МАТЕРИАЛИ ЗА XX МЕЖДУНАРОДНА НАУЧНА ПРАКТИЧНА КОНФЕРЕНЦИЯ ★ 17 - 25 март, 2023
9
міндеттерді жүзеге асырудың шектері мен қоғауды заң арқылы өзі үшін өзі
анықтайды.
АК-ның 188-бабының 2-тармағына сәйкес өз мүлкін иелену, пайдалану
және оған билік ету құқығы меншік иесіне берілген. Азаматтық айналымда
мемлекет екі субъект арқылы берілген: Қазақстан Республикасы және
әкімшілік – аумақтық бөлініс, олар мемлекеттік меншікті іске асыра отырып,
өз аттарынан әрекет етеді. Сондықтан субъектік құрамның күрделілігі
меншік иесінің құқық өкілеттіліктерін мемлекеттік меншіктің аталған
субъектілерінің бірі болып табылатын мемлекет пен олардың мүддесін
білдіруі мүмкін тұлға арасында бөлуді көздейді [3].
Мемлекеттік меншікті иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде
иемденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Мемлекет, материалданбаған ерекше субъект ретінде, барлық реттерде
иемдену құқығының титулын сақтайды, өз мүлкін іс жүзінде иемденуді
мемлекеттік органдар жүйесі арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттің иемдену
құқығы туралы мәселе заң әдебиеттерінде дау туғызады. Мысалы, А. В.
Венедиктов иемдену дегенді затқа іс жүзінде үстемдік жасау құқығы, “затты
қолда ұстау” құқығы деп түсінеді. Сондықтан ол ммелекет ұшан – ғайыр өз
мүлкін тікелей емес, тек өз органдары арқылы ғана иемденеді дейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Thiel, S. 2004. Trends in the Public Sector Why Politicians Prefer Quasi-
Autonomous Organizations. Journal of Theoretical Politics 16(2): 175-201.
2. Арын Е.М, Қашықов Ш.Қ Басқару теориясы.- Павлодар, 2011ж. -3206.
3. Buribayev, Y.A. 2009. Constitutional and legal status of companies managing
governmental assets. Almaty, LLP DRC “Globe”.
Найновите научни постижения - 2023 ★ Volume 9
10
Достарыңызбен бөлісу: |