13
МХ-50 ылғал өлшегіш құралында ұндағы ылғалдың массалық
үлесін анықтау
МХ-50 ылғал өлшегіш құралының құрылысы: қыздырғыштың
қақпағынан, дисплейден, пернелерден,
ыдыс ұстағыш тұтқасынан,
ажыратқыштан, үлгіге арналған ыдыстан, сақинадан тұрады.
Құралды іске қосар алдында оның деңгейі бойынша орнатылғанына көз
жеткізеді.
Құралды қосып, сақинаға ілместен үлгі үшін ыдыс ұстағышын
орнатады, қақпағын жауып, RESET түймесін басу арқылы құралды бұрайды.
Ары қарай ұстағышты құралдан ыдыспен алып, үлгіні біркелкі бөліп, 1г ұнды
өлшеп, оны құралдың сақинасына салады. Қақпақты жауып, START пернесін
басады. Ылғалдылықты анықтау температурасы 105
0
С. Өлшеу аяқталғаннан
кейін дыбыстық белгі беріледі, дисплейде зерттелетін үлгідегі
ылғалдың
мөлшері пайда болады. Қыздырғыштың қақпағын ашып, ыдыс ұстағыштың
көмегімен сынаманы алады. Жұмыс бойынша есеп дайындайды [2].
Достарыңызбен бөлісу: