4. Баланың жеті жастағы дағдарысы
Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезеңдері сияқты,
психикалық дамуында дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге
ұшырап отыратындығы ғылыми əдебиеттерде баяндалған.
Мұндай өзгеріс баланың жеті жастағы дағдарысы деп те ата-
лады. Осы кезеңде баланың ақыл-ойының өсуіне орай қауырт
өзгерістерге ұшырап, тəрбиесі жөнінен де бұрынғы уақытқа
қарағанда, неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл
кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те
атау қиын. Өйткені ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.
Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер
жарық көрді. Зерттеу нəтижелеріне қарағанда, жеті жастағы
бала енді бұрынғы нағыз балалық ерекшеліктерінен айырыла-
ды. Алайда оның қимыл-қозғалыстары мен ішкі жан дүниесі
сол балдырғандығын көрсетеді. Бұл кезеңде бала алдына мақсат
қойып, оны өздігінен аңғара білуі, тілегіне жетіп, оны жүзеге
асыруы толық жетілмеген. Мектеп жасына дейінгі баланың
дағдарысқа ұшырау жағдайы оның аңғырттығы мен бірбеткейлігі,
қүрт өзгеретіндігі қарапайым бақылау арқылы көзге түседі. Бірақ
оның мінез-құлқы мен өзінің маңындағы адамдармен қарым-
қатынастарынан анық байқала қоймайды.
Жеті жастағы баланың бойы тез өсіп, едəуір өзгерістер бола-
ды. Бұл кезеңде баланың тісі түсіп, оның орынына жаңа тістер
191
шығады. Жеті жастағы баланың кезеңі үш жастағы кезеңнен
əлдеқайда күрделі сипатта болады.
Жеті жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен
екі түрлі ерекшелігін қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей
қырсығады. Жүріс-тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін
жасанды қылықтар пайда болады, ұшқалақ, қылжақбас, күлдіргі
қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ ретінде көрсетеді,
Мұндай қылықтар баланың жеті жасқа дейінгі кезеңі болғанымен,
оның төңірегінде оған жете мəн бермейді. Мұнда қылжақтау
əрекетінің пайда болуы нендей себептерге байланысты? Бала
мұндай келеңсіз қылжақбас бейнелерді, əсіресе өзінің сыртқы
тұрпатына, өзгелердің жүріс-тұрысына қарап еліктеп істейді.
Мысалы, біреудің дауысы дірілдеп шығатын болса, соның сөйлеу
ырғағына қарап, бала өз дауысын да дірілдетіп шығаратын бола-
ды. Сондықтан баланың орынсыз сөз айтып, қалжыңдаса, оған
ешкім де таңданбайды. Өйткені мұндай мінез көріністері жеті
жасар балаларға тəн ерекшелік екендігі, оның дамуындағы заңды
құбылысқа тəн мінез жəне оның ұяңдықтан ажырап, өзіндік
ерекшеліктері сыртқа шығару белгілері екендігі белгілі.
Жеті жастағы баланың дағдарысының ең басты көрінісі оның
жеке басының ішкі жəне сыртқы дүниесіндегі елеулі өзгерістерге
ұшырау себептерімен байланысты. Баланың мінезіндегі
дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі жəне
сыртқы сапалы өзгерістердің пайда болуымен ұштастыру қажет.
Өйткені баланың бойында жаңадан өзіндік мінез көріністері пай-
да болып, мұндай ерекшеліктер былайғы адамдарға күлкілі болып
көрінеді. Осы орайда бала мінезіндегі өзгерістердің зандылық
екендігін атақты актер Ч. Чаплин орындаған рөлден айқын көруге
болады. Ол ересек адамдардың рөлін ойнағанда өзін ерекше
балалық аңғыртықпен, балалық мінезбен көрсетеді. Оның күлдіргі
əрекеттерінің сыры да, басты шарты да осында.
Бала бойындағы аңғалдық мінездің жоғалуы оның есі кіріп,
ақыл-ойының сапалық деңгейге көтеріле бастауы деген сөз.
Мұндай мінез баланың бойына сыналай еніп, оның аңғырт жəне
өзіндік іс-əрекетінде елеулі өзгерістер тудырады. Сонымен жеті
жастағы дағдарыстың өзіндік сипатымен қатар, баланың əр алуан
əрекеттерінің ықпалынан ақылы кіріп, сыртқы болмыстың мəн-
жайын түсіне білуге бағдарлап отырады.
192
Қазіргі заманғы жеке адамның психологиясы мен
психопатологиясындағы күрделі мəселелердің бірі – əрбір
нəрсенің мəн-жайына түсіне білу деп санар едік. Бұл мəселенің
мазмұнын ашып көрсету үшін нəрселердің сыртқы əсерін
қабылдаумен ұштастыра отырып қарастырған түсінікті бола-
тын сияқты. Адамның сыртқы əсерлерді қабылдауындағы елеулі
ерекшелік – оның түсінікті болуы, затты тікелей қабылдауы.
Қабылдайтын əсерлер комплексті түрде ішкі əсерлермен бір
мезгілде ұштасып жатады. Мысалы, мен бірден сағатты көремін.
Адамның сыртқы əсерді қабылдауын миы зақымданған ауру
қабылдауымен салыстыру керек. Ондай ауру адамға сағатты
көрсетсеңіз, оны танығанымен не үшін қажет екенін білмейді. Ол
сағатты көргенімен оның қандай зат екенін айыра алмайды. Егер
сіз сағатты сырқаттың көзінше бұрап немесе оның жүретініне
көз жеткізу үшін құлағыңызға тақап тыңдасаңыз немесе уақытты
білу үшін оған қарасаңыз ауру адам бұл сағат болу керек дейді.
Ол көрген затты сағат деп пайымдайды. Ал біз үшін сағаттың
уақыт өлшеуші құрал екендігі санамызда мықты ұялайды. Соны-
мен қабылдау көрнекі ойлаудан ажыратылмайтын қасиет сияқты.
Көрнекі ойлау үдерісі затты түсінумен қатар жүреді. Егер мен мына
зат сағат десем, содан кейін бұған ешқандай ұксамай мұнарадағы
əлдебір сағатты көріп, оны да сағат деп атасам, онда мен бұл затты
белгілі бір заттар тобына жататын нəрсе деп ұғынамын. Қысқасын
айтқанда, əрбір нəрсенің бейнесін қабылдауда жинақтау сипаты
болады. Сонымен бірге, қабылдау үдерісінің біздің танымымыз бо-
йынша, оның үнемі мағыналық сипатта болып отыратындығына
көзіміз жетеді. Осы орайда қабылдаудың өзіндік талғамалы
болатындығын да атау керек. Мысалы, мен сағатты оның жанын-
да жатқан заттар құрылымында ғана емес, сол сағаттың өзін жеке
зат ретінде қабылдап білемін.
Жеті жасар баланың өз көңіл-күйін біліп, «мен қуандым»
«мен ренжідім», «мен ашулымын», «мен көңілдімін», «менің
ызам келіп тұр» деген жайттардың мəнісін түсіне бастайды, яғни
ол өзінің күй-жайын бағдарлай алады. Ал үш жастағы сəбидің
басқа адамдарға қатынасын аңғаруы сияқты, жеті жастағы бала
өзінің əсерлену сезімін ұғына алады. Соның нəтижесінде жеті
жасар баланың бойындағы дағдарысын сипаттайтын кейбір
ерекшеліктер көріне бастайды.
193
1. Өмір тəжірибесінің əсерінен бала басынан кешірген
нəрселердің мəнін түсініп, оларды жинақтап түсіну мүмкіндігі
қалыптасады. Əрбір жаңа жүріс сайын тастар арасындағы жаңа
байланыстардың пайда болатыны сияқты, баланың тіршілік
əрекетінде белгілі пайым, тұтас ұғым жасалады. Осыдан келіп
жеті жастағы баланың танымдық əрекеті жаңа сипатка ие болады.
2. Жеті жастағы баланың дағдарыс кезеңінде сыртқы əсерлер
жиынтығын жалпылап, басынан кешірген сезім күйлерінің даму
жағдайын түсінерлік дəрежеге жетеді. Сəтсіздікке ұшыраса оған
реніш білдіріп, өзге балалардың ұнамсыз қылықтарын жақтырмай
сырт айналады. Кемтарлардың жүріс-тұрысына күледі. Өз ба-
сынан кешірген сəтсіздіктеріне реніш білдіреді. Ал арадан көп
уақыт өтпей-ақ, ашық-жарқын бола қалады. Алайда ол көптеген
сəтсіздіктерді қорытып, оған жалпы сипат беруге ойы жетпейді.
Мектеп жасындағы бала өз сезімі мен басынан өткен жайттарды
жинақтай бастайды. Басынан кешірген ашу-ызалары тұтасып,
оның ренішті жағдайлар жайындағы түсінігі қалыптасады. Алай-
да ондай сезім күйлерінің бəрі дара уақиға сипатында болып қала
береді. Мектеп жасына дейінгі балада өзін-өзі бақылау, намыстану
сезімдері қалыптаспаған. Мұның бəрі бала өсе келе өз бойындағы
ерекшеліктерін əр алуан жағдайларды басынан кешіру арқылы
сезіне алатын болады. Жеті жастағы баланың дағдарысы осы өз
басынан өткен оқиғалар мен мінез-құлықтарының мəнін түсіне
алмау себептерінен туындап отыратындығын атап көрсетуді қажет
етеді.
Мектеп жасына дейінгілердің өзімшілдігі басым. Бірақ ол
өзінің мүмкіндігін жеке басының қасиеттерін бағалай білуінен
алшақ жатады. Осыдан келіп жеті жасқа қарай баланың бойын-
да бірқатар күрделі құрылымдар пайда болады. Алайда мұндай
өзгерістер мектеп жасына дейінгі қиындықтардан түбегейлі түрде
ерекше сипатта болады.
Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар
нəтижесінде оның бұрынғы қисық-қыңыр, қылжақбас қылықтары
біртіндеп жойыла бастайды. Жеті жастағы дағдарыс кезінде ба-
лада ішкі жəне сыртқы өзгерістердің пайда болуы арасында
оның тұңғыш маңызды түсіну ерекшеліктері қалыптасып, енді
тіршілік бейнесі туралы ниеттерінің ішкі күресі де пайда болады.
Конфеттің тəттісін алу керек пе, əлде оның байқалғанымен белгілі
194
тұжырымға тоқтау қабілеті əлі де тұрақты сипат ала қоймайды.
Сондықтан олар əсерлердің қарама-қайшылығын іріктеуінде
солқылдақтық көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде кездесе қоймайтын тəрбиесі
қиын деп аталатын балалар да кездеседі. Бұл кезеңде бала өз ба-
сын бағалауда маңындағыларымен қарым-қатынаста қандай орын
алатынын ол əлі де пайымдай алмайды. Соның салдарынан ол
өзінің ішкі қайшылықтарының мəн-мағынасын түсіне алмайды.
Ал жеті жастағы баланың дағдарыс кезінде мектеп жасына дейінгі
ерекшеліктерінен ажырап, дамудың жаңа кезеңіне қарай аяқ ба-
сады. Өтпелі кездегі мұндай ерекшеліктер енді баланың бойында
жаңа сапалардың пайда болуына қолайлы жағдай тудырып, оның
дамуын жаңа күрделі сатыға көтереді.
Сəбидің кез келген алға ұмтылу қадамы оған деген орта əсерін
өзгертеді. Даму тұрғысынан алғанда орта сəбидің бір жастан
екі жасқа өткен кезінен бастап сапалы сипатта болады. Осыдан
келіп баланың əлеуметтік ортаны сезінуі оның танымында елеулі
өзгерістер тудырады. Əлеуметтік ортаның баланың даму деңгейіне
күшті ықпал ететіндігі бір жаста, 3, 7 жəне 12 жастағы балаларда
түрліше болатындығын көрсетеді. Ортаның бала дамуына ықпалы
үнемі өзгермелі болады. Ал бала мен орта арасындағы қатынасты
жалаң түсініп, оларды даралап жеке-жеке қарастыруға болмайды.
Əсерленудің өзі биологиялық жəне əлеуметгтік бағдарларды
білдіретін адам мен тіршілік арасындағы кұбылыс деуімізге бо-
лады. Баланың дамуында əсерленудің атқаратын қызметі ерекше.
Өйткені бала басынан кешірген оқиғаларға əсерленіп, олардың
мазмұн-мəнісін түсіне алады. Əсерлену əрекеті қиындығымен
балалық шақ үшін аса маңызды. Бір отбасында өскен балалардың
психикалық дамуы түрліше болатындығын жиі кездестіреміз.
Өйткені белгілі бір жағдайда балалардың əсерленуі түрліше
болатындығын көрсетеді. Əсер еткен орта баланың дамуына
күшті ықпал етеді. Сондықтан əсер етуші орта мен оған адамның
əсерленіп, оларды басынан кешіруде жан дүниесіне ықпал етіп,
түрлі əрекеттер жасауға, көптеген нəрселердің сырын білуге
жетелейді.
Егер біздер кейбір жалпы жағдайларға жүгінетін болсақ, онда
баланың даму деңгейі сол əсерлену сипатына қарай бейімделіп
отыратындығын байқаймыз. Бала əлеуметтік ортада өмір сүретін
195
болғандықтан, оның сыртқы нəрселер мен кұбылыстарға əсерленуі
өзіндік əрекеттері мен танымын дамудағы қуатты фактор болып
саналады. Сондықтан баланың дамуын зерттеу үшін оның жан
дүниесінің сырына терең үңілу керек.
Дағдарыс кезіндегі қиын балалардың даму сипатын анықтау
үшін олардың сыртқы жағдайларға əсерленуін мүмкіндігінше
терең зерттеп, олардан тиісті қорытындылар шығарып отыруды
қажет етеді.
Дағдарыс жасын мұқият зерттеу арқылы баланың негізгі
əсерлерінің ауыспалы болуы осы кезеңде өтетінін көрсетеді.
Дағдарыс ең алдымен баланың бойындағы күрт өзгеріс екенін
байқатады. Мұндай орта үш жастағы бала үшін өзгермейді.
Баланың дағдарыс кезеңдерін бақылап жүрген зерттеушілер
бұрын өзін жақсы ұстап тіл алғыш жəне ерке болған сəби аяқ
астынан кінəмшіл, ашулы, тілазар болып шыға келеді дейді.
Дағдарыстың
ішкі
сипатын
іздестірген
шетелдік
зерттеушілердің басым көпшілігі дағдарыстың ішкі сипа-
тын биологиялық факторлармен түсіндіреді. 13 жастағы бала
дағдарысын түсіндіруде кең тараған теориялардың бірі –
жыныстық жетілуге байланысты. Олардың айтуынша, жыныстық
жағынан баланың жетілуі мінез-құлқының күрт өзгеруіне күшті
ықпал етіп, оның өзімшілдік көзқарасының пайда болуына
себепші болады дейді.
А. Буземан сияқты авторлар баланың дағдарыска ұшырауын
əлеуметтік ортаның ықпалы деп көрсеткісі келеді. Сол авторлар
баланың дағдарысы түрліше ағысты бастан кешіреді деп дұрыс
атайды. Бірақ Буземан бала дағдарысының таза экзогендік се-
бептерден туындайтын ерекшелік деп емес, əртүрлі тіршілік
ортасының өзгеріс көріністері деп санайды. Дағдарыс кезеңі
тəрбиенің сипатына орай түрліше жағдайда өтетінін тəжірибелер
дəлелдеп отыр. Семьядан бірден балабақшаға келетін балаға
қарағанда, яслиден балабақшаға келетін баланың дағдарысы
мүлдем өзгеше сипатта болады. Баланың дамуында дағдарысқа
ұшырауы үнемі болып отыратын құбылыс. 3 жас пен 7 жас
баланың дамуында елеулі өзгерістерге ұшырау кезеңдері. Осы
кезеңде бала психикасының дамуында айтарлықтай жаңа са-
палар пайда болып, олар келесі сатыға өту кезеңінде елеулі
қиыншылықтарды басынан кешіреді. Соның салдарынан белгілі
196
жас кезеңнің ерекшеліктері сапалық өзгерістерге ұшырап, алдағы
жас кезеңіне тəн қасиеттердің жасалуына бейімделеді.
Баланың бойындағы ерекшеліктер 3-6 ай ішіндегі адам та-
нымастай жаңа өзгерістерге ұшырап, оның ішкі дүниесінде
елеулі құрылымдар пайда болады. Ал баланың дағдарысқа
ұшырау белгілері елеусіз болып қала береді. Осы орайда оның
психологиялық өзгерістерге ұшырауы сыртқы орта мен маңындағы
жағдайларға тəуелсіз екеңдігін аңғартады. Яслиден балабақшаға
ауысқан баланың қылығындағы өзгерістер бізді таңдандырады.
Осы орайда біздер сəби бойындағы елеулі өзгерістерді байқап
көріп, сыртқы ортаның əсерінен гөрі оның ішкі жан дүниесінің
елеулі өзгерістердің неғұрлым шапшаң қарқынмен дамығанына
көз жеткіземіз, Сондықтан баланың ішкі өзгерістері əрқашан да
оның өмірінде елеулі із қалдырып отырады.
Баланың дамуына əсер етіп отыратын ортаның ықпалын
қозғаушы күш деп санайтын болсақ, онда ортаның əртүрлі жас
кезеңдерінде дағдарысқа ұшырау себептері оның ішкі дүниесінің
өсіп-жетілуіне сəйкес жаңа сапалардың жасалуы деп санауға бо-
лады. Өйткені баланың жасына қарай тіршілік ортасына əсерленуі
түрлі сипатта болады. Бұл шындықты бекер деуге біздің ешқандай
құқымыз жоқ. Бала дамуында жаңа сапаларды игеріп, сатымен
жоғары өрлеген сияқты болып отырады.
Баланың қажеттілігі мен ниеттілектерінің өсіп, олардың жасы
өскен сайын түрлі мазмұн-сапаларды игеруі жалпы психикалық
дамудың қайта құрылып, тіршілік жағдайына лайықты өзгеріп
отыруы деп түсінген дұрыс. Баланың дамуы оның іс-əрекетіне
орай жаңа сапаларға ие болады, егер сананы баланың өз ортасы-
на қатынасы десек, соған орай оның санасы да жаңа мазмұнға ие
бола бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |