93
3.6. Іс-əрекеттік тұғыр баланың психикалық дамуының
қозғаушы күштері мен себептері туралы
Жоспары:
1. Психика дамуының əлеуметтік-тарихи шартталуы
2. Əлеуметтік орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі
жайында
3. Қарым-қатынастың рөлі
4. Іс-əрекеттің рөлі. «Жетекші іс-əрекет» ұғымы
1. Психика дамуының əлеуметтік-тарихи шартталуы
Психиканың əлеуметтік-тарихи шартталуының қағидасы
А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің, А. В. Запарожецтің,
П. Я. Гальпериннің еңбектерінде дамуын тапты.
Жануарлар əлеміндегі психикалық даму үздіксіз даму əрі са-
палы секірмелі кезеңдерді қамтитын
біртұтас диалектикалық
үдеріс болып табылады. Психиканың фимлогенезде дамуының
мұрагерлігі адам психикасының сапалы ерекшелігімен, адам
онтогенезінің айрықша белгілерімен үйлеседі. Іс-əрекеттік тұғыр
психиканың ерекшеліктері мен дамуын субъектінің тіршілік
əрекетінің сипатымен байланыстырады. Психологияда дамудың
екі түрі қарастырылады. Біріншісі – онтологиялық дамудың
биологиялық типін болжайтын жануарларға тəн инстинктивті-
биологиялық болса, екіншісі – дамудың онтогенездегі əлеуметтік
типін анықтайтын өнімді іс-əрекетке,
еңбекке негізделген
əлеуметтік-тарихи даму.
Өмірдің инстинктивті-биологиялық типі субъекті мен
ортаның,
қажеттіліктерді
қанағаттандыру
тəсілдерінің
арасындағы қатынастардың алдын ала анықталуымен сипатта-
лады. А. Н. Леонтьев өмірдің инстинктивті-биологиялық типінің
аумағында жануарлар ешбір топқа жатқызылмайды, өйткені оның
əлемге қатынасы генетикамен, түрдің бағдарламасымен алдын ала
анықталады, ал қажеттіліктерді қанағаттандыру тəсілі тума болып
келеді.
П. Я. Гальпериннің пікірінше, қажеттіліктерді қанағаттан-
дырудың тəсілі эволюция барысында қалыптасқан, ерекше
94
сезімталдықта
бекітіліп, қатаң тіркелген, сондықтан ағза мен
ортаның арасындағы қатынастар алдын ала анықталынып,
белгіленеді.
Өмірдің əлеуметтік-тарихи типі материалды жəне рухани
еңбек адам тіршілігінің қамтамасыз ететін жағдайлардың баста-
уы болып табылатын қоғамдық заттық-өнімді, жиынтықталған
іс-əрекетпен анықталады. Адам
дайын табиғи құралдарды
пайдаланбай, тіршілігінің жағдайын өзі жасайды. Адамның
тіршілік əрекетінің ерекшелігі де осында əрі дəл соның негізінде
онтегенездегі өмірдің жəне дамудың типі өзгереді. Еңбек іс-
əрекетінің өндірістік сипатының арқасында еңбек өнімдерінде
адам қабілеттерінің заттылануы жүзеге асырылады. Тіршілік
ету тəсілі қажеттіліктерді қанағаттандыру тəсілі сияқты заттық-
өңдеуші өнімді іс-əрекетте адаммен жасалынады.
Жануарларға қарағанда, адам тəжірибесінің екі түрі бар.
Біріншісі – түрге
байланысты, тума, генетикалық тұғырда
бағдарламаланған, екіншісі – үйрету барысында өмір барысында
қалыптасатын жеке дара тəжірибе, үшіншісі – мəдени, əлеуметтік-
тарихи, яғни адамзаттың тектік тəжірибесі. Адамның өнімді еңбек
іс-əрекетіне өтуіне байланысты түрге байланысты тəжірибенің
белгіленуі мен жинақталуының түрі материалды жəне рухани
мəдениеттің заттарында сыртқы формаға өзгереді.
Дамудың
əлеуметтік-тарихи
түрі
тұқым
қуалаудың
генетикалық жəне əлеуметтік атты екі түрін болжайды.
Эволюция барысында түрге байланысты тəжірибенің
белгіленуінің биологиялық, генетикалық формасы сыртқы,
мəдени түріне қарағанда, өнімсіз болады. Оның себебі мынада,
тарихи дамудың темпы түрдің қабілеттерін генетикалық бекітуге
қажет уақытпен салыстыруға тұрмайды. Сыртқы, мəдени фор-
мада жүзеге асырыла бастаған
тұқым қуалау формасы даму
типінің өзгеруіне əкеледі. Баланың онтогенетикалық дамуының
ерекшелігі оның əлеуметтік-тарихи мəдени тəжірибені меңгеру
формасында жүзеге асырылуында.
Адам қоғамдық-тарихи тəжірибені иемдену барысында
мəдениеттің затына қатысты іс-əрекеттің бара-бар формасын
жүзеге асыруы тиіс. Заттыландыру – затсыздандыру үдерісін
А. Н. Леонтьев адамның түрге байланысты қабілеттерінің дамуы
үшін негізгі екендігін айтады. Даму – бұл индивидуумның та-
95
рихи қалыптасқан, адам қабілеттерінің мəдениетінде
бекітілген
қабілеттерін, іс-əрекет жəне мінез-құлық тəсілдерін жаңғыртуы.
Мəдени тəжірибе баланың ересекпен қарым-қатынасында
жəне ынтымақтастықта адами қабілеттердің дамуы мен заттыла-
нуына бағытталған белсенді заттық іс-əрекетінде жүзеге асыры-
лады.
Адамға тəн жаңа дамудың маңызды сипаттамалары
төмендегідей болады:
●
даму əлеуметтік-мəдени тəжірибені меңгеру ретінде;
●
даму жеңіс ретінде (преодоление). Жануарларға тəн
бейімделу типіндегі дамуды адамға тəн жеңу типі бойынша даму
орын басады.
Д. Б. Эльконин тұлғаның өзін-өзі жеңуінде анықталатын ерек-
ше инстанция ретінде ұғымын береді. Баланың бастапқыдағы
қауқарсыздығы,
мінез-құлық
пен
қабілеттердің
тума
формаларының болмауынан бейімдейтін еш дүние болмаған
соң, бейімделуді жоққа шығарады. Қабілеттердің дамудағы
міндеттері дербес мүмкіндіктерінен шеңберінен асып, əлеуметтік
тəжірибенің аумағына – ынтымақтастықта өзін-өзі жасауды, яғни
адамның өзін-өзі жеңуін талап етеді. Адам психикасы дамуының
ерекшеліктері болашақта дамудың эталондарын ұсынатын идеал-
ды үлгіге қарай қозғалыста анықталады. Жеңу заңдылығымен
жоғары дəрежедегі қауқарсыздықтан қуаттылыққа жетуіндегі
адам дамуының басты ғажайыбын түсіндіруге болады.
Өмірдің
бастапқы кезеңіндегі толықтай қауқарсыздық меңгеру жəне жеңу
əлеуеті арқылы дамудың шектеусіз мүмкіндіктерін ашады.
Осы тұрғыда дамудың жеке дара үш нұсқасын көрсетуге
болады, олар: жаттанды қауқарсыздық (кез келген проблем-
ды жағдайда əрекет етуден бас тарту), конформдылық түріндегі
бейімделу (жағдайды бар күйінде қабылдау); шығармашылық
жеңу жəне жасампаздық ретінде.
Адамның онтогенездегі дамуының типі жайлы жаңа түсінікке
сəйкес дамудағы тұқымқуалаушылықтың, ортаның, қарым-
қатынас пен іс-əрекеттің рөлі туралы түсінік те өзгереді.