Кафедрасы


№3 сабақ  Тақырыбы: Вирустық аурулардың арнамалы алдын алу



Pdf көрінісі
бет10/37
Дата14.12.2022
өлшемі0.93 Mb.
#467275
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
ТӘЖІРИБ.САБАҚ.ВМ.КаззБаз. (1)

№3 сабақ 
Тақырыбы: Вирустық аурулардың арнамалы алдын алу 
 
Мақсаты: жануарлардың вирустық ауруларының алдын алу 
шаралары мен танысу. 
Кілтті сөздер: вакцина, қоздырушы, арнамалы, алдын алу
аттенуация, инактивтелген вакцина, реверсия. 
Сұрақтар: 1. Арнамалы алдын алу деген не? 
2. Тірі вакциналардың тиімділігі мен кемшілігі 
3. Инактивтелген вакциналардың артықшылығы
мен кемшілігі 
4. Реверсия деген не? 
5. Суббөлікті вакциналардың ерекшіліктері. 
6.Гипериммунды қан сарысуы деп неге аталған? 
7. Енжар иммундеудің негізі. 
8. Аралас вакциналар неден тұрады. 
Індеттен сақтандырудың негізгі жолы – арнамалы дауалау 
вакцинамен немесе иммунды қан сарысуымен егу. 
Егудің арқасында организмнің арнамалы қорғаныс факторлары 
мен механизмдері іске қосылады. Кейбір кезде ауруға қарсы 
қолданған шаралардың салдарынан қоздырушы мен ауруға 
шалдықан организм арасында популяциялық-экологиялық өзара 
байланыстар өзгереді. Аурудың өршуіне сәйкес, вирустардың әр 
түрлі қасиеттері де өзгеріске түседі. Қоздырушының бір малдан 
екінші малға жұғуы да өзгереді. Осындай жағдайларда 
вирустардың орталыққа байланысты күшейген түрлері пайда 
болып, олардың иммунитетке қарсы тұрарлық қасиеттері бар 
түрлері дүниеге келеді. Вирустардың уыттылығының төменденген 
түрлері де пайда болды. Осылайша, вирустардың өзгеруіне сәйкес 
аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Вирустар мен күресу де 
күрделі бола түспек. 


18 
Сондықтан вирус қоздыратын аурулардан сақтандыру үшін ең 
алдымен індеттік процесті, вирустардың індетаралық кездерінде 
сақталатынын білу қажет. Вирустар тек клетка ішінде ғана өмір 
сүретін болғандықтан індетаралық кездерінде (аурудың азайған 
немесе жойылған кезінде) өз түрлерін сақтау үшін тірі клетка 
ішінде болуы шарт. Демек вирус организмге енуі қажет. Вирустар 
мал организмде ұзақ уақыт сақталынады. Кейбір жіті түрде өтетін 
аурулардың, мысалы: аусыл, Ауески ауруы, құтырық т.б. аурулар 
созылмалы, жасырын түрге ауысуып осы вирустардың өзгеруіне 
және олардың індет аралық кездерінде ортаға ынғайланып 
сақталуын көрсетеді және керсінше, вирустардың уыттылық 
түрінің пайда болуы мал организмінің иммунитетінің төмендеуіне 
байланысты болады. 
Мал ауруын қоздыратын вирустардың өзгеріп отыруы 
осылайша: 
- вирустардың вируленттік түрі пайда болғанда
- аурудың таралағанында; 
- вируленттігі төмендеген кезде індеттің сақталуы немесе 
табиғатта айналысқа түсуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет