С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Қажетті құралдар мен заттар



Pdf көрінісі
бет35/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
Қажетті құралдар мен заттар: метил қызыл бояуының 0,04 % 
спирттегі ерітіндісі, кристалды аскорбин қышқылы, этил спирті, пробиркалар,
пипеткалар, скальпель, 200-300 Вт электр шамы, қара қағаз. 
20-жұмыс. 
 Фотосинтез нəтижесінде крахмалдың түзілуі 
(Сакс реакциясы) 
 
Зерттеу мақсаты
:
 
фотосинтез процесі нəтижесінде крахмал-
дың түзілуін анықтау.
Зерттеу объектілері: жасыл өсімдіктер. 
Қысқаша түсініктеме. Фотосинтез процесін қарапайым 
крахмалдың түзілуі арқылы көруге болады. Фотосинтез процесі 
кезінде түзілген органикалық қосылыстардың біразы крахмал 
түрінде жиналады. 
Əдістеме
. Бұл əдісті қыс айларында құмырада өсіп тұрған 
қазтамақ, көктем айларында наурыз шешек, жаз айларында жүгері, 
күнбағыс, т.б. өсімдіктердің өсіп тұрған жерінде жүргізуге болады. 
Құмырада өсіп тұрған өсімдіктен жапырақ (сағағымен) қырқып 
алынады. Жапырақтың үсті мен астына тұспа-тұс келетіндей қара 
қағаздан қиылған шеңберлерді бекітеді, олардың сыртын ақ қағаз-
бен қаптап, скрепкалармен қыстырады. Осылайша, дайындалған 
жапырақтың сағақ ұшын (0,5 см) су астында қырқып стакандағы 
суға салып, оның үстін шыны қақпақпен жабады. Зерттеу затын 


51 
жарыққа немесе 200-300 Вт электр шамының астына қояды. 
Электр шамы шыны қақпақтан 30-40 см қашықтықта орнатылуы 
тиіс. Тəжірибе дала жағдайында орындалса, өсімдік жапырағын 
қырқып алмай-ақ, жоғарыда көрсетілген тəсілмен өсімдіктің өзінде 
жүргізеді.
Осындай жағдайда зерттеу затын 4-5 сағат немесе бір тəулік 
ұстайды. Өңдеу уақыты өткеннен кейін жапырақтарды су мон-
шасындағы қайнап тұрған суға 1 минутқа батырады. Осыдан
кейін жапырақтар түссізденгенше су моншасындағы спиртке 
салып қайнатады. Түссізденген жапырақтарды сындырып алмай 
(спиртте қатты құрғап кететіндіктен) сумен абайлап жуып
фарфор ыдыстағы
KJ əлсіз ерітіндісіне салады. 
Жапырақтың күн сəулесі (жарық) түскен ауданында үздіксіз 
фотосинтез өтіп, крахмал жинақталады. Оның айғағы ретінде 
сол ауданның көк түске боялуымен дəлелденеді. Ал қара қағаз 
астында қалған жерлерінде фотосинтез өтпей, бұрын болған крах-
мал сағаққа (сабақ арқылы басқа мүшеге) немесе жапырақтың 
тыныс алуына жұмсалып кетеді де, йодтың əсерінен көгермейді. 
Тəжірибені орындап тиісті қорытындылар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет