Кафедрасы


Жасанды немесе синтетикалық



Pdf көрінісі
бет12/37
Дата14.12.2022
өлшемі0.93 Mb.
#467275
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
ТӘЖІРИБ.САБАҚ.ВМ.КаззБаз. (1)

Жасанды немесе синтетикалық вакциналар – вирус 
антигеніне полиэлектролит не полимер қосу арқылы алынған 
антигендік жиынтық. 
Вакциналар қолданылатын жағдайлар. 
Вакциналарды қолдану – індетпен ауырған малдың сол 
ауруға қайта шалдықпайтынына негізделген. Сондықтан вакциндеу 
дегеніміз мал организміне қоздырушыны әдейі енгізу. Ол үшін, 
әрине қоздырушыны әлсіретіп алу керек. Егудің нәтижесінде 
организмде қорғаныс механизмдері іске қосылады, яғни антидене 
түзеледі, сол себептен вакцина егудің нәтижесінде белсенді 
иммунтитет түзіледі, яғни организм өзі белсенді түрде 
антиденелер түзеді, сондықтан егуді аурудың алдын алу, дауалау 
деп, ал егу үшін қолданатын препаратты «Вакцина» деп атайды. 
Індеттен сақтандыру үшін 1798 жылы Э.Дженнер вакцинаны 
тұнғыш рет қолданды. Шешектен сақтандыру үшін ол сиыр 
шешегін жас балаға жұқтырды. 
Француз ғалымы Л. Пастер Дженнер құрметіне вакцина деген 
сөзді қолдануды ұсынды. 
Егудің кешенді түрі – әр түрлі вакциналарды бір уақытта 
түрліше жолдармен енгізу. 
Егудің зиянды әсерлері 


20 
Егудің зиянды әсерлері не вакцинаның өзіне, не басқа да 
факторларға байланысты болуы мүмкін. Вакцинаның организмге 
деген теріс әсері сирек кездеседі. Осындай жағдайларда вакцина 
сериясын, дайындаған биокомбинатын анықтау керек. Организмде 
вакцинаға қарсы реакция вирус түгел өлмеген жағдайда байқалады. 
Малдын түсік тастауы, өнімділігін кемітуі тіпті өлімге ұшырауы да 
мүмкін. 
Мұндай жағдайлар әр түрлі созылмалы, жасырын аурулармен 
ауырған, жүдеген малда, әлсіреген малда кездеседі. 
Сонымен бірге аллергиялық реакциялар да кездесуі мүмкін. 
Мұны вакцина құрамына кіретін заттардың сенсибилизациялаушы 
әсерінен деп түсінуге болады. 
Енжар иммундеу 
Енжар егу дегеніміз – ауырған малды – ауырып жазылған 
малдын қан сарысуын немесе гипериммунды қан сарысуын егу 
арқылы емдеу. Бұл кезде мал организміне дайын антиденелер 
иммунды қан сары суымен бірге сырттан енгізіледі, яғни бұл 
антиденелердің түзілуіне организм қатынаспайды, сондықтан бұл 
кезде түзілетін иммунитетті енжар иммунитет деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет