Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Л. С. Выготский бойынша кезеңге бөлудің психологиялық



Pdf көрінісі
бет34/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   154
damu psihologiyas kitap

Л. С. Выготский бойынша кезеңге бөлудің психологиялық 
өлшемдері
1
Дамуға тəн ерекше 
жағдай
белгілі бір кезең барысында дамуда орын 
алған барлық серпінді өзгерістерге ортақ 
бастапқы сəтті анықтайтын бала мен оны 
қоршаған ақиқаттың арасындағы тап сол 
жас шамасына тəн қатынас
2
Жас ерекшелік 
кезеңдердің жəне 
өткелдердің 
психологиялық 
жаңа құрылымдары
ортамен айрықша өзара қатынастардың 
нəтижесінде дамудың тап сол сəтінде 
алғаш рет туындайтын жаңа психикалық 
күйлері, қасиеттері


83
Кезекті тұрақты кезеңнің соңына қарай нақты жаңа 
құрылымдар жетіліп, соның салдарынан индивидтің қажеттілік-
тері өзгеріске ұшырайды. Ортамен өзара əрекеттесудің жаңа тəсілі
жаңадан туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайды. Тап 
осы жағдай дамудың бұрынғы əлеуметтік жағдайы жойылып, 
жаңасы туындайтын дамудың дағдарысына ұласады. 
Осылайша, Л. С. Выготский жас ерекшелік дағдарыстарды 
ортамен өзара əрекеттесудің бұрынғы түрлері жойылып, дамуда 
кенеттен туындайтын өзгерістер орын алатын тұрақты кезеңдерде 
біртіндеп жинақталатын шағын өзгерістердің шарықтау шегі 
ретінде қарастырады. 
Тұрақты жəне дағдарысты жас ерекшелік кезеңдердің 
айырмашылығы, біріншіден, дамудың əлеуметтік жағдайымен 
анықталады. Тұрақты кезең ортамен оған баланың қатынасымен; 
дағдарыс кезеңі үйлесімсіздікпен, қарама-қайшылықпен си-
патталады. Екіншіден, дағдарыс кезеңдерінің табысы өткінші 
сипатқа ие, жедел жаңа құрылымдар орын алады (мысалы, бір 
жастағы дағдарыс кезеңіндегі баланың көп мəнді сөздері қалыпты 
сқйлеуге алмасады). Үшіншіден, дағдарыста бала тұлғасының 
үдемелі дамуы уақытша кідіреді. Тұрақты кезеңдерге қарағанда, 
жаңа құрылымдардың қалыптасуынан гөрі жойылу орын алады. 
Бала ие болудың орнына алдыңғы кезеңдерде меңгергендерінен 
айырылады деуге болады. Алайда ол құбылыстардың барлығы 
жаңа дəрежеге өту үшін қажет болғандықтан, Л. С. Выготскийдің 
тұжырымдамасындағы дағдарыс – бұл даму актісі болып табы-
лады. 
Сонымен қатар, Л. С. Выготский шекаралардың белгісіздігі, 
шарықтау шегі жəне баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктердің 
айқындылығы 
сияқты 
дағдарыс 
кезеңдерінің 
өзіндік 
ерекшеліктерін атап көрсетеді. Ол дағдарысты сипаттауда 
баланың дамуы екпінді, қарқынды, тіпті кейде апатты сипатқа ие 
дей келе, орын алған өзгерістердің ырғағы əрі жасалып жатқан 
өзгерістердің мəні бойынша оқиғалардың төңкерісті адымын еске 
түсіреді деп атап көрсетеді. Ол өзгерістер салыстырмалы қысқа 
мерзімде орын алып, айналадағылардан байқалады. Бала өзінің 
бұрынғы келбетіне қатысты өзгеріске ұшырайды. Айқындаушы 
белгілері – мінез-құлықтың өзгеруі, оның жаңа түрлерін, тəрбиелік 
əсері бар əрекеттерге жаңа, үйреншікті үлгіден оғаш түрлерін 
меңгеруі.


84
А. Н. Леонтьев психикалық дамуды кезеңдерге бөлудің келесі 
бір қағидасын – іс-əрекеттің жетекші типін атап көрсетеді. Оның 
пікірінше, онтогенезді кезеңдерге іс-əрекеттің өлшемі жəне іс-
əрекет типтерінің алмасуы бойынша жүзеге асыру қажет. Əрбір 
кезең үшін ол жетекші іс-əрекеттің өзіне тəн типін көрсетеді. 
Жас ерекшелік дағдарыстар мен кезеңдерге бөлу мəселесі 
Д.Б.Элькониннің еңбектерінде өз жалғасын табады. Ол алдыңғы 
зерттеулерді біріктіре отырып, кезеңдерге бөлудің үш өлшемін 
көрсетеді, олар: 
1) дамудың əлеуметтік жағдайы; 
2) жетекші іс-əрекет; 
3) тұлғалық жаңа құрылымдар. 
Баланың жас ерекшеліктері дамуының нақ сол кезеңіндегі
ортамен өзара қатынастарының сипатын анықтап, нəтижесінде 
жастың негізгі жаңа құрылымдарының туындауына ықпал ететін 
нақты жетекші іс-əрекет қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет