№4 сабақ Тақырыбы: Вирусқа қарсы вакцина алу үрдістері Мақсаты: вирусқа қарсы әлсіретілген және инактивтелген
вакциналардың технологиясымен танысу.
Кілтті сөздер: вакцина, аттенуация, инактивация, адъювант,
иммунитет.
Сұрақтар: 1.
Тірі
аттенуацияланған
вакциналардың
дайындалуы 2. Инактивтелген вакциналардың дайындалуы
3. Вирустарды әлсіретудің жолдары
4.Вакцинағақойылатын талаптар
5.Вирусты өлтірудің физикалық және химиялық
факторлары.
6.Адъювант деген не?
Вакцина тірі, бірақ әлсіретілген немесе өлтірілген вирустан
алынған биологиялық препарат. Вакцинаға бірнеше талаптар
қойылады:
Біріншіден, вакцина белгілі бір ауру қоздырушысының түріне
сәйкес болуы керек;
Екіншіден, вакцина зиянсыз, індет туғызбайтындай қасиеті
болуы керек;
Үшіншіден, вакцинаның жеткілікті иммуногендік қасиеті
болуы қажет, яғни вакцина еккеннен соң 2-3 апта өткен соң, сол
вирусқа қарсы организмде иммунитет пайда болуы шарт.
Әлсіретілген тірі вакциналар Тірі немесе аттенуацияланған вакцинаны вирустарды әлсірету
арқылы алады.
Әлсірету (аттенуация) – вирустың ауру тудырушылық қабілетін
жою, яғни қоздырушының зардаптылық және уыттылық қасиеттері
жойылады, алайда иммуногендік қасиеті сақталады. Вирустарды
әлсірету кезінде вирустарға арнаулы әсер етіп, олардың кейбір
нәсілдік қасиетін өзгертіп, өзгерген түрлерін алады.
Әлсірету үшін әр түрлі мутагендер қолданылады. Вирустарды
клетка өсінділерінде бірнеше рет себудің немесе ТЭ, зертханалық
24
жануарларға бейімделуінің арқасында вирустардың нәсілдік
қасиеттері өзгереді.
Осылайша Пастер құтырыққа қарсы тірі вакцинаны – «вирус
фикс»-ті алды.