Проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған жəне
кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы;
Идентификация – едəуір құдіретті жəне билікке ие
адамдардың бағдары мен көзқарастарын, құндылықтарын бір
жүйеге келтіріп, өзіне таңуы; балалар өздерін ата-аналарымен са-
лыстырады;
Изоляция – ойлардың немесе əрекеттердің уақытша ретін
(мəселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін
тəсілдердің жиынтығы;
Орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз
аффектінің шынайы бастауын құдіреті жəне қауіп-қатері
неғұрлым төменірек фигурамен алмастыру;
Рационализация – жалған дəлелдің көмегімен ақиқаттың
бұрмалануы;
Сублимация – инстинктивті тума əуестіктердің əлеуметтік
қалаулы жəне қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы.
Операциялар – өзге əрекеттер арқылы біртұтас жүйеге
реттелген əрі кері қайтарымы бар интериоризацияланған ішкі
əрекеттер. Кері қайтарым объектінің шарты ретінде анықталып,
негізгі қасиеттерінің сақталуына байланысты.
Метаморфоза заңы – дамуды сана күйлерінің бір ізді сапалы
өзгерісі.
Инстинкт – тума мінез-құлық, үйретуді қажет етпейді, түрдің
барлық мүшелеріне ортақ, бейімделу шеңбері өте тар.
Дағдылар немесе жаттықтыру – тума емес, үйретудің
нəтижесінде туындайды, бейімделу шеңбері едəуір кеңірек.
Интеллект – мінез-құлықтың жоғары формасы (үйретуді
қажет етпейді, қиын жағдаяттың мəнді қатынастарын күтпеген
жерден түсінуге, яғни инсайтқа негізделеді).
Сексуалды мақсат – лəззат алудың бастауы болып табыла-
тын денедегі эрогенді аймақ.
Эгоцентризм – бұл құбылыстар мен объектілер тек дербес
көзқарасының тұрғысында қарастырылатын, қоршаған əлемге
қатысты иеленген субъектінің ерекше танымдық ұстанымы.
Дербес ұстанымы бойынша əлемді тану, пəнге қатысты əртүрлі
көзқарастарды реттей алмаушылық;
Децентрация – дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да
ықтималды көзқарастармен реттеу.
355
Достарыңызбен бөлісу: |