Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет67/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84
qazrg adebi protsess

Туған жер 
Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым, 
Алабыңнан арманыма нәр алдым. 
Тұнығыңнан жүзiп iштiм сендегi 
Алтын арай таңғы жүпар самалдың. 
Сәл үмытсам, қарға менi, кешiрме, 
Қайда жүрсем өзiң тұрдың есiмде. 
Өзiң тұрдың қарды окоптан сығалап, 
Сонау қатаң қаҺарлы жыл кешiнде. 
Мен қатерге қарсы бардым сен үшiн, 
Көкiрегiмнен қан төгiлдi жер үшiн. 
Саған жетер қасиет бар ма жиһанда, 
Сен ұлысың, адам сенiң жемiсiң. 
Сенен артық қасиет жоқ-ты, жер, тегi, 
Сен ұрпақтың күлiп атар ертеңi. 


143 
Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер, 
Көркейтуге мiндеттiмiн мен сенi.

Әбу Сәрсенбаев 
Домбыра 
Екi шектiң бiрiн қатты, бiрiн сәл-сәл кем бұра. 
Қазақ – нағыз қазақ емес, 
Нағыз қазақ – Домбыра! 
Бiлгiң келсе бiздiң жайды, содан сұра тек қана: 
Одан асқан жоқ шежiре, одан асқан жоқ дана. 
Ақиқатты айтқандардың бәрi осылай сорласын 
Деп бiр хаhан шанағына құйған оның қорғасын. 
Жалған сөйлеп көрген емес бiрақ соның өзiнде: 
Аппақ жалын күйдiң жанын жалап жатқан кезiнде. 
Бiр шегiнде биiктiк бар, бiр шегiнде тереңдiк, 
Ол мақауды сөйлетедi, жылатады кереңдi. 
Көкiрекке толған кезде бар қуаныш, бар бақыт, 
Сандуғаш боп, бұлбұл болып сайрайды ол әр уақыт. 
Көкiрекке толған кезде бар қасiрет, бар қайғы, 
Бозiнген боп боздайды ол, бозiнген боп сарнайды. 
Бiлгiң келсе бiздiң жайды, содан сұра тек қана: 
Одан асқан жоқ шежiре, одан асқан жоқ дана. 
Екi шектiң бiрiн қатты, бiрiн сәл-сәл кем бұра. 
Қазақ – нағыз қазақ емес, 
Нағыз қазақ – Домбыра! 
........................................... 
Бабамыздың басқан табанымен 
Бiрдей екен жақсысы жаманымен: 
Бiр жаманы – тынымсыз көше берген, 
Бiр жақсысы – қимаған даланы кең. 
Бiр жаманы – жел сөзге ерген екен, 
Бiр жақсысы – тiлге ерiк берген екен. 
Бiр жаманы – кетпенге орашалақ, 
Бiр жақсысы – найзагер, мерген екен. 
Бiр жаманы – кешiгiп әлiппе ашқан, 


144 
Бiр жақсысы – күйлерi көбiк шашқан. 
Бiр жаманы – қыздарын малға сатып, 
Бiр жақсысы – сүйгенiн алып қашқан. 
Бiр жаманы – шаруасын маңдытпаған, 
Бiр жақсысы – қулықпен жанды ұтпаған. 
Бiр жаманы – үйленiп жеңгесiне, 
Бiр жақсысы – жесiрiн қаңғытпаған. 
Тату-тәттi көршiлер шыр бұзбаған, 
Бiрге тоңып суықта, бiр мұздаған. 
Бiр жаманы – сонда да үй салмаған. 
Бiр жақсысы – абақты тұрғызбаған!.. 

Қадыр Мырзалиев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет