249
кəсіби бағытқа бет бұруы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен іс-
əрекетін өз еркімен реттей алу іскерлігі қалыптаса бастайды.
Баланың əлеуметтік ортаға дағдылануы жəне
мінез-
құлқының адамгершілік үлгілерін меңгеріп, оның жеке басының
қасиеттері қалыптаса бастайды. Сол себепті қарым-қатынастың
маңызы бала үшін өте зор. Ең алдымен, баланың ересектермен
қарым-қатынасы арқылы ол ата-бабалардың көне мұраларынан
хабардар болып отырады. Сонымен бірге, қарым-қатынас арқылы
психиканың əлеуметтік нормалары сөйлеу тілі, естің, зейіннің,
ойлаудың, перцепцияның, ырықтың түрлері,
жеке тұлғаның
қасиеттері қалыптаса бастайды. Адамгершілік сапаларының
күрделі жүйесінің қалыптасуына негіз болатын қарым-қатынас
қабілеттері, жеке тұлғаның қарым-қатынас тəжірибесінің
жинақталуы арқылы қалыптасады. Басқа адамдарды тануының
негізінде пайда болатын қарым-қатынас үдерісінде, жеке тұлғаның
сана сезімі, өзіндік реттеуі мен кері байланыс қасиеттері, жоғары
дəрежедегі сапалары пайда бола бастайды. Осылайша «топ-
тар арасындағы қарым-қатынас, ұжымдағы топтар арасындағы
қарым-қатынас, ұжым арасында қарым-қатынас дербес дамудың
əлеуметтік детерминациясындағы негізгі каналдардың бірі болып
табылады».
Жанұядағы жəне құрдастарымен қарым-қатынастарынан тыс,
қарым-қатынастың жаңа түрлері, яғни топтарға енуі жəне түрлі
үйірмелерге қатысуы негізінде достық қатынастар жүйесі де
қалыптасады.
Баланың оқу-танымдық іс-əрекетін жүзеге асыру үшін, қарым-
қатынас пен іс-əрекет субъектісін, жеке тұлғаның дамуы үшін
қарым-қатынастың осындай түрлері мен формаларының маңызы
өте зор.
Б. Г.
Ананьев бойынша, жеке тұлғаның интраиндивидуал-
ды құрылымымен, оның жеке қасиеттері мен ішкі əлемінің
ұйымдасуын жеке тұлғаның түрлі əлеуметтік топтары бар
қоғаммен байланысы анықтайды.
Сана сезімнің дамуы əлеуметтенудің маңызды бір бөлігі бо-
лып табылады. Кері байланыс үдерісі қарқынмен дамып, бала өз
ойын айналасындағылардың көзқарасымен салыстыра бастай-
ды. Өзінің жəне басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың бір
түрі бұл – рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. Рефлексия
250
басқа адамды тану ғана емес, сонымен қатар басқа адамның өзіңді
қалай түсінетіндігін білу. Басқа адамдарды қабылдаудағы жалған
сенімдердің жəне нұсқаулардың (установка) таптаурындардың
да мəні ерекше орын алады. Таптаурындар
басқа адамдардың
тобы жайлы əдеттегі, ықшамдалған түсініктер жүйесі. Ал жалған
сенімдер, адамдардың өзін, олардың мотивтерін, қылықтарын
білместен бағалау. Кез келген адамды үйреншікті түрде қабылдап,
бағалауға қатысты адамның санадан тыс даярлығы. Ашық қарым-
қатынас өзара жəне адамдар арасында сенімділік жəне жылылық
ұялатады.
Өзара сенім – кері байланыстың кепілі. Осы кері байланыс
арқылы басқа адам өзін қалай қабылдағанын біліп жəне оның
мінез-құлқы қандай сезімдерді туғызатындығы жайлы ақпарат
алады.
Нақты жағдайдағы өзінің қылықтарына қатысты əсерін біліп,
өз мінез-құлқының нəтижеге əкелетіндігін ескеру арқылы басқа
адаммен қатынасының ерекшелігін түсінуге болады.
Есейген жеткіншектерге өздерінің
аффективтік реакциялары
мен бүкіл мінез-құлқын билеуге ұмтылу тəн. Олардың өздерін
ұстай білуі біршама дамыған, пікірін, көңіл-күйін жасыра алады.
Мінез-құлықта қосарлылық пайда болады. Өзін ұйымдастыру
тенденциялары артады. Əртүрлі кəсіптердің мəні туралы пайым-
даулар туады. Ол «қажет», «қажет емес», «маңызды, маңызды
емес» деп сараланады. Мұндай саралауға жеке құндылықтардың
қалыптасып келе жатқан жүйесі арқау болады. Уақытты бос
өткізбеуге тырысу, уақыттың тез өтетінін сезіну, жоспарлауға
əрекеттену сияқты қасиеттері пайда болады. Жеткіншекте «ақыл»
мен «жүрек» жиі ынтымақта бола бермейді.
Жеткіншектерде өздерінің
ілгері басуына көзқарас, оны
бақылау, міндеттердің орындалмауы үшін күйініш, өзін-өзі
кəнілаулар, өзін-өзі сынау пайда болады. Зерттеу еңбектері 7-8
сынып оқушылары осы кезден бастап өзін-өзі тəрбиелеумен
шұғылданатынын көрсетті. Белгілі бір үлгілерді, бүгінгі күн
мен болашақтың қажеттерімен байланысты, өзі үшін нақты
маңызы бар міндеттер мен мақсаттарды бағдар етіп, ол іс-əрекет
жасап, өзін құра бастайды. Жаңа қасиеттерді игеру үшін өзін
өзгертуге бағытталған мұндай мақсат пен іс-əрекеттің пайда бо-
луы, жеткіншектік кезеңге тəн жəне жеке адамның дамуындағы
сапалық тұрғыдан жаңа кезеңге көшуді білдіреді.