да келiп, Сейiтқұлға қосылып келiп, бес-
алты жылда Сейiтқұл елi деген төрт жүз үйге таянды дейдi.
Қош, Сейiтқұлдың өзi де, жиылған
халқы да малдары көейiп, бай
болды, ел жиылып Сейiтқұл ағасы болды, ендi сол жұртының адал бейнет,
табан ет, маңдай терiмен тапқан дәулетiн аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы
бөрiден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшiн,
Сейiтқұл жұртын жиып кеңесiп, судың бiр қолайлы жерiне шымнан биiк
қорған
салдырды, малдарына ретпен бақташы, қару-жарақты қарауыл
шыңдауыл жүргiздi. Бұлардың былайша бiр ауызға қарай бекiнген халық
екенiн байқаған соң малға қызыққан сырттағы көшпелi халықтар батып келе
алмады. Бұл жағынан көңiлi тыныш болған соң, Сейiтқұл ендi Бұхара,
қоқанға
мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әр түрлi тауар алдырып,
жылда егiн пiскен уақытта манағы қорғанда жәрмеңке реуiштi базар болды.
Көшпелi халық белгiлi уақытта малын, жүн-жабағысын, терi-терсегiн
келтiрiп, егiншiлер оларға астығын, тауарын айырбас етiп, осы қалыпша бiр
жағы егiн, бiр жағы саудамен Сейiтқұлдың жұрты жұрттан асқан бай
болыпты. Манағы Сейiтқұлдың ағасы жұрттың малын ұрлап бай боламын
деп жүргенде, қоңырат жағында қолға түсiп,
кiм екенi де белгiсiз, бiреу
өлтiрiп кетiптi; қалған мал-жанын ұрының малы деп Түркiстан әкiмдерi талап
алып, жамағаттарын Сейiтқұл көп жылдар iздетiп, таптырып, қасына алыпты-
мыс.
Сейiтқұл, құрметтi Тiлеу Сейдалин сұлтанның айтуы бойынша, 1830
жылдарда өтiптi-мiс. Сол данышпан кiсiнiң ақылымен егiндi әдет еткен
халық қабырға суының бойында әлi көп. Жарлы болып, бөтен кәсiбi жоқ
кiсiлер Торғай жағында
дереу егiнмен айналысады, ерiнбей азаптанса,
бiрнеше жылда түзелiп, халық қатарына қосылады.
Ыбырай Алтынсарин
Достарыңызбен бөлісу: