Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет49/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   154
damu psihologiyas kitap

 
ба
ла
лық
 
шақ
 
3-7 
жас
Баст
уыш
 
мектеп
 жас
 
шам
асы
 7-12 
жас
Ж
асөспірімдік
 
жас
 шам
асының
 
дағдарысы
Дамудың
 
əлеуметтік
 
жағдаяты
Ішкі
үдерістер
Қа
уқар
сыз
дық
Д
ерб
естілік
Əле
уметтік
М
енді
с
езіну
Ере
сек
тер
ден
бөлек
тену
Өмір
де
орнын
анықт
ауы
Сыр
тқы
жағдайлар
Ере
сек
пен
жанам
аланған
іс
-əрек
ет
Ере
сек
тер
дің
та
лабы
Т
ала
пт
ар
дың
жаңа
жүйе
сі
Ор
та
мек
тепк
е 
көшу
Тұлғаның жаңа
 
құрылымдары
Ор
та
лық
жаңа
құрылымдар
А
ф
фек
тив
ті
ұғымдар
Ме
н 
жүйе
сі
Ішкі
ұст
аным
Мақс
атты
бо
лжа
уға
қабілет
-
тілік
Өмір
лік
ж
оспар
-
лар
дың
қа
лыпт
а
су
ы
Қаж
еттілік
Өзін
-өзі
дəлелде
у
Ж
аңа
өмір
лік
ұст
аным


120
Біртұтас цикл (дамудың дəуірі) мотивациялық қажет-
тіліктердің, тұлғалық сфераның даму кезеңдерін жəне операция-
лық-техникалық, ақыл-ой сферасының кезеңдерін қамтиды.
Əрбір дəуір келесісінен тұлғаның əлеммен қатынастарының қайта 
құрылуына байланысты туындайтын 3, 12 жəне 17 жастардағы
үлкен дағдарыстар арқылы ажыратылады. Кезеңдер бір-бірінен 
баланың өз-өзіне қатынасының қайта құрылуын болжайтын жəне 
дара сананы дайындауға, дүниеге келуіне жəне дамуына байла-
нысты 1, 7 жəне 15 жаста туындайтын кіші дағдарыстар арқылы 
ажыратылады. Кіші дағдарыстырға тəн қарама-қайшылықтар 
қалыптасқан мотивтердің қайшылығымен жəне іс-əрекетті жүзеге 
асырудың сəйкес құралдарының болмауына байланысты. Үлкен 
дағдарыстар мотивтердің, қажеттіліктердің қалыптаспауына жəне 
өмірлік ұстанымның қажеттігіне байланысты. 
Жас ерекшелік дамуды кезеңдерге жіктеудің маңызды 
шектеулері:
1. Жіктеуге пренатальды даму кезеңі қамтылмаған, өйткені 
бұл кезеңде дамудың өзге заңдылықтары (органикалық жетілу) 
орын алады. 
2. Жіктеу ересек кезеңдерді қамтымастан 17 жаспен аяқталады. 
Жіктеудің жас бойынша осылай шектелуі ересек жастағы дамудың 
заңдарын түбегейлі өзгерту жайындағы болжамға байланысты. 
17 жасқа дейін тұлғаның дамуы əлеуметтік-мəдени тəжірибені 
меңгеру түрінде, ересектікке өткен соң жасампаз мəдени 
тəжірибені меңгеру түрінде жүзеге асырылады. Ересек жас үшін 
құрылым қосымшаға мұқтаж. В. М. Моргун жəне Н. Ю. Ткаче-
ва ересек жастар үшін жетекші іс-əрекет қағидасын қолдануға 
əрекет етеді.
Баланың психикалық дамуының кезеңдерге жіктелуі – ерте 
балалық шақ, балалық шақ жəне жеткіншектік дəуірлерін 
қамтиды. 
Ерте балалық дəуірі жаңа туған сəби дағдарысы (0-2 ай) 
дағдарысынан басталады. Бұл дағдарыстың ерекше сипаты даму 
мен өмір типінің өзгерістеріне байланысты. 
Нəрестелік кезең (2-12 ай) – балалық шақ дəуірінің алғашқы 
кезеңі. Жақын ересекпен тікелей эмоциялық қарым-қатынас атал-
мыш кезеңнің жетекші іс-əрекеті болып табылады. Мотивациялық-
қажеттілік аумағы алдын алушы ырғақпен дамуда. Жас 


121
ерекшелігінің орталық мəселесі – қарым-қатынас қажеттілігінің 
шығу тегі жəне жақын ересек адаммен қарым-қатынас түрлерінің 
дамуы. Нəрестелік өмірдің бірінші жылындағы дағдарыспен (кіші 
дағдарыспен) аяқталады.
Ерте жас шамасы (1-3 жас) ерте балалық шақ кезеңінің 
екінші кезеңі болып табылады. Жетекші іс-əрекеті – затты адам 
қолданатын құрал ретінде пайдаланудың əлеуметтік қызметі жəне 
тəсілі ретінде меңгеруге бағытталған заттарды-құралдарды пай-
далану іс-əрекеті болып табылады. Танымдық ақыл-ой аумағы 
– сөйлеу-тілі, ойлау, қабылдау үдерістері басымдылықпен да-
митын кезең. Кезең үш жастағы – «Мен өзім» деп сипатталатын 
дағдарысымен аяқталады. Бала мен ересектің арасындағы қарым-
қатынас біріншісінің автономдылығы мен дербестілігінің есебіне 
байланысты қайта құрылады. 
Балалық шақ дəуірі де мектепке дейінгі жəне бастауыш мектеп 
жас шамасынан құралады. Мектепке дейінгі жас шамасындағы 
(3-7 жас) жетекші іс-əрекет баланың əлеуметтік жəне тұлғааралық 
қатынастар жүйесінде, ойыншықтарды қолдану, рөлдерді ой-
нау арқылы жүзеге асырылатын адам іс-əрекетінің міндеттері, 
мағыналары 
жəне 
мотивтері 
жүйесінде 
бағдарлануына 
бағытталған модельдеуші типтегі, желісі бар рөлдік ойын болып 
табылады. А. Н. Леонтьевтің айтуынша, бұл кезеңде тұлғаның 
құрылымы қалыптаса бастайды, мотивтер бір-біріне бағынатын 
болады. Мектепке дейінгі жас шамасы баланың əлемге қатынасын 
жанамалайтын жəне жеке қатынастың туындауына ықпал ететін 
ішкі күйзелістер əлемі қалыптасатын 6-7 жастағы дағдарыспен 
(кіші дағдарыс) аяқталады. 
Бастауыш мектеп жас шамасы (7-11 жас) жетекші іс-əрекет 
ретінде мазмұны ғылыми ұғымдар жүйесінде əрекеттердің 
жалпыланған тəсілдерін меңгерумен ерекшеленетін оқу 
əрекетімен сипатталады. Танымдық аумақ пен интеллект 
басымдылықпен дамиды. Бастауыш мектеп жас шамасы баланың 
ересекпен қатынастарының қайта құрылуымен анықталатын 12 
жастағы (үлкен дағдарыс) дағдарыспен аяқталады. Дағдарыста 
сана-сезімнің ерекше түрі – есею сезімі қалыптасады. Біріншіден, 
– бұл рефлексия, күйзеліс, ұмтылыс емес, сезім. Екіншіден, сана-
сезімнің əлеуметтік формасы. 
Жасөспірімдік кезең (12-17 жас) 12 жастағы дағдарымпен бас-


122
талып, жасөспірімнің ересектікке өтуіне байланысты туындайтын 
17 жастағы дағдарыспен аяқталады. 
Кіші жасөспірімдік жас шамасы (12-15 жас) жасөспірімдік 
дəуірінің бірінші кезеңі. Жетекші іс-əрекеті – мазмұны серіктесімен 
жақын қатынастарды орнату, оны жəне өзін тану арқылы 
анықталатын құрдастарымен интимді-жеке қарым-қатынас бо-
лып табылады. Тұлғаға бағытталған қарым-қатынас барысында 
адамгершілік нормаларының қағидалары меңгеріліп, осы жас 
шамасының моральды тəрбиеге жоғары сезімталдығының туын-
дауына ықпал етеді. Басымдылықпен тұлғалық аумақ дамиды. 
15 жастағы эго-ұқсастыру, дара сана-сезімнің туындауы, «Менің» 
екінші рет дүниеге келу дағдарысымен аяқталады. 
Жоғары жасөспірімдік жас шамасы (15-17 жас) жасөспірімдік 
дəуірін аяқтайды. Жетекші іс-əрекеті – алдын ала өзін кəсіби 
анықтау тұрғысында ғылыми ұғымдардың жүйесін меңгеру 
ретіндегі оқу-кəсіби іс-əрекет болып табылады. Оқу іс-əрекетінің 
сипаты өзгереді, ол өз-өзінің білімін арттыру сипатына ие бола 
бастайды (секциялар, курстар, дайындықтар, хобби). 17 жастағы 
дағдарыс жасөспірімнің дəуірінің аяқталуын жəне ересектікке өту 
бастауын анықтайды (кеш жастық шақ кезеңі – 17 – 20-21 жас).
А. В. Петровский əрбір жас кезеңі үшін референтті 
қоғамдастыққа енудің үш фазасын көрсетеді, яғни тұлға 
құрылымының дамуы мен қайта құрылуы жүзеге асатын адапта-
ция, индвидуализация жəне интеграция.
Осы кезде оқыту мен тəрбиелеудің қалыптасқан жүйесін еске-
ре отырып, даму психологиясының ішінде төмендегідей бөлімдері 
анық белгіленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет