Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет66/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84
qazrg adebi protsess

Өзiм туралы 
Өзге емес, өзiм айтам өз жайымда, 
Жүрегiм, жалын атқан сөз дайында. 
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйдi 
Тербетiп, тулатып бiр қозғайын да... 
Аманжол – Рақымжанның қасымымын, 
Мен қалған бiр атаның ғасырымын. 
Бiреуге жұртта қалған жасығымын, 
Бiреуге аспандағы асылымын. 
Шарлаған жолым жатыр жер бетiнде, 
Көрiнер көлеңкесi келбетiмде. 
Қай жерде үзiледi қайран сапар, 
Түйiн боп өмiрiмнiң бiр шетiнде. 
Сол жерге қалармын ба мәңгi тоқтап, 
Жоғалып жер бетiнен сүрлеу – соқпақ, 
Немесе бастармын ба екiншi бiр, 
Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап. 
Дүние, жалт-жұлт еткен мекенiм
Көре алмай көп жерiңдi мен кетемiн. 
Арпалыс ала құйын заман алар, 
Арбасып тұрып алды, мен не етемiн. 
Өмiр жоқ түскен жерде бiр арнаға, 
Көп күттiм, көп тiледiм құмарлана. 
Қайтейiн, жетер емес қысқа өмiрiм, 
Алыстан көрiнгенмен мұнарлана. 
Сен неткен бақытты едiң келер ұрпақ, 
Қараймын елесiңе мен таңырқап. 
Жанғыртып жер сарайын сен келгенде, 
Көрпеңдi мен жатармын қырда қымтап. 
Жүзiнде кәрi жердiң әжiмi көп, 
Iзiмдi табарсыңдар әзер iздеп, 
Оқырсың сонда мүмкiн бұл жырымды, 
«Досың да, туысың да бiздермiз»,- деп. 
Ризамын туғаныма адам болып, 
Өкiнбен қаламын деп бiр күн солып. 
Адамзат Сапарының мейманымыз, 
Бiр мезет жер бетiне кетер соғып. 


142 
Екi көз – екi жұлдыз маңдайдағы, 
Көрушi ең құбылысты қай-қайдағы. 
Япырмай, сен де бiр күн сөнермiсiң 
Қап-қара түнек болып маңайдағы.
Өкiнбен мен де бiр күн өлемiн деп, 
Өкiнем ұқсата алмай келемiн деп. 
Күнiне жүз ойланып, мың толғанам, 
Өзiммен бiрге өлмесiн өлеңiм деп... 

Қасым Аманжолов 
Отан туралы 
Мен оның түнiн сүйем, күнiн сүйем, 
Ағынды өзен, асқар тау, гүлiн сүйем, 
Мен оның қасиеттi төлiн сүйем, 
Мен оның құдiреттi үнiн сүйем. 
Бар жәндiгiн сүйемiн қыбырлаған, 
Бәрi маған Отан ! деп сыбырлаған 
Жаным менiң,
Кеудемдi жарып шықты, 
Бозторғайы бол оның шырылдаған! 
Отан! 
Отан! 
Бәрiнен биiк екен. 
Мен оны мәңгiлiкке сүйiп өтем. 

Мұқағали Мақатаев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет