Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


 Қазіргі кезеңдегі психологиялық денсаулықтың тҥсініктері



Pdf көрінісі
бет10/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

1.2 Қазіргі кезеңдегі психологиялық денсаулықтың тҥсініктері 
Психологиялық денсаулық мәселесінің даму тарихы мол болғанымен, ХХ 
ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап белсенді түрде жетілдіріле бастады. 
Аталған мәселені зерттеуге басынан бастап авторлардың онтологиялық 
ұстанымдарын анықтайтын негізгі жолдары белгіленді. Қазіргі кезде 
ғалымдармен психологиялық денсаулық мәселесінің әдіснамалық және 
мазмұндық эклектикалығы кӛрсетіледі.
Сонымен қатар қазіргі кезге дейін терминологиялық кӛп мағыналылық
пен түсініксіздік, «психикалық денсаулық» және «психологиялық денсаулық», 
«денсаулық психологиясы» ұғымдарының жеткіліксіз саралануы сақталған. Бұл 
осы маңызды саладағы диагностика, психологиялық түзету және 
психологиялық алдын алу жақтарынан әдіснамалық және әдістемелік 
қиындықтарға әкеледі. Психологиялық денсаулық мәселесі бойынша 
зерттеулердің әдіснамалық эклектикалығын белгілеуге болады [119]. 
1948 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Жарғысындағы 
кіріспе сӛзбасында кӛрсетілген анықтамада: «денсаулық – бұл тек аурулар мен 
физикалық кемшіліктердің жоқтығы ғана емес, сонымен қатар ол адамның 
толық физикалық, жан саулығы және әлеуметтік сау күйі», - деп кӛрсетілген 
[120]. Басқаша айтқанда, денсаулық – ол тек медициналық диагноз емес, оны 
бағалауға және оған әсер етуге болатын физикалық және әлеуметтік ӛлшемдер 
жиынтығы.


21 
Норманың жас шамасы мен жыныстық кӛрсеткіштерінен ауытқулар 
тіркелмеген адам, абсолюттік дені сау адам болып есептеледі. Кейбір 
ауытқуларға қарамастан ортаның тиісті жағдайларында, еңбек жүктемелерімен 
қатар ағзасы жақсы жұмыс істейтін адамды іс жүзінде дені сау адамдарға 
жатқызады.
Психикалық (психологиялық) денсаулық тұрақсыздығының факторлары 
ретінде ғалымдар адамның психикасына, жүйке жүйесіне түсетін 
жүктемелердің ӛсуін кӛрсетеді [121]. Ақпараттық кӛлем, ӛмір ырғағының 
жылдамдығы, адамдар арасындағы қатынастардың жағымсыз динамикасы 
(тұйықтық, әлеуметтік қолдау деңгейінің тӛмендеуі, күйзелісті ықпалдардың 
ӛсуі және т.б.) және қазіргі ӛмірдің басқа да патогендің ерекшеліктері тек 
ересек адамдарды ғана емес, сонымен қатар балаларды да аса эмоционалдық 
жайсыз сезімдерге әкеледі. Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымының сарапшылары 
жүйке-психикалық бұзылулардың балаларда ғана емес, сонымен қатар 
балалармен жұмыс істейтін ересек адамадарда да кең таралғандығын кӛрсетеді. 
Ғалымдар зерттеуінде «толық аман-саулық» ұғымының кейбір кӛмескілігі 
байқалады. Жеке адамның денсаулығы ӛмірлік күштердің, ӛмір түйсігінің 
толықтығымен, әлеуметтік белсенділіктің жан-жақтылығымен және ұзақ 
мерзімділігімен және тұлғаның дамуындағы үйлесімділікпен сипатталады. 
«Денсаулық» – әр түрлі ғылыми бағыттармен зерттелетін пәнаралық категория. 
Қазіргі медицина адамды бірқатар аурулардан емдей отырып және хал үстіндегі 
адамдарды құтқаратындығымен, денсаулықты немесе ағзаның қорларын 
белсенді түзетуге әлі толық қатыса алмайды, ал дені сау адамдардың 
денсаулығын 
бақылауда 
ол 
әзірше 
емханалық, 
тар 
шеңберде 
мамандандырылған, госпитальдық болып қала береді. Мәдениетте және 
психологиялық ғылымда денсаулық феноменологиясының терең талдауы 
О.С.Васильева, Ф.Р.Филатовпен және т.б. жасалды. Зерттеліп отырған 
әдебиетте денсаулық пен норманың анықтамасында үш түрлі идеология 
белгіленген: дәстүрлі медициналық, валеологиялық және психологиялық. 
Медицина норманы аурудың пайда болуының мүмкіндік шарасы ретінде 
қарастырады, валеология – ағзаның сыртқы ортамен теңдестігі ретінде, ал 
психология – денсаулықты қамтамасыз ететін позитивті тұлғалық күштердің 
қалыптасу тұрғысынан қарастырады [122]. 
О.С.Васильеваның, 
Ф.Р.Филатовтың 
тұжырымдамасында 
тұлға 
денсаулығының мәнділігі: әрбір адамның психикасында патогендік қызмет 
атқаратын санасыз кешендермен қатар тұлғаның сауығуына қажетті 
қорларында деп айтылады.
Клиникалық психология тұрғысынан «норма», «денсаулық» ұғымдарын 
белгілеудің негізінде анықталыған «психикалық денсаулық» ұғымы 
басымдыққа ие.
Дамыту психологиясы және педагогикалық психология тұрғысынан 
тұлғалық даму және тұлғалық кемелдену категорияларымен кӛбінесе 
байланысатын «психологиялық денсаулық» ұғымы негізгі болып табылады. 


22 
Бұл жерде бірінші және екінші тәсілдемелерде де ауытқулардың 
детерминдеушісі ретінде сыртқы орта факторын бӛліп кӛрсету маңызды. 
Сонымен 
қатар 
екі 
бағыттың 
ӛкілдерімен 
«психикалық 
норма», 
«психологиялық норма» ұғымдарын диагностикалық мақсаттарда да, 
адамдардың психологиялық денсаулығын дамытудың жолдарын анықтау үшін 
де бӛліп кӛрсету маңызды болып табылады. Психологиялық денсаулық үшін 
норма – бұл қоғамға бейімделуге мүмкіндік беретін белгілі тұлғалық 
сипаттамалардың болуы ғана емес, сонымен қатар ӛзін дамыта отырып, оның 
дамуына да ықпал ету. Норма – ол оған жетудің педагогикалық жағдайларын 
ұйымдастыруға бағдар болып табылатын қандай да бір бейне. Психологиялық 
денсаулық жағдайында норманың баламасы – тіршілік ету үрдісінде дамуға 
мүмкіндіктің жоқтығы, ӛзінің ӛмірлік міндеттерін орындауға қабілетсіздік. 
Адамның 
психологиялық 
денсаулығының 
негізін 
онтогенездегі 
субъективтік шынайылықтың қалыпты дамуы құрайды. Аталған жағдайда 
«норма» ұғымының ӛзі – бұл қандай да бір қабілеттің дамуының орта 
статистикалық деңгейінің сипаттамасы емес, айқын кӛрінетін патологияның, 
жоғары бейімділіктің жоқтығына сүйенгендік емес, керісінше белгілі жаста 
жоғары жетістіктердің мүмкін болуын кӛрсету. Субъективтік шынайылықтың 
дамуын интегралдық кезеңдерге бӛлуіне сәйкес дамудың кез келген кезеңдері, 
баспалдақтары, шақтары ӛзінің жеке формасына ие. Мұнда дамудың 
нәтижелері белгілі қабілеттердің жиынтығы ретінде субъектіліктің атқарымдық 
мүшелері болып біріктіріледі. Олардың нақты құрамы психологиялық 
денсаулықтың шамаланған жастық нормаларын құрайды. Жеке шама, 
Г.А.Цукерманның айтуынша, ол нақты бір жаста нақты бір адам үшін дамудың 
тиісті жағдайларында мүмкін болатын нәрсе [123]. 
Осы екі ұғымды саралай келе, егер «психикалық денсаулық» жеке 
психикалық үрдістерді және механизімдерді сипаттайтын болса, онда 
«психологиялық денсаулық» тұлғаға тікелей қатысты, адам жан дүниесінің 
жоғарғы құбылыстарымен тығыз байланыста болады деп белгілеуге болады.
Денсаулық психологиясының субъектілік мәселесін қарастыруда, 
қазақстандық ғалым А.Р.Ерментаева ӛз еңбегінде, денсаулықты сақтау мен 
нығайту үшін тұлғаның ӛз ӛмірін жасаушы, ӛзгертуші, түрлендіруші субъект 
болуы қажетті шарт деп кӛрсетеді. Субъект мәселесіне қатысты әдебиеттерге 
жасалған талдауында автор зерттеушілердің ғылыми ұстанымдары әрқалай 
болғанымен, олардың кӛзқарасында қиылысатын тұстарды айқын кӛрсетті. 
Осылайша, субъект - белсенділіктің, бастамашылықтың, біртұтастықтың, 
автономдықтың жоғары деңгейіндегі адам, ӛз ӛмірінің жасампазы, ӛзінің 
тіршілік әрекеттерін басқарушысы ретінде айқындады.
А.Р.Ерментаева ӛз зерттеулерінде субъектілікті тұлғаның және ӛзгелерге 
деген құнды қатынасы бойынша анықтайды. Мұны субъектілік қатынас ұғымы 
арқылы мәндік сипатқа ие болады деп түсіндіреді. Сондықтан, денсаулықты 
арттыруда тұлғаның басқаларға және ӛзіне деген қатынасының құнды, ізгі-
рухани сипатта болуы ӛзекті мәселе деп кӛрсеткені біздің зерттеуіміздің 
ӛзектілігін растайды [124]. 


23 
Сонымен, А.Р.Ерментаеваның пікірінше, ғылыми-әдіснамалық қағидалар 
негізінде денсаулықты арттырып, нығайтуда тұлға тек субъект ретінде танылуы 
ғана емес, оның субъект ретінде дамуы да орын алады деп тұжырымдайды.
Демек, субъектілік парадигмасы денсаулық мәселесінің психологиялық 
астарын ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан түсіндіруге; денсаулық пен 
жансаулықты сақтауға, нығайтып, арттыруға психологиялық негіз болады, 
тұлғаның денсаулық деңгейіне субъектілік анықтауыш, психологиялық 
механизм және қажетті шарт болып табылатынын атап ӛтті. 
Сонымен қатар, психикалық денсаулықтың мәселесі бойынша отандық 
ғалым
Қ.Н.Нығыметова психология ғылымдарының кандидаты ғылыми 
дәрежесін алу үшін дайындаған «Балалардың психикалық денсаулығына 
экологиялық ортаның ықпалы» атты диссертация жұмысында [125] теориялық 
тұрғыдан психикалық денсаулық проблемасының негіздерін анықтап, 
денсаулық мәселесіне арналған теориялық материалдарды талдау негізінде іске 
асырылғанын айтады. Соның нәтижесінде жалпы денсаулық мәселесі, оның 
ішінде психикалық және психологиялық денсаулық мәселелері талданып, 
психикалық денсаулықтың үш деңгейлі құрылымы: тұлғалық-мәндік немесе 
тұлғалық денсаулық; даралық немесе жеке-даралық психологиялық денсаулық; 
психо-физиологиялық денсаулық – деп анықталғаны кӛрсетіледі.
Ғылыми-теориялық және қолданбалы сипатта экологиялық ортаның 
психикалық денсаулыққа әсерін қарастыруда қоршаған ортаның түрлері 
анықталынып, адамның табиғатпен байланысы Адам-орта, Адам-табиғат, 
Индивид-орта жүйелерінде нақтыланған екен. Кез-келген адам бір этностың 
ӛкілі 
ретінде 
қарастырылып, 
соның 
негізінде 
адам 
тұлғасы 
– 
биоэтнопсихоәлеуметтік бірлік деген тұжырым жасалынған. Экспериментті 
зерттеу барысында экологиялық қолайсыз Арал аймағының балалардың да, 
ересектердің (ата-аналар) денсаулығына айтарлықтай ықпалы бар екені 
анықталып, экологиялық ортаның ықпалы бала тұлғасының негізгі үш сферасы: 
танымдық, сезімдік-эмоциялық және еріктік сфераларында кӛрініс беретіні, 
арал балаларының 
зияттылық 
деңгейі 
тӛмен 
болса, 
мазасыздану, 
тынышсыздану деңгейлері анағұрлым жоғары екені, сонымен қатар эмоциялық 
күйлері ата-аналарының жағдайымен байланысты екені де кӛрсетілген. 
Білім беру саласында психикалық денсаулықты нығайтуға бағытталған 
«Превентивті бағдарлама» ұсынылып, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі 
балалардың экологиялық білімін жетілдіру мақсатымен (психикалық 
денсаулықты сақтаудың жолдарының бірі ретінде) арнайы авторлық 
экологиялық бағдарлама жасалынып, студенттерге арналған «Денсаулық 
психологиясы» арнаулы курсы ұсынылған.
С.М.Жақыповтың жетекшілігімен Н.Д.Унарбекова 6-7 жастағы қазақ 
балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету мен жолдарын 
зерттеуінде, психологиялық денсаулықты қамтамасыз ету жолдарының бірі-
тренинг әдісі, ал оны ұйымдастыру-бірлескен-диалогты танымдық іс-әрекетті 
қалыптастыру амалы арқылы жүзеге асатындығын нақтылады [126]. Автордың 
пікірінше, оқуға келген кезеңнен бастап балаларға психологиялық денсаулығын 


24 
дамытуға кӛмек кӛрсетілмейтін болса, адаптациялық деңгейдегі балалардың 
одан тӛмен ассимиляциялық-аккомодациялық деңгейлерге ауысуы байқалады.
Креативтілік деңгейдегі балалардың психологиялық ерекшеліктері – ортаға 
жақсы бейімделген, стресс жағдайларын жеңуге күш-қуаты бар, іс-әрекетке 
шығармашылық қатынасы бар балалар. Эксперимент барысында, бастауыш 
сыныпқа оқу барысында креативті деңгейдегі балалардың саны тұрақты 
сақталатыны кӛрсетілген. Автордың пікірінше, психологиялық денсаулықтың 
креативтілік деңгейін кӛрсеткен балаларда тұлғалық даму потенциалы бар, ал 
психологиялық 
денсаулықтың 
адаптациялық, 
ассимиляциялық-
аккомодациялық деңгейін кӛрсеткен балаларда оқу үрдісі кезінде қалыпты даму 
жүзеге аспай, мектепке дезадаптация пайда болады.
Диагностикалық эксперимент нәтижелерін жалпылағанда 6-7 жастағы 
қазақ балаларының 58,7 % психологиялық денсаулығы тӛменгі деңгейде 
екендігі, қамтамасыз ету кӛмегін қажет ететіндіктері анықталып, балалардың 
ұлттық санасын, жас епрекшелігі ескере отырып тренингтік сабақтың жаңа 
нұсқасы жасалған. 
Психологиялық денсаулық туралы қазіргі түсініктерді қарастыруды 
жалғастырсақ, денсаулықтың психологиялық деңгейінің мәні физикалық 
денсаулықтың алғышарттары ретінде Г.С.Никифоровтың еңбектерінде 
кӛрсетіледі. Автордың айтуынша, денсаулық толық кӛлемінде тек әртүрлі 
деңгейлерде ғана қарастырыла алады: физикалық, әлеуметтік және 
психологиялық. Осы аталған барлық деңгейлер ӛзара байланысады және бір-
біріне әсер етеді. Денсаулық психологиясының қағидаларына сүйене отырып, 
әсіресе психологиялық денсаулық физикалық денсаулықтың алғышарты 
болатындығын болжауға болады. Егер генетикалық факторлардың немесе 
табиғи апаттардың, қираулардың және т.б. әсерін жоққа шығаратын болсақ, 
онда психологиялық дені сау адам физикалық тұрғыда да сау болуы мүмкін. 
Г.С.Никифоров психикалық пен соматикалықтың арасындағы ӛзара байланыс 
медицинада ежелден белгілі болғандығы туралы жазады: «Кӛзді бассыз, басты 
денесіз емдеу, тәнді жансыз емдеу сияқты қате болып табылады» (Сократ). Ары 
қарай Г.С.Никифоров қазіргі кезде барынша жетілдірілген бағыт бар деп 
кӛрсетеді. Ол психиканың дене қызметтеріне ықпал ету механизмдерін 
қарастыратын, психосоматикалық бұзылуларды жүйеге келтіретін, оларды 
емдеудің және алдын алудың әдістерін анықтайтын психосоматикалық 
медицина. Психосоматикалық аурулар спектрінің кеңею тенденциясын 
ғылымның дамуына қарай, психикалық аурулардың саны да артқандығынан 
байқауға болады. Психикалық бейімділіктің негізінде пайда болған аурулардың 
мысалы ретінде ол жүрек-тамыр жүйесінің ауруларын келтіреді (вегетативтік-
тамыр дистониясы, жүрек ырғағының бұзылуы), ішек-қарын жолының 
бұзылулары (асқазан және ұлтабар жарасы), жалған неврологиялық бұзылулар 
(психикалық гипертензия, бастың психогендік аурулары) және т.б. 
Онкологиялық аурулардың кейбір психикалық шарттастықтары туралы 
жазылған зерттеулер бар. Ал жағымды мысалға психикалық фактордың 
аурудың пайда болуына емес, адамның толыққанды қызмет атқаруына әсері – 


25 
80-90 
жасқа дейін аман-есен жеткен адамдардың психологиялық 
мінездемелерін зерттеген Джюэтт зерттеулерінің нәтижелерін келтіруге 
болады. Олардың барлығы болашаққа сеніммен қарап, эмоционалдық 
сабырлылықты сақтаған, қуану қабілетіне ие болып, күрделі ӛмірлік 
жағдайларға бейімделе білген екен. Бұл кӛптеген зерттеушілермен кӛрсетілген 
психологиялық дені сау адамның «кейпіне» тән келеді [127].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет