МАТЕРИАЛИ ЗА XX МЕЖДУНАРОДНА НАУЧНА ПРАКТИЧНА КОНФЕРЕНЦИЯ ★ 17 - 25 март, 2023
11
лизинг түрінде тарту үшін керек. Сонымен қатар батыс инвесторлары үшін
жабдықтарды нарықта қайтадан нық қоюға байланысты, олардың елінде лизинг
берудің, елдің кәсіпорындарына ақшаны тікелей аудармай – ақ және өздерінің
айналым қаражаттарын аудармай – ақ қаражат салудың тиімді жолы болып
табылады. Осыған байланысты лизингтің шетел жабдықтарын пайдалану
мүмкіндігі, қазіргі уақытта тікелей несие алу мүмкіндігіне қарағанда жоғары
болып келеді. Бұл жағдайда мемлекет шетелдерден жабдықтарды лизингілік
жабдықтаушыға қолайлы жағдай жасау бойынша, лизингілік компанияларға
олардың қызметтеріне көмек (қолдау) көрсету және лизингілік жабдық
жүйесінде өзінің кредитор ретінде қатысуын кеңейту бойынша шаралар
қабылдауға мәжбүр болады.
Дегенмен Қазақстан Республика жағдайында лизингілік бизнес бір
қалыпты және тұрақты дамуы үшін салық салу, ынталандыру, басқару құқықтық
аумақта лизинг бойынша адресті іс - әрекеттерден тұратын бағдарлама қажет.
Әлбетте, бұл бағдарлама жан –жақты, кешенді болуы керек, мұндағы барлық
міндеттер тек өзара ортақ мақсаттармен ғана емес, сонымен бірге олардың бір –
бірімен шартталғанымен және белгілі өзара тәуелдігімен тығыз байланысты.
Осы бағдарламаны жасауда әдістеме жағынан заңдылықты құқықтың
қамсыздандыруының өзара байланысын қарастыратын жүйелік тәсілді
пайдаланған дұрыс болып келеді. Сонымен қатар лизингті де мемлекеттің және
лизингілік қызметтің субъектілерінің екі масштабты инвестицияны тартудың
құралы ретінде пайдаланған дұрыс.
Лизинг бойынша операциялар жасау тәжірибесінде жаңа дәстүрлі емес
және спецификалық сияқты өндірісті техникалық, технологиялық жаңарту
системасы енгізіледі. Бұл жүйеде арендалық қарым – қатынастар, кепілдік
арқылы несиелік қаржыландыру элементтері қарыздық міндеттер бойынша және
басқа қаржылық механизмдер арқылы іске асырылған. Лизингтің қиындығы
және оны инвестициялаудың формасы ретінде пайдалану қажеттілігін жүзеге
асыруда көптеген проблемалар туындайды. Олардың шешілуі елдегі лизингілік
бизнесті дамыту үшін өте қажет.
Ол үшін келесі негізгі мақсаттарды шешу ұсынылады:
- заңдылық нормативтік базаны қамсыздандыру;
- экономикалық базаны қамтамасыз ету;
- лизингтік институттарды дамыту;
- мемлекеттік қолдау мен сыртқы экономикалық лизингілік қызметті
ынталандыру;
- лизингтік құрылымның персоналын даярлау, қайта дайындау;
- ақпараттық және ғылыми методологиялық қамтамасыз ету;
- лизингілік қызметте мемлекеттік реттеу органдарының жүйесін
жетілдіруде қазіргі жағдайда лизингті дамыту проблемаларын қарастыра
отырып, лизингтік қызметті дамытуда және ұйымдастыруда төмендегідей басты
бағыттарды анықтау қажет деп ойлаймыз:
1. Халықаралық тұтыну тауарларын өндіруде
|