Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Мектепке бейімделу кезеңінде бірінші сынып



Pdf көрінісі
бет78/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   154
damu psihologiyas kitap

5. Мектепке бейімделу кезеңінде бірінші сынып 
оқушыларының эмоциялық дамуын психологиялық қолдау
Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың көбі мектепке 
бейімделу кезеңіндегі қиындықтарға тап келетіні мəлім. Ол жаңа 
ұжымға, жаңа талаптарға, күнделікті міндеттерге бейімделуге 
байланысты. Əсіресе, оқушы рөліне дайын емес балалар көптеген 
қиыншылықтарды кешіреді – олар үшін мектепке бейімделу 


197
үдерісі психологиялық жарақатқа ұласуы мүмкін. Бастауыш мек-
теп жас шамасындағы оқушы өз күйзелістерін жеткілікті дəрежеде 
ұғына алмайды, ол күйзелістің туындауына себепкер болған 
факторларды да түсінуге қабілетсіз келеді. Бірінші сыныптың 
оқушысы мектептегі қиындықтарға эмоциялық тұрғыда – 
мазасыздықпен, қорқынышпен, ренішпен, ашумен жауап береді. 
Сол себепті бірінші сыныптағы оқушылардың жаңа өмірге 
бейімделуінің күрделі кезеңінде оларға психологиялық көмек пен 
қолдаудың көрсетілуі аса маңызды. Осыдан балаға дер кезінде 
жəне сауатты тиімді көмек көрсету үшін оның қиындықтарына, 
күйзелістеріне баса назар аудару қажеттігі туындайды. 
Əрбір баланың өзін қаншалықты үйлесімді, эмоциялы 
жағымды сезінуіне қарай, оның мектепке, өз-өзіне, айналасындағы 
адамдарға қатынасы, сондай-ақ мектептегі жетістіктері де байла-
нысты болады. Осы орайда мектеп табалдырығын енді аттаған 
бірінші сынып оқушысына мұғалім мен ата-аналар тарапынан 
психологиялық қолдау көрсету, оның мектеп өміріне біртіндеп 
бейімделуіне жағымды ықпал етеді.
А.Д. Андрееваның ойынша «психологиялық қолдау – бұл: 
– ересек баланың өзін-өзі бағалауын нығайту мақсатында 
оның жағымды артықшылықтары мен қырларына шоғырланатын;
– баланың өз қабілеттеріне сенім арта алатын;
– баланың қателіктерді болдырмауына көмектесетін;
– баланы сəтсіздіктерде қолдайтын үдеріс» болып табылады.
Психологиялық 
қолдау 
үдерісінде 
ересектер 
балаға 
педагогикалық тұрғыдан ықпал етудің едəуір жағымды əдіс-
тəсілдерін қолданып, онымен қарым-қатынастың жəне өзара 
əрекеттестіктің үйреншікті үлгісін өлшейді, оның айналасын-
да жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру жағдайын 
жасайды. Ол ересектердің бала қылықтарының жағымды 
ерекшеліктеріне назар аударып, баланың эмоциялы аумағына 
ықпал етіп, оның жағымды күйзелістері мен күйлерін бекітіп, 
оның əрекеттерін мақұлдайды.
Баланы қолдау:
– оған сенім білдіру;
– шартсыз қабылдау;
– оның даралығын мойындау;
– қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенім арту;


198
– тұлғасының жағымды қасиеттерін дамыту;
– сенімділікке ие болуына көмектесу.
Психологиялық қолдау адамның жаңа əлеуметтік жағдайларға 
бейімделуіне байланысты орын алған қиыншылықтарды 
едəуір 
жылдамырақ 
жəне 
қиыншылықсыз 
кешіруге, 
стресогенді жағдайды жеңуге, айналасындағылармен өзара 
тиімді қатынастарды қалыптастыруға, өзінің психологиялық, 
психикалық жəне физикалық денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Қазіргі 
заманғы 
ізгілендіруші 
парадигма 
адамның 
субъектілігіне назар аударып, психологиялық қолдауды баланың 
тұлғалық дамуына ықпал етуі ретінде сипаттап, ересек пен 
баланың қарым-қатынастарындағы қолдау механизмдерін: түсіну, 
қабылдау, өзін өзгелермен репрезентациялау, өзгелерден өзінің 
жалғасын табу жəне т.с.с. бөліп алуға мүмкіндік беруде (В. А. Пет-
ровский).
А. Д. Андрееваның ойынша, психологиялық қолдауды 
төмендегіше көрсетуге болады:
– жеке сөздермен («керемет», «жарайсың», «жақсы», «əдемі», 
«жинақы», «Сен мұны өте жақсы орындайсың», «Мен сені 
мақтан тұтамын», «Бұл шынымен де жетістік», «Бұл өте күрделі 
болғанымен, сенің қолыңнан келетініне сенімдімін»);
– жанасу арқылы (қолынан ұстау; иығынан қағу; баланың 
иегінен ұстап ақырындап көтеру; құшақтау; қолын қатты қысу);
– біріккен əрекет арқылы (баланың жанына отыру, жанында 
тұру; оны тыңдау; бірге ойнау; бірге сурет салу);
– бет əлпеті арқылы (жымию, көз қысу, бас шұлғу, күлу).
Сонымен 
қатар 
О.А.Кулагина 
қолдаушы 
сипаттағы 
фразеологизмдерді үш түрге бөлуге болатынын айтады:
1) белсенді əрекеттерге ынталандырушы («Əрдайым алға!», 
«Ешқашан мойыма!» жəне т.с.);
2) болашаққа бағыттаушы («Барлығын басынан бастауға бола-
ды», «Алда жетістіктер əлі көп!» жəне т.б.);
3) қалыптасқан жағдайда шыдамдылық пен табандылыққа 
шақырушы («Тамшы тасты қайрайды», «Барлығы жақсы болады, 
сенің қолынан келеді!», «Бекем бол!» жəне т.б.).
Əрбір адамның өмірінде, соның ішінде балада да жан 
жайсыздығын тудыратын, психиканы жарақаттаушы жоспар-
дан тыс жағдайлардың (мысалы, даулы жағдаят, қорқыныш, 


199
жақын адамның өлімі жəне т.с.с.) орын алатыны барлығына 
мəлім. Ондай жағдайда педагог-психолог баланың мінез-құлқын 
бақылау арқылы баланы жарақаттайтын жағдайды мұқият 
зерттеп, баланың өзімен, педагогтармен, ата-аналарымен жəне 
құрдастарымен əңгімелесуі тиіс, кей жағдайларда психиканы 
жарақаттайтын жағдайға сəйкес арнайы диагностиканы жүргізу 
қажет. Кейін педагог-психолог келесі бағыттарда жұмыс жасайды:
1) баламен (жеке-дара немесе топпен) психотерапияның 
элементтерін қамтыған (арттерапия, ертегі терапиясы, психодра-
ма) түзетуші-дамытушы жұмысты жүргізуі тиіс; 
2) педагогтармен ағартушы жəне кеңес беру-əдістемелік 
жұмыс; олармен əртүрлі категориядағы балалармен жұмыс 
жасау дағдыларын қалыптастыру жөніндегі топтық тренинг 
жүргізу; балаға психологиялық қолдау көрсету жөніндегі педагог-
психологтың, мұғалімдердің, ата-аналардың біріккен іс-əрекетін 
жоспарлау;
3) ата-аналармен ағарту жұмысын жүргізу жəне кеңес беру;
4) педагог-психологтың, мұғалімдердің балаға қажет психоло-
гиялық қолдау көрсету жөнінде оның құрдастарымен ағарту 
жұмысын жүргізу жəне кеңес беру (баланың сыныптастарын 
психологиялық қолдау көрсетудің əртүрлі əдіс-тəсілдеріне 
үйрету);
5) қажет болса – педагог-психологтың мұғалімдер мен ата-
аналардың балалар дəрігер-мамандарына (невропатолог, пси-
хиатр, логопед жəне т.с.с.) өтініш білдіру;
Балаға психологиялық қолдау көрсетудің жетістігі педагог-
психологтың, 
педагогтардың, 
ата-аналардың, 
баланың 
сыныптастарының біріккен іс-əрекеттеріне де байланысты бола-
ды.
Педагогтардың, ата-аналардың, оқушылардың психологиялық 
қолдауға мұқтаж балаларға көмек көрсету іскерліктерінің да-
муы мектептегі əрі отбасындағы білім беру жəне тəрбие 
үдерістерінің ізгілендірілуіне ықпал етеді, өскелең ұрпақтың 
тек психофизикалық емес, сонымен қатар психологиялық 
денсаулығын да нығайтады.
Психологиялық қолдау өмірлік жолдың əрбір кезеңінде 
бейімделуге жəне өзін-өзі жүзеге асыруға кедергі келтіретін 
психологиялық проблемалардың толыққанды шешімін табуынан 


200
немесе төмендеуінен кемелденген адамның психологиялық жай-
күйін оңтайландырудың есебінен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет