Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет120/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   154
damu psihologiyas kitap

Мəліметтерді өңдеу əдісі – сандық (статистикалық) жəне са-
палы талдау (мəліметтердің топтарға жіктелуі жəне т.с.с.) əдістер. 
Интерпретациялық əдістер – генетикалық жəне құрылымдық 
əдістер.
Генетикалық əдіс – зерттеудің бүкіл өңделген мəліметтерінің 
психикалық жаңа құрылымдары қалыптасуының фазаларын, са-
тыларын дағдарысты мезеттерін қарастырып, даму сипаттамала-
рында талқылануына жағдай жасайды. Ол даму деңгейлерінің 
арасындағы «тігінен» генетикалық байланыстарды орнатады.
Құрылымдық əдіс – тұлғаның барлық зерттелінетін 
сипаттамаларының арасындағы көлденең, құрылымды байланыс-
тарды жүзеге асырады.
Преформизм – индивидтің жетілген формадағы барлық 
қасиеттері мен сипаттамалары бала біту мезетінен бастап 
беріліп, алдын ала анықталып, ұрық жасушаларының өзінде 
болатын психикалық даму тұжырымдамасы. Преформизм – 
баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері тұрғысында 
нативизмнің бір түрі. 
Рекапитуляция (латын тілінен аударғанда rekapitulato
теориясы – онтогенездегі жеке дара даму түрлер мен адам тегі 
тарихының жылдам қайталануын білдіреді. 
Даярлық заңы – индивидте стимулдың нақты түрімен 
бекітуге даярлығының болуы. 
Либидо – адамзаттың жетістіктерін анықтайтын жəне оның 
дамуының негізін құрайтын адам белсенділігінің қуаты. 
Танатос  – өлімге құштарлық ретінде тепе-теңдікке қатысты 
жалпы бетбұрыс: адам ғайыптан келіп, ғайыпқа кетуі тиіс. Өлімге 
құштарлық бұл – өмірлік циклдің аяқталғандығының көрініс. 
Ығыстыру – бейсаналылыққа ығыстыру, санадан тыс сақтау 
жəне аластату;
Регрессия – мінез-құлық пен ойдың алдыңғы формаларына
объектілі қатынастарға, дамудың едəуір ерте кезеңдеріне қайта 
оралу;
Кету – физикалық қашу немесе ойша іштей кету;
Реактивті құрылыс – Супер Эгомен сыналатын тілектермен 
жəне ойлармен байланысты мазасыздықты бейсаналы жасыру, 
қалаулы мінез-құлықтың тікелей қарама-қарсы үлгісін таныту;


354


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет