38
5-сызба. Шартты рефлекстерді қалыптастыру үдерісі
шартты стимул
шартты
реакция
сызбасына өңделеді. Мінез-құлықты қалыптастыру үдерісі шарт-
ты рефлекстердің қалыптастыру үдерісіне ұласады (5-сызба).
Б. Скиннердің оперантты үйрену теориясы индивидттің мінез-
құлық репертуарындағы реакцияны тез арада бекіту арқылы жаңа
мінез-құлықты қалыптастыруға болады деп болжайды. Оның сыз-
басы (6-сызба):
6-сызба. Оперантты үйрену теориясы
ǵȎǶǮǰ
-áçǴȄá
ǯǩßȄǵǭȄ
ǪǮdzȎǻǼ
dzéȁǮDzǻǼ
(áǩDzǻǩǴǩǼ)
ǵȎǶǮǰ
-áçǴȄá
Оперантты үйретудің дəстүрлі үйретуден ерекшелігі қалаулы
бейімді мінез-құлықты бекіту мақсатында жүйелі қадағалануында.
Оперантты үйрету теориясы көптеген тəжірибелік еңбектердің,
атап айтқанда бағдарламалап оқыту жəне мінез-құлық
терапиясының бағдарламаларының құрастырылуына ықпал етті.
Мінез-құлықты түрлендіру мақсатында терапияда жетондар əдісі
кеңінен қолданылады. Ол бағдарлама түрмелерде, дəрігерлік ме-
кемелерде,
мектептерде, балалар бақшасында, яғни мүшелері
толыққанды жүйелі қадағаланатын мекемелерде қолданылады.
А. Бандураның əлеуметтік үйрету теориясы жануарлар мен
адамдарды үйретудегі ерекшеліктерге нұсқайды.
Адамның
үйренуі əлеуметтік еліктеу механизмі бойынша жүзеге асыры-
лады. Егер жануарларда мінез-құлықтың жаңа түрі байқау мен
қателесу жолымен қалыптасатын болса, адамда – мінез-құлықтың
əлеуметтік моделін қайталау арқылы жасалады. Адам өзгелердің
мінез-құлқын
бақылау арқылы, олардың қателерінен сабақ ала-
ды. Бандура ол тұрғыны балалардың агрессивтілігінің мысалы
39
арқылы дəлелдеді. АҚШ-та зорлық пен агрессияға толы фильмдер
көрсетіле бастағанда, ондай өнімнің балаларға ықпалымен байла-
нысты қоғамның мазасыздығын тудырды. Балалардың екі тобына
басты кейіпкері агрессивтілік танытатын фильмдер көрсетіледі.
Бір топ – соңында агрессор жазаланатынын, екінші топ – агрес-
сор жеңіп шығатын фильмдерді көреді.
Көрсетілімнің алдында
балалар ойынының ерекшеліктерін, атап айтқанда агрессияның
көрініс беру деңгейін тіркейді. Фильмнен кейін ойын бөлмесіндегі
балалардың мінез-құлқын бақылауға алады.
Агрессордың жеңіп
шығатынын көрген балалар ойыншықтарға қатысты агрессивті
мінез-құлық танытса, керісінше агрессиялық мінез-құлықтың
жазаланатынын көрген балалар агрессия көрсеткен жоқ.
А. Бандураның зерттеулері жаңа мінез-құлыққа үйрену үшін
əлеуметтік модельдің рөлін айқын көрсетті.
Ғалым жаңа мінез-
құлыққа үйренудің төмендегідей кезеңдерін көрсетті: мінез-құлқы
моделінің көрсетілуі, егжей-тегжейлі түсіндіру; баланың модельді
қайталауы, жаңғыртуы; кері байланыс пен бекітудің дұрыстығын
бағалау; жаттығулар.
Достарыңызбен бөлісу: