Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата26.02.2023
өлшемі1.37 Mb.
#470079
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
kopbaeva mr khkh gasyr basyndagy kazak debieti tarikhynyn ms

Шодрин деген қышлақта, он шақырым, 
Білуші еді бір кәрі поптың бәрін.
Соған неке қиғызбақ болды екеуі,
Жалынып берсе-дағы біраз ырым. 
 
Шадринге Владимир күндіз барған,
Попы да, куәсі де дайындалған.
Пар атын Марияға жіберген соң, 
 Өзінің жегуіне бір ат алған, - 
деген қысқаша хабарлама ғана бар. Байқап қарағанда, ол да Влалимирдің сүйіктісімен 
ортақ шаңырақ көтеріп, түтін түтетуге белсене кіріскенін айғақтайтын кескіндеме. 
Тәржімашының оны нендей себептен тастап кеткені белгісіз. Ата-бабаларымыз қашанда 
үйлену тойын ерекше қадірлеген, бірен-саран төтенше жағдайлар болмаса, ауыл-аймақты 
түгел жинап, әрине, мүмкіндігі жеткенше, думандатып өткізген. Неке қию рәсіміне де 
үлкен мән берілген. Жұбайлардың семьялық ұжымын ресми заңдастыру салтанатына 
екеуінің бірі жазатайым қатыса алмаса, сенімді адамдардың куәлігі талап етілген. Тек 
солардыц мәлімдемелері негізінде ғана неке қиылатын болған. Той-домалақ, ойын-
сауықтар да айтылып жүретін: "куә лүрміз, куә дүрміз, куәлікке жүре дүрміз" деп баста 
латын қаратпа қалжың сөздердің шығу тегі соған байланысты. Демек жұбайлардың 
некелесу сәтінде куәгерлер қатыстырылуы қазақтар үшін соншама жаңалық емес. Сөйтсе 
де аға ұрпақтарға орыс ағайындардың үйлену салтына қатысты әдет-ғұрыптарынан 
мәлімет беру мақсатында повестегі сол жолдарды көпсінбей, аудара салғанның артықтығы 
жоқ еді. Бұл бір. Екіншіден, көркем өнер туындысы да етегі бар, жеңі бар дегендей, бір 
бүтін дүние. Басқа тілге аударылғанда әрқилы себеппен қырналып, шағындала берсе
тұтастығынан айырылып, табиғи жүдеушілікке ұшырауы сөзсіз. Мәселенің ең қиыны, 
міне, осы. Одан соң Владимирдің үш ат жеккен шанасын Мария Гавриловнаны Жадрино 
селосына алып келуге жіберіп, өзінін бір ат жеккен кішкене шанамен жападан жалғыз 
некелесу сапарына шыққаны, бірақ, қатты боранның әлегімен түні бойы адасып, 
уәделескен уақытында қалыңдығымен кездесе алмағаны суреттелетін қым-қуат оқиғалар 
қазақша нұсқада жарым-жартылап қана қамтылған. 
Сол боранды түні Мария Гаврилованың Владимирмен жолығысу мүмкіндігі 
болмай өз үйіне қайта оралғаны, бір жағынан ұстанған арманына қолы жетпей, оған қоса 


бүкіл денесін суық ұстап, ертеңіне төсегінен қатты сырқаттанып оянғаны, қыздың түнгі 
серуенінен мүлде бейхабар әке-шешесінің оның қалшылдап-дірілдеген мүшкіл халінен 
өлердей шошынғаны баяндалатын жолдар да тәржімеде толық емес. Оған қоса еркіндік 
басым. 
"Что твоя голова, Маша?" - спросил Гаврила Гаврилович. "Лучше, папенька",- 
отвечала Маша. «Ты, верно, Маша вчерась угорела», - сказала Прасковья Петровна. 
"Может быть, маменька", - отвечала Маша" деген диалогтар: 
Әкесі айтты: қарағым, өңің жаман, 
Иіс тиіп қалған ба бүгін саған?" -түрінде ғана берілген. 
"Никто в домо не знал о предположенном побеге. Письма, накануне, ею 
написанные, были сожжены; ее горничная никому ни о чем не говорила, опасалась гнева 
господ. Свяшенник, отставной корнет, усатый землемер маленький улан были скромны, и 
недаром. Терешка-кучер никогда ничего лишнего не высказывал, даже и во хмелю. Таким 
образом тайна была сохранена более, чем полудюжинного заговорщиков" -деген автор 
сөзінің қалып қоюы түп нұсқаны оқымаған адамға көп жағдаяттың қыр-сырын ұғынуға 
кедергі келтіреді. Мәселен, Мария Гавриловна кетер алдында бірін жолдас қызына, бірін 
ата-анасына бағыштап екі хат жазғаны қайда? Олар да түнгі боранға ұшырап, бір жерде 
қарға көміліп қалғанның қай жағында деп ойламасына кім кепіл. 
Аудармадағы, біздің байқауымызша, сәтті шыққан деп Мария Гавриловнаның 
қызуы көтеріліп, қатты науқастанғаны, анда-санда сандырақтағанда боранды түні қандай 
мақсатпен қайда барғанын, не көріп, не білгенін, нендей іс тындырып қайыра оралғанын 
маңайындағылардың бәрін таңдандыра өз аузынан айтып бергені әңгімеленетін тұсты 
арнайы айтар едік. Жинақы да көркем. Кейбір штрихтардың қалып қойғанына қарамастан 
Пушкиннің қолтаңбасы айқын сақталған. Оқиға, одан туындайтын көңіл-күй бүкіл 
бедерімен тізбектелген. 
Сондай-ақ, қазақ ақыны жәан-жағын түгел аяусыз жалмаған 1812 жылғы француз-
орыс соғысын, оның нәтижесін отандас ұлы көршілеріміздің бас киімдерін аспанға атып, 
зор қуанышпен мерекелегенін түп нұсқа деңгейінде суреттеген. Бұл шумақтарды оқыған 
кезде біреуден жасалған көшірме емес, төрт тақтасы түгел, - таза ұлттық поэзиямен 
сусындап отырғандай әсерге бөнелесің. 
Повестің финалы - Владимирдің француздардан қаза табуы, оның артынан іле-шала 
Гаврила Гавриловичтің дүние сәлуы, Прасковья Петровнаның қызымен екінші бір жердегі 
қонысына көшіп баруы, Мария Гавриловнаның көпке дейін тұрмысқа шыққысы келмей 
жүріп-жүріп барып, кешегі қан майданнан жарадар болып ауылына оралған полковник 
Бурминді ұнатып, соған тигені - екі классиктің екеуінде де ерекше шабытпен жазылған 
деп танимыз. Анадағы боранды түннің бірсыпыра шырғалаңының сыр-сипаты, соған орай 
басты тұлғалардың өзіндік интеллектуалдық қадір-қасиеті, әсіресе, осы кейінгі аккордта 
жарқырай ашылады. 
Поэзиямен аударылған дүниенің бойынан оның проза қалпындағы "өзіндік стилін, 
тіл кестесін, үлгі-өрнегін" түгелімен талап етудің не жөні бар? Шәкәрім қажы қалайда 
Пушкин соқпағынан тақжылмауды мақсат етпеген. "Дубровскийдің" кіріспесінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет