Окситоцин – гипофиз безінен бөлініп, жатырдың жиырылуын реттейтін
гормон.
Олигофрения – туа біткен немесе бала кезде жүре пайда болған дамымаған
психикалық іс-әрекет.
Онтогенез – әрбір организмнің жеке дамуы.
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) – ми мен жұлыннан тұратын жүйке жүйесінің
негізгі бөлімі.
Ортанғы құлақ – есту жүйесінің бөлімі. Дабыл жарғағынан, ауа толы
дабыл қуысынан, ондағы есту сүйекшелерінен (балғашық, төстік, үзеңгі) және
жұтқыншақпен жалғасқан евстахий (есту) түтікшесінен тұрады.
Остеобласттар – сүйек ұлпасын синтездейтін жасушалар. Өсіп жатқан сүйек
ұлпасының бетінде орналасқан.
Остеоциттер –
остеобласттардан түзілген сүйек ұлпасының жетілген
жасушалары.
Отит, бұлық – құлақтың қабынуы.
Офтальмология – көру
мүшесінің анатомиясы мен физиологиясын зерттейтін,
көз ауруларын, оларға диагноз қою, емдеу және алдын алу әдістерін жасайтын
медицина саласы.
ө өкпенің қабынуы, пневмония – өкпе ауруларының
тобы. Альвеолада, өкпе
мен бронхиоланың аралық ұлпаларындағы қабыну үдерісімен сипатталады.
өндіршек – көмекей жұмыры немесе жұтқыншақ.
өсу гормоны (соматотропин) – гипофиз безінің алдыңғы бөлімінен түзі ліп,
ағзаның қалыпты өсуі мен зат алмасуды реттейді.
өт – бауырдың безді жасушалары үздіксіз өндіретін сұйық секрет.
өт қабы – ұзындығы 10–14 см, қабырғасы жұқа, алмұрт пішінді қалташық.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217