Кафедрасы


Вирустарды әлсіретудің тағы бір жолы бар



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата14.12.2022
өлшемі0.93 Mb.
#467275
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
ТӘЖІРИБ.САБАҚ.ВМ.КаззБаз. (1)

Вирустарды әлсіретудің тағы бір жолы бар. Ол вирустарға 
төменгі температурамен әсер ету. Оларға ts-мутанттар, организм 
клеткаларында белгілі бір температурада ғана өсіп-көбейетін, 
температураға сезімтал штамдар жатады. 
Сонымен қатар әлсіретілген вакцинаны табиғи әлсіреген 
вирустардың штамдарынан да алуға болады. 
Вирустық ауруларға қарсы тірі вакцина алу өте қиынға түседі. 
Ол үшін тірі жүйелер т.б. қажет. Олар мынандай түрлерге бөлінеді: 
1.Авистелген (лат.тілінде avis – құс деген сөзінен шыққан) 
вакциналар. Көптеген вирустар тауық эмбриондарында (ТЭ) өсіп-
көбейеді. ТЭ вакцина алу үшін өте қолайлы, себебі әрі арзан, әрі 
иммундық жүйелері жетілмегендіктен вирусқа сезімтал, стерильды 
орта. 
2. Клетка өсінділеріне вирусты сеуіп алынатың вакциналар – 
вирустарды әр түрлі клетка өсінділерінде өсіріп-көбейтіледі. Ол 
үшін алғашқы-трипсинделген, диплоидты, тұрақты клетка 
өсінділері қолданылады. Адамды егуге арналған вакиналарға БДҰ-
ның /1966/ ұсынысы бойынша мынандай талаптар қойылады: вирус 
өсетін клеткалар сау организм мүшелерінен, ұлпаларынан алынуы 
қажет, ал дұрыс нәтиже алу үшін клетка өсінділерін эмбрионнан 
алған жөн. 
3.Лапинделген вакциналар – вирустарды қоян организміне 
бейімдеу арқылы алынған. Мысалы, шошқа обасына қарсы егетін 
АСВ вирусвакцинасын атауға болады. 
Тірі вакциналардың басқа вакциналарға қарағанда тиімді 
ерекшіліктері бар: мал организмінде ұзақ уақыт сақталады, тұрақты 
иммунитеттің пайда болуына әсер етеді. Себебі вакцинадағы 
әлсіретілген вирус организмде өсіп-көбейеді. ұзақ уақыт вирус 
антигендері организмнің иммундық жүйесін тітіркендіргіш 
қызметін атқарады. 
Сонымен бірге бұл вакциналар тек бір рет қана, аз мөлшерде 
егіледі. Тірі вакцинаның тағы бір тиімді ерекшілігі – олардың тек 


25 
тері астына егу арқылы ғана емес, тыныс жолдарына да жіберуге 
және ішкізуге де болады. 
Алайда тірі вакциналардың кемшіліктері де бар: 

Әлсіретілген вирустардың уыттылық қасиеті өршіп (өсіп) 
кетуі 
де 
мүмкін. 
Сондықтан 
вирустардың 
әлсіретілген 
штамдарының нәсілдік қасиеттерінің тұрақты болуы шарт. 

Тірі вакциналардың таза болмауы да мүмкін. Себебі 
вирустарды өсіретін клетка өсінділерінде, тауық эмбриондарында, 
зертханалық жануарлардың ағзасында да жасырын вирустардың 
болуы мүмкін. 

Тірі вакцинамен еккен кезде интерференция құбылысы 
болуы мүмкін. Мысалы: энтеровирусты індетке қарсы ішкізілетін 
тірі вакцинаны қолданған кезде ішектерде жасырын вирустар 
болса, онда вакцина әсерінің жойылуы мүмкін. 
Қазіргі кезде көптеген вирус қоздыратын ауруларға қарсы
мысалы: Ньюкасл ауруына, ірі қара обасына, ет қоректілер 
обасына, шошқа обасына, Ауески ауруына, құтырыққа т.б. вирус 
ауруларына қарсы тірі вакциналар егіледі. 
Бүгінгі таңда медицина үлкен жетістіктерге жетті, себебі 
шешекке қарсы күрес айтарлықтай жеңіске әкелді, шешек ауруы 
адамдарда жойылды. Полиомиелиттен, қызылша ауруларынан 
сақтандыру да арнамалы дауалаудын арқасында өзінің нәтижесің 
берді. 
Сонымен, 
тірі 
вакциналарды 
қолданудың 
арқасында 
организмде ауруға қарсы тұру қасиеті пайда болды, брақ тірі 
вакциналарға қойылатын шарт, ол вакциналар мал үшін қауіпсіз 
болуы, вакцина ретінде қолданғанда штамм организмде өсіп-
көбейіп, сыртқа шығып отырады. Сондықтан да әлсіретілген 
вирустың вируленттік (ауру туғызатын) вирустан айырмашылығы 
болу керек, сол үшін әлсіретілген штамдарға белгілі бір нәсілдік 
қасиеттер (марекерлер) болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет