Парасимпатикалық жүйке – вегетативті жүйке жүйесінің бір бөлімі.
Паратгормон – қалқанша маңы бездерінен бөлініп, қандағы кальций мен
фосфор мөлшерінің қалыпты болуын реттейтін гормон.
Пародонтоз – тістерді қоршайтын ұлпалардың созылмалы ауруы.
Паротит – шықшыт безінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру.
Пеллагра – РР (никотин қышқылы) жетіспеуінен болатын ауру.
Перикард, жүрек
қабы – жүрек орналасқан берік дәнекер ұлпалы екі
қабатты қапшық.
Периост, сүйекқап – сүйекқап.
Перистальтика, толқи қимылдау – қуыс түтіктәрізді мүшелердің (ішек,
асқазан, зәрағар және т.б.) қабырғаларының ішіндегі заттардың шығу тесігіне
қозғалуына мүмкіндік беретін толқынтәрізді жиырылуы.
Пневмония – өкпенің қабынуы.
Протромбин – қан плазмасының
құрамында болып, қанның ұюына қатысатын
күрделі нәруыз.
Продуценттер, өндірушілер – фото- және хемосинтезге қабілетті, қоректік
тізбекте бірінші буын болып табылатын, бейорганикалық заттардан органикалық
заттар жасаушы ағзалар, яғни барлық автотрофты ағзалар.
Псориаз, қабыршақты теміреткі – терінің созылмалы ауруы. Көбінесе
шынтақ, тізе және бел зақымданады.
Пульпа, жұмсақ ұлпа – тістің сауыты мен түбір қуысын толтыратын тіс
ұлпасы.
Р
Радикулит – жұлын жүйкесі тамыршаларының зақымдануына байланысты
туындайтын ауру.
Реанимация – ағзаның күрт бұзылған немесе жойылған тіршілік үшін
маңызды қызметінің қалпына келуі.
Редуценттер – өлі органикалық заттарды (өлексе, қалдықтар) ыдырататын
және оларды басқа ағзалар – продуценттер сіңіре алатын күйге келтіретін
бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар (сапротрофтар).
Резус-фактор – қанның эритроцит жасушаларының құрамында болатын
нәруыз.
Рекомбинация – ұрпақта белгілердің жаңа үйлесімін тудыратын гендердің
жаңа үйлесімінің пайда болуы.
18–3459
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|