Кафедрасы


Арнамалы дауалау (алдын алу)



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата14.12.2022
өлшемі0.93 Mb.
#467275
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
ТӘЖІРИБ.САБАҚ.ВМ.КаззБаз. (1)

Арнамалы дауалау (алдын алу) 
Арнамалы (спецификалық) дауалау дегеніміз малды жұқпалы 
аурудан вакцина немесе гипериммунды қан сарысуы арқылы 
сақтандыру. Ауырып жазылған және вакцина егілген малда вирусқа 
қарсы пайда болған иммунитет, әр түрлі дамиды. Мұнда 
гуморальдық және клеткалық факторлар әр түрлі роль атқарады. 
Сондықтан да вирустарға қарсы вакцина алу үшін және ол 
вакцинаны 
қолдану 
үшін 
осы 
клеткалық, 
гуморальдық 
факторлардың өзара ерекшіліктерің білу қажет. 
Ауруға клеткалық және гуморальдық қарсы тұру қасиетіне 
сәйкес инфекциялар бірнеше топқа бөлінеді. 
Кейбір індеттерде организмнің қорғану қасиеттері тек 
гуморальдық 
факторларға 
сүйенеді, 
яғни 
антиденелердің 
мөлшеріне байланысты, ал клеткалық факторлардың әсері тіпті жоқ 
десе де болады, немесе өте аз әсер етеді. Мысалы: аусылда, 
шошқаның европалық обасында. 
Екінші топқа жататын індеттерден сақтандыру үшін әрі 
клеткалық, әрі гуморальдық факторлардың маңызы өте зор. Бұл 


19 
ауруға қарсы құралған иммунитет ең бірінші клетка денгейінде 
пайда болады. Ал гуморальдық фактор қосалқа роль атқарады. 
Мысалы: Марек, Ауески, шешек, қара сүйел аурулары осының 
айғағы. 
Иммунитеттің гуморальдық және клеткалық факторлары әр 
түрлі вакциналармен іске асады. 
Бүгінгі таңда вакциналарды мынандай түрге бөлуге болады: 
Тірі вакциналар – тірі, бірақ әлсіретілген вирус штамдарынан 
алынған; 
Өлтірілген – немесе инактивтелген вакциналар – вирустарды 
физикалық не химиялық жолдармен өлтіру арқылы дайындайды
Суббөлікті вакциналар – вирустың тазаланған белоктарынан 
алынған; 
Гендік-инженерлік 
вакциналар 
– 
гендік 
инженерия 
тәсілдерімен алынған; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет