130
Студенттердің
өзіндік
жұмыстарының
(СӨЖ)
тақырыптары
1. Қазақ жырауларының адам ғұмырының əртүрлі
кезең-
деріндегі ерекше көріністерін сипаттаған ой-толғауларына
психологиялық тұрғыда талдау жасау (16-қосымша).
2. Адамның жас ерекшелігіне сай өзіндік қасиеттерін сипат-
тайтын мақал-мəтелдердің психологиялық астарларына түсінік
беру (
18-қосымша).
Реферат тақырыптары
1. ХVIII-ХIХ ғасырлардың бірінші жартысында өмір сүрген
Шал Құлекеұлының адамның жасына қатысты толғаулары.
131
4.2. Нəрестелік кезең (туғаннан – 1 жас аралығы)
Жоспары:
1. Баланың пренатальды дамуының ерекшеліктері
2. Нəрестенің психологиясы жайлы түсінік
3. Жаңа туған нəресте жасы
4. Нəрестелік кезең: өмірінің алғашқы жылының бірінші
жартысы
5. Нəрестелік кезең: өмірінің екінші жартысы
6. Нəрестелік кезеңдегі дағдарыс
1. Баланың пренатальды дамуының ерекшеліктері
Адамның психикалық дамуының алғашқы дəуірі – ерте
балалық шақ – дүние есігін жаңадан ашқан нəрестелік шақ
дағдарысынан басталып, нəрестелік жəне бөбек жас шамасы-
нан құралады. Дүние есігін ашқанға дейін психикалық бейнелеу
жəне дамудың сəйкес түрі де болмайды, сондықтан пренатальды
кезең (ұрықтанып, дүниеге келгенге дейін) адамның психикалық
дамуының жіктелуімен қамтылмайды.
Нəрестенің дүниеге келу мезетінде баланың өмір мен даму түрі
жəне заңдары түбегейлі өзгерістерге ұшырайды.
Баланың дара
психикалық өмірі нəрестелік кезеңінің орталық психологиялық
жаңа құрылымы болып табылады. Пренатальды даму негізгі үш
кезеңнен тұрады:
●
герминалды (ұрықтанғаннан 2 аптаға дейін) –
жасушалардың жылдам жетілуі мен алғашқы дифференциялану
кезеңі;
●
эмбрионалды (2 аптадан 2 айға дейін) – негізгі құрылымдар
мен ағзалардың қалыптасу кезеңі;
●
феталды (3 айдан туғанға дейін) – ұрықтың
қарқынды
морфофизиологиялық даму кезеңі.
Жүктіліктің екінші триместрдың соңына қарай (4-6 ай)
баланың миы алты есеге ұлғаяды. Алтыншы айдың соңына қарай
жатырдағы бала өмірге қабілетті болады. Баланың анализаторлық
жүйелерінің біршама дамығандығының дəлелі ретінде оның
132
дыбысқа, тактильді тітіркендірігіштерге əсерін байқауға болады.
Үшінші триместрде (6-9 ай) орталық жүйке жүйесі қарқынды
дами
бастайды, дем алу мен жұтуға жауапты құрылымдар
қалыптасады, сенсорлы жəне моторлы орталықтар локализация-
ланады (7 ай), сипауға жəне дірілге сезімталдық пайда болады,
баланың анасымен өзара əрекеттестігі қалыптаса бастайды.
Баланың анасының жүрегіне сезімталдығы пайда болады. Бала
мен ана жүрегі соғысының синхрондығы бала ағзасының барлық
физиологиялық жүйелерінің іс-əрекетіне жағымды ықпал етеді.
Пренатальды даму психологиясында баланың психикалық дамуы-
на жағымды ықпал ету мақсатында анасымен қарым-қатынасының
неғұрлым ерте қалыптасуының маңызы мойындалған.
Ондай
қарым-қатынас сипалау, баламен сөйлесу, тілдесу түріндегі «ха-
бар» алмасу сипатына ие. Осындай өзара əрекеттестік ата-аналық
ұстанымның қалыптасуына,
баланы эмоциялы қабылдауға,
ананың оның мінез-құлқы мен күйлеріне сенситивтілігін арттыру
үшін, оған субъективті қатынасын қалыптастыру үшін жағымды
ықпал етеді. Пренатальды кезеңдегі қарым-қатынас тəжірибесі
ананың босануға психологиялық даярлығын қалыптастыруға
жəне баланың дүниеге келу мезетінде жақын ересекпен
ынтымақтастығын реттеу үшін маңызын жоққа шығаруға болмай-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: