Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет50/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   154
damu psihologiyas kitap

Балалар психологиясы нəрестелік кезеңді (туғаннан бір жасқа 
дейін), бөбек кезеңін (бір жастан үш жасқа дейінгі кезең), мектеп-
ке дейінгі кезеңді (3-6,7 жас шамалары) жəне бастауыш сынып 
кезеңін (6, 7-11,12 жас шамалары) құрайды. 
Жасөспірімдік жəне жастық шақ психологиясы кіші 
жасөспірімдік жас шамасын (жыныстық дамудың басталуынан 11-
12 -ден 15 жасқа дейін), ересек жас ерекшелік кезең (ерте жастық 
шақ) 15-тен 17-ға дейін жəне жастық шақтан (17-19) құралады.
Ересек адам психологиясы (акмеология) ерте, орташа жəне 
кеш ересектікті құрайды. Егер балалар психологиясының жас 
ерекшелік шекаралары анық белгіленген болса, ересек адам пси-
хологиясында аталмыш шекаралар салыстырмалы белгіленеді.
Қартаю жəне егде жас психологиясы (геронтология) мосқал 


123
жас шамасын, қарттықты жəне ұзақ өмір сүру кезеңдерін қамтиды.
Бəрінен де балалық шақ жақсы зерттелінген – зерттеу 
жұмыстары мен теориялардың көпшілігі дəл балалық шаққа 
арналған. Ұзақ уақыт бойы жас ерекшелік психологиясы ба-
лалар психологиясы ретінде дамып келген. Оның екі себебі 
бар. Біріншіден, балалалық шақтағы дамудың жоғары жиілігі
негізділігі жəне өзгерістердің айқындылығы. Екіншіден, балалар-
ды оқыту мен тəрбиелеудің жағымды ұйымдастыруға бағытталған 
қызығушылықпен шартталған психологияға деген əлеуметтік 
сұраныс. 
Əрбір жас кезеңінің шеңберінде нақты жас шамасының си-
паттамаларын едəуір егжей-тегжейлі анықтап, талдауға бол-
са, жалпы жас ерекшелік динамикасын кезеңдер қатарының 
қамтылуын бірнеше жас ерекшелік «қималарының» салыстырма-
лы сипаттамаларының анықталуын талап етеді.
Жас ерекшелік психологиясының пайда болу кезінен бас-
тап (ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы), зерттеулер 
объектісінің жас ерекшелік шекаралары біршама кеңейді. 
Ересек адамдардың психологиясына байланысты зерттеу-
лер біртіндеп жастарға, жасөспірімдерге, бастауыш сынып 
оқушыларына, ал кейінірек мектепке дейінгі жас шамасындағы 
балаларға да қолданыла бастады.
Адамның жас кезеңдерінің қазақша атаулары жайлы 
Ж.Түрікпенұлы, А. Т. Ақажанова, А. Садыровалар құрастырған 
«Қазақша психологиялық сөздікте» бұл мəселенің əлі де бір 
қалыпқа келмегенін осы тақырыпқа байланысты жазылған 
əдебиеттерді зерделегенде бірден байқауға болатынын айта-
ды. Осы орайда авторлар төмендегі бірнеше оқулықтар мен оқу 
құралдарына талдау жасаған. Мəселен:
1. М. М. Мұқанов. Жас жəне педагогикалық психология. Ал-
маты, 1982, 25-29 беттер.
2. Педагогикалық жəне жас ерекшелігі психологиясы. Редак-
циясын басқарған проф. А. В. Петровский. Алматы, 1987. 
3. Ж. Б. Қоянбаев. Семья жəне балалар мен жеткіншектер 
тəрбиесі. Алматы: Рауан, 1990, 66-75 беттер.
Профессор М. Мұқанов өзінің жоғарыда аталған кітабында 
баланың жас кезеңдерге бөлуді екі тұғырда қарастырды:
І. Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын қезеңдерге бөлу;


124
2. Қазіргі кезде ғылыми тұрғыдан балалар психологиясының да-
муын кезеңдерге топтастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет