4. Педагогтың жеткіншекпен қарым-қатынасындағы рөлі
жəне жеткіншектің оқу үдерісі
Педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас психология-
лық, педагогикалық зерттеулерде басты мəселелердің бірі болып
табылады. Осы қарым-қатынас негізінде «педагогикалық қарым-
қатынас» деген ұғым пайда болды.
А. А. Бодалев жəне тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде
педагогикалық қарым-қатынас формалары, мазмұны, тəсілдері
бойынша сипат алады. Педагог пен балалар арасындағы нақты
психологиялық контракт деп түсіндіреді.
Педагогикалық қарым-қатынастың формасы – балалар
мен педагогтың «субъект-субъект» жүйесіндегі бірлескен
əрекеттестіктері болып табылады.
Балалардың ересектермен, əсіресе мұғалімдермен қарым-
қатынасы өте маңызды. Себебі балада мектептегі оқуға өтумен
байланысты өзінің іс-əрекетіне, ересектермен жəне құрбыларымен
жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар,
білімдерді меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының əлеуметтік
позициясы қалыптасады (Л. И. Божович). Ересек адам баланы
жаңа іс-əрекеттерді орындауға дұрыс үйретсе, оның оқуға де-
ген қызығушылығы нығайып, оқудың жағымды мотивациясы
қалыптасады.
Балалардың таным дүниесінің мінез-құлқы мен адамгершілік
позициясының қалыптасып, жетілуіне педагогикалық қарым-
қатынастың əсері зор. (Х. Т. Шерьязданова, В. Ф. Моргун)
Балалардың құрдастарымен жақын қарым-қатынасымен бірге,
ересек адамдар, əсіресе, мұғалім оқушы үшін беделді адам иесі
213
екенін ғалымдар Л. И. Божович, В. В. Давыдов, Д. Б.Эльконин
атап көрсетеді.
Педагогтың балалар психикасына əсер етудегі рөлі қарым-
қатынас стилі арқылы көрінеді.
В. С. Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың балаларға
əлеуметтік психологиялық əсер етуінің дара типологиялық
ерекшелігі деп анықтайды.
Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль
педагогтың позициясынан байқалады. Іс-əрекетті күшпен орында-
туы, балалар иницитивасын табан асты ету, балалардан бағынуды
талап етуі, балалар мүмкіншілігінен тыс жетістіктерге үміттенуге
əсер ету педагог үшін тəрбиелеу тəсілдерінің бірі болып табылады.
Мұндай тəсілдер балалардың мінез-құлқына кері əсерін тигізеді,
яғни қорқыныш-үрейлі күй кешуі, жүріс-тұрысын реттей алма-
уы, кез келген іс-əрекетке қызығушылығы мен ниет, мотивтерінің
болмайтындығы зерттеу еңбектерде анық байқалады.
Дара стиль мейірім, достық негізде болатындықтан,
балалардың өзін-өзі еркін ұстауына, сенімді болуына,
адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамытуына
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, демократиялық стильде балалар
мен педагог арасындағы қарым-қатынас тең позицияда болады.
Балалардың ішкі мүмкіндіктерін шығаруына педагог жағдай жа-
сайды.
Либиральды – босаң стилі негізінен балалардың топтық
жағдайға бейімделе алмауы, өз міндеттерін түсінбеуі
педагогикалық қарым-қатынастың осы стиліне тəн қасиет. Бұл
педагогтың кəсіби əлсіздігімен жəне енжарлығымен түсіндіріледі.
А. А. Бодалев балалардың эмоциялық қалпында жəне педагогтың
қарым-қатынас стилі арасында өзара байланыстың болатынын
дəлелдеген.
В. С. Мухина, А. В. Мудрик педагог пен балалар арасындағы
қарым-қатынаста барлық стильдер қолданылғанымен, осы
стильдердің ішінен бірі басымдырақ болады. Бұл қарым-қатынаста
педагог сендіру, иландыру тəсілдерін қолданады.
Иланушылық (сендіру) – қарым-қатынастағы адамдардың
өзара əсер ету үдерістерінің бірі ретінде ырықты немесе ырықсыз,
тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Педагогикалық тұрғыда
сендіру амалы күшті тəрбие құралы. Сендіру қарым-қатынастағы
өзара əсер етудің барлық əдістерінің ең жетекшісі.
214
Үгіттеу – қандай да пікірдің немесе ой қорытындысының
логикалық негізін келтіру, жеке тұлағының эмоционалды əрі ра-
ционалды қыры арқылы өзіне немесе бүтіндей топқа əсер ету.
Түсіністік пен күйзелістің бірлігіне жетуді мақсат етуді көздеген
екі немесе бірнеше адамдардың ашық немесе жасырын айты-
сын, яғни талқысын үгіттеу үдерісі деуге болады. Үгіттеу –
үгіттеушінің хабарындағы мазмұны ақпараттың болуымен бірге
қабылданушының саналы қатысы.
Оқушылардың ересектермен қарым-қатынас қажеттілігінің
мазмұны, балалардың жетекші іс-əрекетінің сипатымен
детерменделеді (М. И. Лисина, А. Н. Леонтьев).
В. В. Давыдов бала мектепке келісімен оқу үдерісінде жеке
тұлғаның теориялық санасының негіздері қалыптасатынын
(ғылыми, көркемдік, адамгершілік) дəлелдейді.
Д. Б. Эльконин бойынша оқушы өзінің мектептегі жұмысын
қоғамдық міндетті іс-əрекет ретінде қабылдай бастайды, оқушы
бойында жаңа қоғамдық сезімдегі мотивтері көріне бастайды.
Б. Г.Ананьев балалардың мектептегі оқу үдерісі олардың бүкіл
өмірін жаңаша ұйымдастырып, баланың отбасындағы орнының
өзгертетіндігіне ерекше көңіл бөледі, өйткені онда отбасынан тыс
міндеттер, яғни міндетті оқу еңбегі пайда болады.
Психологтар оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы
оқу іс-əрекетінің мəніне көңіл бөліп, «оқушының ішкі пози-
циясын қабыл алу», (Л. И. Божович), «оның танымдық жəне
адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез-
құлық мотивтерінің өзгерісі» (В. В. Давыдов), баланың «мектеп-
те оқу міндетін» сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі
(Н. Ф. Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді.
Баланың өзіне жетекші мотивті таңдап алуына байланысты
оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды (Л. И. Божо-
вич, А. Н. Леонтьев). Ақыл-ой əрекетіне, түрлі қатынастардың
қайта құрылуына əсер ететін, өте мəнді фактор ретінде көрінетін,
«педагогикалық бағамен» жəне эмоционалды-еріктік сферасы-
мен, оқушының мотивациялық аясы анықталды.
Д. Б. Эльконин, балалардың жеке қарым-қатынасы мен ере-
сектермен жалпы қарым-қатынастарының жүйесі оқу іс-əрекеті
арқылы жанамаланады деген қорытынды жасады. Баланың оқу
іс-əрекетіне енуі ересектің, оқушының өзіндік сана сезіміне
215
əсер ету мүмкіншілігін дамытады. Осындай көзқарас негізінде
оқушы мен ересек арасындағы өзара қарым-қатынастары, қарама-
қайшылықтағы екі тенденциямен сипатталады. Біріншіден,
ересектер талаптарына мойынсұну, бағыну міндеті болса,
екіншіден, өзінің жеке басының дербестігін, құқығын қорғау
мақсатында тəуелсіздік сезімі пайда болады. Осындай даму са-
тысы нəтижесінде баланың сана-сезімі жаңадан қалыптаса бас-
тайды. Ересектермен қарым-қатынас қажеттілігі туындайды.
Балалардың достық қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары
мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігуі, олардың өзара
қарым-қатынасының негізгі түбірі болып саналады.
М. И. Лисина қарым-қатынас көп жағдайда өз-өзін жəне басқа
адамдарды тану қажеттілігін қанағаттандыратын іс-əрекет ретінде
болады дейді. Құрбыларының арасында өзіне лайықты орынды
иеленуге деген ұмтылысы, өмірлік тəжірибесі, мектеп өміріндегі
өзгерістерден кейін балада пайда болады (А. Н. Леоньтев, Л.И. Бо-
жович, И. В. Дубровина, Б. Г. Ананьев). Балалардың ересектер-
мен, əсіресе, мұғалімдермен қарым-қатынасы өте маңызды, себебі
балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс-əрекетіне,
ересектермен жəне құрбыларымен жаңа қатынасқа, жаңа өмір сал-
тына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайындығын
қамтитын, оқушының əлеуметтік позициясы қалыптасады
(Л. И. Божович). Ересек адам баланы жаңа іс-əрекеттерді
орындауға дұрыс үйретсе, оның оқуға деген қызығушылығы
нығайып, оқыудың жағымды мотивациясы қалыптасады.
Сонымен қатар, жасөспірімнің таным үдерісі де дами түседі.
Оқу материалдарын қабылдауы бейнелермен объектілерді са-
лыстырып түсіну. Оқу үдерісінде қабылдау ойлануы талап етеді.
Қабылдау дегеніміз – мағлұматтарды тұтастығымен бейнелеу.
Оқушы көбіне қызғылықты материалға көңіл бөліп, қиын мате-
риалды оқығысы келмейді. Сондықтан жеткіншек материалды
тұтас қабылдай алмай, үзінді етіп мəнсіз қалдыруы мүмкін. Ал
жеткіншек зейіні олардың тек қызық объектіге назар аударуы-
мен шектелмейді. Олардың ой-өрісі қалыптасып қалғандықтан,
əр нəрсеге, яғни қызықты жəне қызық емес объектілерге арнайы
түрде зейінін бөле алады. Жеткіншек зейіні сабаққа қалыптасса,
онда ол назарын бір объектіден екінші объектіге аударып отыруға
толық мүмкіншілігі бар. Жасөспірім жады мен есі төменгі сынып
216
оқушыларына қарағанда, өз айырмашылығымен ерекшеленеді.
Себебі төменгі сынып оқушысы мазмұнды ғана жадында сақтаса,
ал жеткіншек мазмұнды мағынасына қарай есінде қалдырады.
Ж. Пиаже 12-13 жаста жеткіншектерде ойлаудың ең күрделі
тəсілі, формалдық операция жасау көрініс табатынын айтады.
Жеткіншек жасында жеке заттарды ұғымға жатқызып, оларды
топтастыру, олардың өзара байланысын білу кеңінен өріс ала бас-
тайды.
Психолог В. В. Давыдов баланың абстрактылық ойының да-
муына ерекше мəн береді. Абстрактылық ой дегеніміз – нақты
заттарға мəн бермей, солардың негізгі белгілерін біріктіріп, жал-
пылап бейнелеу. Сонымен бірге, жеткіншек жекеден жалпыға,
жалпыдан жекеге ойша көшіп отырады. Жеткіншек нəрселердің
сырын жорамал амалына, яғни аналогияға сүйеніп біледі.
Тиісті мəселелердің сырын жорамалға сүйеніп білу ойланудың
жоғарғы түрі болып саналады. Математика, физика пəндерінде
қолданылатын амал-тəсілдерді тиісті шешіп шығаруда қолдануға
үйренеді. «Егер бұлай болса», «мынадай қорытынды шығады»
деген сияқты формальдық операцияларды ойша қолдана алу,
жеткіншектің ой-өрісін кеңейтіп, келелі міндеттерді шешуге
жағдай туғызады.
Мектептің тартымдылығы балалардың көбіне құрдастарымен
қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне байланысты артады.
Жеткіншек үшін сабақ тек оқу емес, сонымен бірге сыныптаста-
рымен, мұғаліммен жасалатын қарым-қатынас, елеулі əрекеттер,
толғаныстарға толы ахуал. Материалдың өте қызықты түсіндірілуі
жəне сабақта мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру шеберлігі ғана
жеткіншекке жолдастарын ұмыттыра алады. Жеткіншекте жеке
мүдделер, ұнамды сабақтары мен қызығулары пайда болады.
Тəжірибенің, айналадағы ортамен жəне адамдармен байланыстың
молайып, ұлғаюы жеткіншектің оқуға деген зейінін кемітеді.
Жеткіншектің оқуындағы қолайсыздықтың бірінші көрсеткіші
төменгі сыныптармен салыстырғанда үлгерімнің төмендеуі.
Мұның себептері оқу материалдарының игеру əдісінің дұрыс
болмауына, оқуға деген көзқарастағы олқылықтар. Бұл екеуінің
табиғи салдары-білімдегі олқылықтардың көбеюімен байланысты
болуы мүмкін.
Жеткіншектер қатал мұғалімдерді көп жағдайда үлкен
құрметпен қарап, бағалайды. Себебі ондай мұғалімдердің бо-
217
йынан білімділікті, əділдік пен мейірімді көріп, материалды тар-
тымды əрі түсінікті етіп түсіндіре білетінін, сабақты қарқынды
ұйымдастырып, оған оқушыларды тарта білетін қабілетіне
мойынсұнады.
Жеткіншектік кезеңде оқу деген ұғымның мағынасы кеңейеді.
Өйткені білім алу оқу программасының шеңберінен шығып,
мақсатқа сай жүзеге асады. Оқу мен білімге деген көзқарас
əр балада сапалық жағынан əр басқа болуы мүмкін. Көптеген
жеткіншектерде ақыл-ой жұмысына деген тұрақты бейімділік,
жаңа білімдер мен қасиеттерді меңгеруге ұмтылады. Ғылымның
тиісті салаларына, өнер мен техникаға тұрақты ынта пайда бо-
лады. Жеткіншектерде мазмұны мектеп программасынан дербес
қызметте жеке бастың бағалы қасиеттері қалыптасады.
Жеткіншектік кезеңде мектептегі оқу формалды іс-əрекетке
айналуы жəне оқудан басқа күшті мүдделер басым болуы мүмкін.
Оқудың қажеттігін абстрактілі түсінудің өзі жеткіншек үшін
жұмыс жасаудың жеткілікті стимулы болмайды. Позициялық
себептердің ынталандырушы күші күшті болуы мүмкін. Алай-
да баға алуды оқудағы басты нəрсе деп қарау, игерілетін білімге
ықылас болмаған жағдайда оқу қызметінің күйреуіне апарып
соғады. Оқу қызғылықсыз ауыр еңбекке айналып, білімнің фор-
малды ғана сипаты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |