67
D дәруменін ультракүлгін сәуленің
әсерінен тері жасушалары
синтездейді. Сондықтан
D дәруменін «Күн дәрумені» деп те атайды.
Мешел ауруының алдын алу үшін кішкентай балалар Күн ваннасын
қабылдау керек.
Ағзаны
D дәруменімен толық қамтамасыз ету үшін ол тамақпен бірге
түсуі керек.
D дәрумені
көп мөлшерде балық майында, бауырында, ат-
лант майшабағында,
жұмыртқада, сүтте, майда және т.б. болады.
Өсімдіктекті өнімдерде
D дәрумені жоқ десе болады.
Бір тәуліктегі қажет мөлшері: ересек адам үшін –2,5 мг, балаларда –
12,5 мг.
41-сурет. Мешелмен
(рахит) ауырған баланың аяқ
сүйектерінің қисаюы
42-сурет. Тағам түрлерінің
алуантүрлілігі
* Пирамидада берілген тағам
түрлерінің
құрамында
кездесетін дәрумендерді атаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217