Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет80/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
qazrg adebi protsess

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Батырлар жыры қалай оқылады? 
2. Батырлар жырын оқығанда дикцияға, интонацияға, кiдiрiске көңiл 
бөлiңдер. 
3. 
Батырлардың күш-қайратын, ерлiгiн суреттейтiн тұстарына назар 
аударыңдар. 
4. Батырлар жырынан үзiндi жаттау және оны мәнерлеп оқу.
 


167 
ЛИРО-ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДЫ ОҚУ
 
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры 
Кемел ақын келтiрер сөздiң түрiн, 
Оған да заман өткен бiр ықылым. 
Кешегi ол қатар заманында, 
Өтiптi екi байың бiзден бұрын. 
Солар да бiзден бұрын өткен жандар, 
Сап қасқа, өкшең манап сөздi аңдаңдар. 
Қалыпсыз Қарабайдай бай өтiптi, 
Тоқсан мың, тәңiр алса да, жылқысы бар… 
- …
Қарабай – Сарыбаймен мерген екен, 
Күн жетiп Сарыбай өлген екен. 
Бұл ауғалы он үш жыл болып қапты
Қыз Баян да он төртке келген екен. 
Тал шыбықтай бұралған өзi көрiм, 
Мiнеки оны айтатын келдi жерiм. 
қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян
Сипаты жаннан асқан ол бiр серiм!
Тал бойының мiнi жоқ, қолаң шашты
Шашының ұзындығы тiзiн басты. 
Гүл төгiлер аузынан меруерт тiстi
Ондай жан дүниеде жаралмас-ты. 
Аппақ көрiк маңдайы, қылығы наз. 
Малың түгiл басыңды берсең-дағы аз. 
Сыртынан күлiмсiреп сөйлесе де, 
Көңiлi қош болмайды, баймен арза. 
Жұрт айтатын темiрлi күймесi бар, 
Қозы Көрпеш дегенде дүниесi тар. 
Анда-санда болмаса сөйлеспейдi, 
Жалғыз жатып қозы үшiн қылады зар. 
Қас асыл бойы жеттi, алтын кiрпiк, 
Шақырып қодар келсе үйтiп-бүйтiп. 
Қара көзiн қан басып қарағанда, 
Маңына жоламайды қодар үркiп. 

Қайғылы менiң көңлiм тола ма екен, 
Алланың сызығы екi бола ма екен?.. 
Маңайға тантық құлды жолатқызбай, 


168 
Қорқытып қойған оны құдай екен. 
Баянды сұлу қылса, тәңiрiм қылған
Атағымен, даңқымен дүние толған, 
Тоқсан байдың баласы тоқсан серi, 
Сыртынан көзi көрмей ғашық болған. 
Жамағат осы сөзден күдер үзбе, 
Сипаты Баян қыздың жаннан өзге. 
Баянға ғашық болып тоқсан бағылан
Бәрi де iздеп шықты жапан түзге. 
Бәрi де ғашықтықпен жиhан кезген, 
Баршасы ғашық болып елден безген. 
Тоқсан жолдың аяғы бiр жол болып, 
Бiр жолда тоқсан серi кездей келген…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет