242
Ол коммуникабельді, эмоционалды ашық, мейірімді, қайырымды,
көзқарастары шынайы адамдар.
Пикниктердің айрықша байқалатын темпераменттерін мына-
дай шағын топтарға бөлуге болады:
– сөзшең-көңілді
– байсалды əзілқойлар
– тыныш, ақ жүректі адамдар
– қуатты практиктер.
Атлеттік тип
Жалпы сырт кескіні мынадай:
орта немесе ұзын бойлы,
бұлшық еттері жəне сүлдесі өте күшті дамыған адам. Атлеттер
сабырлы, онша əсер қалдырмайтын мимика мен жест маңызды,
сондықтан олар осындай ерекшеліктерімен дараланады. Олардың
бір жерден екінші жерге бейімделуі өте қиын жəне оған тəн қасиет
ойлаудың алғыр еместігі.
Ағылшын психологы В. Шэлдон үшін ең бастысы тип туралы
түсінік емес, дене бітімінің компоненттері. Зерттеу қорытындысын
антроскопикалық əдістің көмегімен ол дене бітімін үш нұсқаға
бөлді;
эндоморфты, мезоморфты жəне эктоморфты.
Эндоморфтық тип
Олар жалпы сфералық формаларымен сипатталады:
жұмсақтық, үлкен
қарнының болуы, көп мөлшерде иығы мен
сандарының майлы болып келуі, ішкі органдарының ірілігі,
қолдары мен аяқтарының бос болуы жəне сүйектерімен бұлшық
еттері жақсы жетілмеген.
Мезоморфтық тип
Кең иықты жəне көкірек клеткалары да жақсы дамыған, қолы
мен
аяғының бұлшық еттері мықты, тері асты майының шағын
мөлшерде болуы, шомбал басының болуы осы типтегі адамдарға
тəн.
Эктоморфтық тип
Бет-əлпеті шығыңқы, арық адам кейпінде болады, кең
маңдайлы, қолдары жіңішке ұзын, кеуде клеткалары тар, бұлшық
еттері жақсы жетілмеген жəне тері асты майлы қабаттары бол-
майды.
Сонымен бірге, В. Шэлдон алғашқы темперамент
компоненттерімен сəйкес келетін белгілердің топтамасын жа-
сады. Олар:
висцеротония (организмде ас қорытатын функция-
ны атқарады),
соматотония (қимыл аппараттарын басқарады)
243
жəне
церебротония (жоғары нерв орталықтарын басқарады).
Темперамент пен дене бітімінің арасындағы корреляцияны, яғни
эндоморфтық типке – висцеротонияның, мезоморфтық типке –
соматотония жəне экзоморфтыққа – церебротонияның сəйкес
келетінін көрсетті.
14-кесте
Достарыңызбен бөлісу: