Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата26.02.2023
өлшемі1.37 Mb.
#470079
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
kopbaeva mr khkh gasyr basyndagy kazak debieti tarikhynyn ms

 
Тапсырмалар мен сұрақтар: 
 
1. М. Дулатұлының Шығыс пен Батыс әдебиеттерін жетік меңгеруі.
2. Ел ісіне саяси қызметке араласуы.
3. Тұңғыш рет қазақ зиялыларымен бас қоса отырып патша отаршылдарына қарсы 
шығуы.
4. «Оян қазақ» жинағындағы азатшыл идея, ұлттық мүдденің жырлануы.
5. М. Дулатұлы – лирик, гуманист, публицист.
6. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып дамуына қосқан үлесі.
7. Көсемсөз, аударма жанрларындағы жаңашыл ізденісі. 
8. Міржақып Дулатұлы шығармашылығының қазіргі уақыттағы зерттелу жайы. 


1916 жылғы ұлт азаттығы күресіне байланысты туған шығармалар 
Лекцияда қаралатын мәселелер: 
1. 1916 жылғы саяси-тарихи оқиға.
2. Бұқара халықтың Ресей патшасының саясатына наразылығы және оның ұлттық 
қозғалысқа айналуы.
3. Халықты көтеріліске шақырған шығармалар.
4. 1916 жылғы көтеріліске байланысты шыққан өлең-жырлардың көркемдік, 
стильдік, жанрлық ерекшеліктері және деңгейлерінің әралуандығы.
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Ә. Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы 1994ж 
2. С. Қирабаев, Қ. Мырзалиев «Қазақ әдебиеті» Алматы 1998ж 
3. Б. Кенжебаев «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» 
Алматы 1958ж
4. Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ
университеті, 2004 
1916 жылы қазақ даласында туған ұлт бостандығы қозғалысы екі жақты
қанауға бірдей қарсы бағытталған. Сонымен бірге ол патшалық –отаршылдық
тәртіпке де қарсылықтан туған. Оның қозғаушы күші болды. Көтерілістің өзі 1914
жылғы бірінші дүниезүзілік соғыстың қызып жатқан кезінде туды. Оның басты
себебі 1916 жылғы 25 маусым жаңалығы делінеді. Бұған дейін патша үкіметі қазақ
халқынан әскер алмаған еді. Бірақ соғыс шығынын патша өкіметі әуелден-ақ, қазақ,
өзбек, қарақалпақ, түрікмен, халықтарының мойынына салған болатын. Майдандарға
патша әскерінің халі ауырлай бастаған кезде, патша өкіметі өзінің жоғарыдағы
жарлығын шығарып, 18 бен 43 жас арасындағы отар аймақ елдер адамдарын өз күші,
өз жабдығы мен майданға окоп қазуға алмақ болады. Окоп –майданның алғы шебі
екендігі белгілі. Жер –жердегі болыстарда тізім жасалып, оған бай балалары емес
ылғи ғана кедей жастары жіберілетіні болды. Болыстардың кеңесінен кедей-шаруалар
стихиялық түрде күреске түсіп кетеді. Бірақ көтерілістің негізгі себебі окопқа адам
алу ғана емес. Жан-жақты езгіге түскен арасындағы революциялық санадан нәр 
алып, іштей патша үкіметіне наразы еді. Реакция жылдарындағы патшалық
террорлық саясатын айтпағанда, соғыс салдарынан ел ішіндегі би-болыстардың, 
ұлыстардың озбылырғы, заңсыздық, ел талау шектен асады. 
Бұл кезде патша өкіметі штат сайлауын біраз азайтып, кісілікті «шынжыр
балақ, шұбар төстердің» қолынан шығармайды. Бірақ, болыс сайлауы енді жер жесір
дауы түрінде қабындап, ел күйзеледі. Енді елді ұлық бір, болыс екі жесе, ұсақ
атқамінерлер тағы жеп, алым-салқ шектен асады. Малдан айрылған шаруалар
байлардың сұрапыл қанауында болады. Міне, осы теңсіздіктің бәрі маусым ажрлығы
тұсында бірден сыртқа шығады.
1916 жыл қозғалысының өзі 1905 жыл оқиғасының даласында ғана емес,
қырғыз, өзбек, түрікмен, бүкіл Орта Азия халықтарына бірдей жайылған қимыл
болды. Сондықтан ол әрі таптың, әрі отаршылдық тәртіпке қарсы бағытталған ұлт-
азаттық жолындағы күрес болды. Қазақтың бт-болыстары, байлары, молда-
қажылары, байшыл оқығандары 1916 жылы патша үкіметі жағында болды.
Қазақ даласындағы көтерілістің айрықша күшті орталықтары –Торғай мен
Жетісу болды. 11916 жыл поэзияның ең тәуір үлгілері де осы батырлар қимылы, сол
жердегі елдер жайын суреттеуге арналып, көтерілістің үш түрлі кезеңіп бірдей
көрсетеді. «Мысалы» Сартай «Тар заман», Жамбыл «Патша өмірі жарылды», Сәт
Еспембетов. «Июнь жарлығы» сияқты ақындар патша жарлығының шығуын, елдің
қобалжуын батыр суреттесе, Иса Дәукебаев «Бекболат батыр», Күдері ақын


«Амангелдінің Торғайды алуы» «Омар Импиндер» «Торғай соғысы», көтерілістің өзін
суреттейді. Ал, халықтың жеңіліс жауып, жастардың майданға кетуін Біржан
Берденов «1916 жыл» поэмасы Сәт «Жоқтау» секілді ақындар жырға қосады. Бұл
кезеңде поэзия тақырыбына майданға кеткен жігіттердің ел-жұрты, ата-анасы, жас 
келіншектердің қоштасу рухындағы жырларында жатқызамыз. Қоштасу жырларының
айтушылары кейде ақын емес, қарапайым халық, көбіне әйелдер болып келеді.
Сөйтіп 1916 жыл поэзиясы лирикалық толғау, эпикалық поэма жоқтау, қамтасу
жыры сияқт жанрларда қалыптасқан.
Лирикалық толғаулар. Бұл үлгідегі өлеңдерге торғайлық күдері ақынның
«Амангелдінің Торғайды алуы», Сәт Еспембетовтың «Июнь жарлығы», Орда жағының
ақыны Сартайдың «Тар заман» сияқты жалғаулар жатады. Күрделі ақын маусым
жарлығына елдің қалай қарайшының, әкімдердің қысымын. 
Қобалжыған ел ірден күрес жолын таңдайды. Сартай ақын нашақорлықтың
күшейіп, байлардың өз балалырын, «приемнан» алып қалып, кедей жастарын жалдап
жатқанын айтады. 
Қиындық, ауыртпашылық алдымен малын мен кедейлер басына түседі. 
Шаруашылық малы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, заңсыздық пен
озбырлық күшейеді.
Сартай ақын осы озьырлықтың иесі патша, патшалық құрылыс ұзаққа 
бармайды, күйрелді деген пікірді айтады. Бұл-халық пікірі азаматтықтың алыс
еместігін айтады.
Амангелді бейнесі! Күрделі, Сәт, Омар Шипин сияқты ақындар жыры көбіне 
Амангелді бейнесін береді. Батр осындай қиын-қыстау күндері халық жағына шығып,
көтерілген елге бас болады. Ол болыстардан тізімді тартып алып, өртеумен
айналысып қана қоймай, 1916 жылдың 6 қараша күні Торғайды басып алады. 
«Бекболат батыр» жыры Жетісудағы халық көтерілісінің көсемі жайылмас еліне
шыққан Бекболат батыр болды. Бекболат түріне жылаған. Оқиғасы Ақын алдымен
маусым жарлығының шығып, елдің күреске түсуін, олардың жазалаушы отрядтардан
жеңіліс табуын, екінші бөлімінде Бекболаттың қолға түсіп, тергелуін, дарға асылуын
суреттейді. Иса Дәукебаев поэмасында Бекболат бастаған қозғалыс тек қазақ
арасындағы таптың күрес емес, патшалық тәртіпке қарсы бағытталған үлкен күрес
ретінде суреттелген.
Үшқоңырда болған соғыста қарусыз халық асқан ерлік көрсетеді. Он бес кісі
оққа ұшіп, Бекболат қолға түседі. Поэманың бұдан арғы жері Бекболаттың тергеудегі
ерлігін, халықтың бейнесін суреттейді. Тергеуде Бекболат үш рет жауап береді. 
Бекболаттың жауабы патшалық тәртіптің сыны ғана емес, өзінше бір үкім саяси
тәртіптің әділетсіздігі мен халықтың бостандық күткен арманы да көрінеді.
Сөйтіп, 1916 жыл оқиғасы, сол жайында туған реалистік жырлар езілген
шаруалардың саяси күреске түсе бастағандығын көрсететін үлкен тарихи құбылыс
болды.
Біржан Берденовтың поэмасы «1916 жыл» ашты. Біржан Берденов поэмасы 
окопқа барған қазақтардың майдандағы өмірін суреттейді. Сол майданға ақынның өзі
де барған. Поэма жол, соғыс көріністерін, халық санасында туған өзгерістерді
баяндайды. Барлық оқиғаны дәл суреттеуіне қарағанда. Біржанның қаламгерлігі де
болғандай. Кейде ақын ай, күн ғана емес, көптеген қала, орыс сөздіктерінде де дәл
келтіреді (прием, новый совет, казарма, вагон, Манучин, Вятна, Псков, аэроплан, 
скаряд, пулемет т.б.) Осы себептер біз поэманың авторы бар шығарма дейміз. Біржан
кеңес дәуірін көрген халық ақыдарының бірі. Поэмада майдандағы қазақтардың бірі.
Поэмада майдандағы қазақтардың ой-санасының жетілуі өте айқын суреттелген. 
Патшалық жақтан түскелін олар газеттен 23 ақпан күн оқып, большевиктердің ісімен
де шатыс болады.


Поэманың алғашқы бөлімінің рухынан соңғы бес бөлімінің рухы мүлде
өзгеше. Алғашқы кезде майдан суретін ақын халық басындағы еріксіздікті, ауыр
халды білдіру пленінде жазса, соңғы бөлімдерінде ол серпіліп, бостандқты,
революция тасқының дәл тауып жырлағандай болады.
Халықтың азаматты қалай арман еткенін ақын «Мысалы» деген таруында
былай суреттейді.
Тобынан біз айрылған қаз мысалы. Ішінде көп құстардың аз мысалы Қантөгіс
майданына келіп қалған Қолайсыз қонған жерін газ мысалы Біз болдық тұтқындағы
құс мысалы. Қолынан келмейтұғын іс мысалы босанып шарықтайтын күн бола ма, 
Теңдік күн жетіп келсе тұс мысалы. Бұл 23 ақпан күнгі газет хабарынан соң туған
ой. Майдандағы қызықтар тіпті буржуазиялық революцияның өзінде де місе
тұтпайтын сияқты. 
«Елде қалғандарға сәлем» атты бөлімінде ақын: «Көп қуса қорқақтағы батыр 
болмақ, ақыры бұл қорқақтық кетпес тегін» деп, кейінгі елді де жұбатады. Бұдан
көретініміз: 1916 жыл идеясына халық ақпан оқиғасынан кейін де беріп болған. 
Поэманың оқиғасы бай, өзінше бір жылнама секілді. Одан Ресейдегі жайды 
да, қазақ халқының ауыр халі мен арманын да шалып білесің. 
Майданнан қайтқан қазақтардың Торғайдағы Амангелдіге еріп, кеңес үкіметін
орнатуға қатысуын майдан оқиғасы жездеткен.
Міне, 1916 жлғы көтеріліске байланысты туған халық поэмасының ауқымы
мен көтерген мәселелері осындай болып келеді.
-Амангелді бейнесі: Батыр дегеніміз –халықтың ең жақсы қасиеттерін бойына
сіңірген, сол халықтың ой-арманы, мұң-мүддесін көздеген, халық үшін қанын да,
жанын да қиюға дайын, қандай қиыншылықтан да тайынбайтын, халықтың адал
туған, ержүрек ұлы. 
Амангелді, міне, осындай адам. Сондықтан оны халық батыр деп атайды. Ал, 
мұндай батырлар, көбінесе ел басына қиын-қыстау күн туған заманда еркше көзге
түседі. Амангелді де осындай қиын кезеңде. 1916 жылғы көтеріліске байланысты
тариых сахнасна шықты. Сондықтан да Амангелді бейнесі көтеріліс туғызған халық
әдебиетінде ерекше орын алады. Амангелдінің ерлігі жайында өлең-жыр, дастан,
толғау, аңыз, ертегі көп. Бұлардың бәрінде де Амангелдінің ел үшін еткен еңбегі,
оның теңдесі жоқ ерлігі суреттеледі.
Амангелдінің сарбазы болған ақындар «Амангелді шарты» деген жырын да 
шығарып, таратқан.
Амангелді сарбаздарының атынан айтылатын бұл өлеңде күрестің негізгі
мақсаты айқын көрінеді. 
Амангелдінің батырлық жолы мен көтеріліс негізіндегі ерлігі Омар Шипиннің, 
Сәт Есенбаевтың Күдері Жолдыбаевтың өлең-поэмаларында кеңінен суреттеледі. Бұл
шығармаларда Амангелді халықтың ең игі қасиеттерін бойына жинақтаған, оның
арман-тілегін көксеген, елі үшін жанын қиған ержүрек батыр, көтерілістің
ұйымдастырушысы әрі бастысы әрі басшысы ретінде жан-жақты бейнеледі. Аталған
поэмалардың мазмұны да, сюжеттік желісі де бір-бірімен ұқсас. Олар бір-бірін
толықтырып отырады. Ақындар жырларына батырдың өмірбаяндық мәліметтерін
кіргізе отырып, оның өміріндегі бас-басты кезеңдердің жарқын суреттерін береді. 
Амангелдінің бабалық, жастық, жігіттік шағын суреттеуде ескі батырлар жырының 
бейнелеу әдістерін пайдаланады, оның жасынан өжет, қайсар, ер етіп көрсетеді. Ал,
көтеріліс кезіндегі батырдың бейнесін таныту үшін олар соғыс оқиғаларын, батыр
бастаған сарбаздардың жаумен кездесуін алады. 
Амангелдінің төңкеріс жылдарындағы еңбегі, жау қолынан қаза табуы да сөз
болады. 
Сәт Ақын Амангелдінің дағдарған елге ой салып, жол көрсеткен бастығын өз
сөзімен жеткізеді. Омар Шипин өзінің «Амангелді батыр» дастанында халықты


көтеріліске бастауда Амангелдінің қазақтың белгілі революционері Әліби
Жангелдинмен пікірлес болғанын көрсетеді.
Қазақстан жерінде азаматтың туын тігіп, күрескен абзал азамат Әліби 
Жангелдиннің Амангелдімен дос болуы, оған дем беруі –тарихи шындық. 
Амангелді жайындағы поэмаларда көп суреттелетін эпизод көтерілісшілердің
Торғайға шабуылы және осы соғыстағы батырдың ерлігі.
Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастанында Амангелдінің ерлігімен қоса
қолбасшылық өнері де баяндалады. Ақын оның көреген және шебер қолбасшы
екендігіне, көтерілісшілерді жабдықтау шараларына кеңірек көңіл бөледі. 
Амангелдінің қолбасшылық қабілетін көрсететін бір эпизод- осы соғыстан кейінгі 
жүргізген шаралары. 
Әскер келетін жолдардың бойына тосқауыл қою, сөйтіп әскерлердің ел ортасына 
өтуіне бөгет жасау, тұс-тұстан ағылған әскерлердің басын біріктірмей, тұтқиылдан ұрыс 
ашу, жалпы партизандық соғысқа тән және бірден бір дұрыс шаралар. Мұның өзі 
Амангелдінің қолбасшылық қабілеті де жоғары болғандығын дәлелдейді. 
1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың бір алуаны майданға 
алынған жігіттердің өмірін суреттеумен байланысты болып келеді. 
Бұлардың бір қатарында майданға алынған жігіттердің мұңды халі мен ел-
жұртынан айрылардағы зарлы кейпі көрінеді. Бірсыпыра жырлар жігіттердің майданнан 
жіберген хаты, туыстарының жауабы түрінде жазылған. Бұл жырлар туған жерден алыста 
жүрген адамдардың сағыныш сезімін, тұйықтап шығар жол таба алмай күйзелген күйін 
танытады. Осындай жан түршігерлік ұлт-азаттық көтеріліс ешқашан болмасын.
1916 жылғы қазақ шаруаларының ұлт-азаттық көтерілісі туралы лирикалық 
жырларды тақырыбы мен мазмұнына қарай төрт топқа бөлуге болады: 1) Үндеу-үгіт 
жырлары; 2) Жоқтау- қоштасу жырлары; 3) Майдан өмірін бейнелейтін жырлар; 4) 
Майданнан жазылған сәлем хаттар. 
Біздіңше бірінші топқа Бұзаубақ ақынның "Құты қашты патшаның", Омар 
Шипиннің "Аманкелдінің айбаты", "Губернатор келгенде", Батталдың "Туар ма екен бізге 
күн", "Кеңесу", секілді өлең-жырларын жатқызуға болады. 
Бұзаубақ ақын өзінің жоғарыда айтылған үндеу өлеңіңде патша өкіметінің ішкі-
тысқы саясатына, әділетсіз соғыстың елге тигізген ауыр зардаптарына тоқталады. 
Империалистік соғыс кезінде "өзінен зорлар шығып", патшаның жанталасып жатқанын, 
сол себепті қазақтан майдан жұмысына адам алуды көздеп жарлық шығарғанын айта 
отырып, бүкіл қазақ халқын патша өкіметіне қарсы жаппай көтерілуге, "атқа мініп, найза 
алуға" үндеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет