21
Иммуноглобулиндердің ең көп мөлшері жас төлдерде туылған
соң 5 күн өткенде ғана көбейеді.
Табиғи колостральдық иммунитет жас төлге табиғи түрде
аурып жазылған анасынан беріледі. Ал, жасанды колостральдық
иммунитет буаз малды вакцинамен егу нәтижесінде пайда болады.
Сондай ақ, антиденелер (Ig G класы)
анасынан жатырдағы
төлге жолдасы арқылы беріледі, бұл кезде плаценталық жолмен
қалыптасқан енжар иммунитет пайда болады.
Гамма-глобулиндер. Мал организмінде табиғи ауырған
кезде
немесе вакцинамен егуден соң пайда болған антиденелер
/иммуноглобулиндер/
қан
сарысуының
гамма-глобулинді
фракциясында ғана болады. Гамма-глобулин тазартылған препарат,
оны алу үшін гипериммунды қан сарысуын белгілі бір әдістермен
басқа қажетсіз заттардан тазартады.
Гипериммунды қан сарысуы мен гамма-глобулин ауруды емдеу
және аурудан сақтандыру үшін қолданылады.
Сонымен бірге
гипериммунды қан сарысуы мен гамма-глобулин мал ауруын
анықтау үшін де қолданылады, яғни вирус түрін
анықтау
(идентификациялау)
үшін
серологиялық
реакцияларда
пайданылады.
Достарыңызбен бөлісу: