Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Кесте 2 - «Психикалық денсаулық» және «психологиялық денсаулық»  ұғымдардың салыстырмалы талдауы



Pdf көрінісі
бет11/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Кесте 2 - «Психикалық денсаулық» және «психологиялық денсаулық» 
ұғымдардың салыстырмалы талдауы 
Психикалық денсаулық 
Психологиялық денсаулық 

Ӛнімді 
іс-әрекет 
нәтижесі 
болып 
саналатын 
психикалық 
функциялардың 
табысты 
орындалуы, 
басқа 
адамдармен 
қарым-қатынас 
орнату 
және 
ӛзгерістерге 
бейімделе 
алу 
қабілеті, 
жайсыздықтарды 
жеңе 
алу 
[127].

Адам ӛзімен барынша 
қанағаттанатын және ӛмірге, 
ӛзін-ӛзі 
реттеуге 
деген 
қызығушылықты 
сезінетін 
болмыстың 
айтарлықтай 
тұрақты 
жағдайы/ 
табиғат 
түсінігін және оны сақтаудың 
механизмдерін қамтитын, жеке 
адамның 
психикалық 
қызметінің 
интегралдық 
сипаттамасы [128]. 

Сырқатты 
психикалық 
кӛріністердің 
жоқтығымен 
сипатталатын, 
шынайылық 
жағдайларына барабар мінез-
құлық 
пен 
іс-әрекетті 
қамтамасыз ететін, жанның 
жайлы жағдайы [132]. 

«Психологиялық 
денсаулық» 
– 
жалпы тұлғаға қатысты. Психологиялық 
денсаулық адамның ӛмір сүру барысындағы 
толық қызмет атқарып дамуының қажетті 
бастамасы мен жағдайы болып табылады.
Психологиялық денсаулық адамға ӛмір 
бойы оның үздіксіз дамуына мүмкіндік 
береді. 
Дамудың 
үздіксіздігі 
психологиялық денсаулықтың маңызды 
қасиеті және кәсіби рӛлдерді тиісті 
атқарудың жағдайы болып табылады [129]. 

«Психологиялық дені сау адам - ол, 
алдымен спонтанды және шығармашыл, 
жарқын және кӛңілді, ашық, ӛзін және 
қоршаған әлемді ақыл-парасатымен ғана 
емес, сонымен қатар сезімдер мен 
интуициясы арқылы да танушы адам. Ол 
ӛзін толығымен қабылдайды және оны 
қоршаған адамдардың құндылығы мен 
бірегейлігін 
толық 
мойындайды. 
Психологиялық денсаулық жеке адам мен 
қоғам 
сұраныстарының 
арасында 
үйлесімділікті қамтамасыз ететін, тұлғаның 
ӛзінің ӛмірлік міндеттерін орындауға
бағдарлануының 
алғышарты 
болып 
табылатын, 
адамның 
психикалық 
қасиеттерінің динамикалық жиынтығын 
білдіреді [133].
Ӛз кезегінде, А.А.Лифинцевамен психикалық және психологиялық 
денсаулық ұғымдары арақатынасының талдауы жасалған [128]. Автордың 
айтуынша, АҚШ пен Ұлыбританияда (және барлық ағылшын тіліндегі 
басылымдарда) ―mentalhealth‖ сӛз тіркесі, ӛнімді іс-әрекетті, басқа адамдармен 
қарым-қатынас орнатуды, ӛзгерістерге бейімделе алуды және сәтсіздіктерді 


26 
жеңе алуды нәтижесі ретінде санайтын, психикалық қызметтердің оңтайлы 
атқарылуын білдіреді. Балалық шақтан бастап ӛмірдің соңғы кезеңдеріне дейін 
психикалық денсаулық интеллектуалдық іс-әрекет пен коммуникативтік 
дағдылардың, үйренудің, эмоционалдық дамудың, тұрақтылықтың және ӛзін-
ӛзі құрметтеудің негізі болып табылады. 
Басқа анықтамаларда, психологиялық денсаулық – ол, жеке адамның ӛз-
ӛзімен қанағаттанатын және ӛмірге, ӛзін-ӛзі реттеуге қызығушылық сезінетін, 
болмыстың біршама тұрақты жағдайы деп кӛрсетілген. С.М.Громбахтың 
кӛзқарасы бойынша психикалық денсаулық, табиғатты және оның 
механизмдерін түсініп қолдаудан тұратын, жеке адамның психикалық қызметі 
толымдылығының интегралдық сипаттамасын білдіреді [129]. Ол тұлғаның 
ӛмірге деген жеке қабілеттілігі және бұл арада онтогенездің барлық 
кезеңдерінде психикалық денсаулықтың негізін, жоғарғы психикалық 
қызметтердің, психикалық үрдістердің және механизмдердің толық дамуы 
құрайды.
«Психологиялық 
денсаулық» 
ұғымын 
ғылыми 
сӛздік 
қорына 
И.В.Дубровина енгізген. Оның пікірінше, егер «психикалық денсаулық» 
термині жеке психикалық қасиеттерге және механизмдерге қатысты болса, онда 
«психологиялық денсаулық» термині – тұлғаға тікелей қатысты, адам жан 
дүниесінің жоғарғы құбылыстарымен тығыз байланыста болады және 
медициналық, әлеуметтік, философиялық және т.б. аспектілерге қарағанда 
психикалық денсаулық мәселелерінің жеке психологиялық аспектілерін 
шешуге мүмкіндік береді [130].
Осылайша, психологиялық денсаулық адамның тіршілік әрекетінің
барысында оның дамуы мен толық қызмет атқаруының қажетті жағдайы мен 
күнкӛріс амалы болып табылатындығы туралы қорытынды жасауға болады. 
И.В.Дубровнина, 
В.Э.Пахальян, 
О.В.Хухлаевалардың 
зерттеулері 
психологиялық денсаулықты, бір жағынан, адамның ӛзінің жасерекшелік, 
әлеуметтік және психологиялық рӛлдерін ойдағыдай орындаудың жағдайы 
ретінде, екінші жағынан, адамға ӛмір бойы үздіксіз дамуға мүмкіндік береді, 
деп кӛрсетеді. Дамудың үздіксіздігі психологиялық денсаулықтың маңызды 
қасиеті және кәсіби рӛлін барабар орындаудың жағдайы болып табылады 
[130,131,133].
И.В.Дубровина психикалық денсаулықты әрбір жас кезеңінде сыртқы және 
ішкі факторлардың ӛзара байланысын ескерумен қарастыруды болжайтын 
онтогенетикалық амалды ұстанады. Және де сыртқы факторлар ғана ішкілер 
арқылы ӛзгермейді, сонымен қатар ішкі ықпалдар да сыртқыларын түрлендіре 
алады [130]. Автордың айтуынша, психологиялық денсаулықтың негізін 
онтогенездің барлық кезеңдеріндегі толық психикалық даму құрайды. 
Психологиялық денсаулық – ол ӛмір бойы алынатын білім, әрине, адамның 
ӛмір сүруі барысында ол үнемі сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерінен ӛзгеріп 
отырады, сонымен бірге сыртқы факторлар ғана ішкілер арқылы ӛзгермейді, 
сонымен қатар ішкі ықпалдар да сыртқыларын түрлендіре алатындығы туралы 
айтуға болады. И.В.Дубровина психологиялық денсаулықты тұлғаның 


27 
дамуындағы алуан түрлілік тұрғысынан қарастыруды, яғни психологиялық 
денсаулыққа рухани бастаманы енгізуді, абсолюттік құндылықтарға (ақиқатқа, 
сұлулыққа, мейірімділікке) бағдарлануды ұсынады. Осылайша, егер адамда 
этикалық жүйе болмаса, онда оның психологиялық денсаулығы туралы айтуға 
да мүмкіндік жоқ. Біздің ойымызша, бұл қағидамен толық келісуге болады.
В.Э.Пахальян психологиялық денсаулық мәселесін психологиялық 
амандық тӛңірегінде қарастырады, сонымен қатар оның мәнін құрайтын және 
ӛзінің жеке, жасерекшелік-психологиялық мүмкіндіктерін дамудың кез келген 
кезеңінде ӛзекті қылуға мүмкіндік беретін, оны тұлғаның ішкі жайлылығының 
(келістілігінің) динамикалық күйі ретінде белгілейді [131].
Даму жӛнінде айта отырып, О.В.Хухлаева даму ұғымының мазмұны мен 
«ӛзгеріс» ұғымының айырмашылығын баса кӛрсетеді. «Даму ӛзгеріске 
қарағанда тоқырау мен қозғалыстың жоқтығын ғана білдіріп қана қоймайды, 
сонымен қатар адаммен жағымды жаңалықтардың бірізді жинақтауын 
анықтайтын, қандай да бір мақсатқа деген талпынысын білдіреді» [133]. Адам 
ӛз мақсаты мен ӛзінің ӛмірлік жолын таңдап алуы қажет.
О.В.Хухлаева психологиялық және физикалық денсаулықтың ӛзара 
байланысы туралы мәселеге де назар аударады. «Психологиялық денсаулық» 
терминінің ӛзін қолданғандық адамдағы тәндік пен психикалықтың 
біртұтастығын, толыққанды қызмет ету үшін екеуінің де қажеттілігін кӛрсетеді. 
Соның нәтижесінде ол психологиялық дені сау адамның жалпыланған 
«портретін» құрайды. «Психологиялық дені сау адам – ол, алдымен, спонтанды 
және шығармашыл, жарқын және кӛңілді, ашық, ӛзін және қоршаған ортаны 
тек ақылымен ғана емес, сезімдерімен, интуициясымен де танушы адам. Ол ӛзін 
толығымен қабылдайды және оны қоршаған басқа адамдардың да құндылығы 
мен бірегейлігін мойындайды. Мұндай адам ӛз ӛмірі үшін жауапкершілікті, 
алдымен ӛз-ӛзіне жүктейді және жағымсыз жағдайлардан сабақ алады. Оның 
ӛмірі мәнге толы. Ол үнемі даму үстінде болады және басқа адамдардың 
дамуына да ықпал етеді. Оның ӛмір жолы аса жеңіл болмауы да, кейде тіпті 
ауыр болуы да мүмкін. Дегенмен ол ӛмірдегі болып жатқан ӛзгерістерге тез 
бейімделеді. Маңыздысы – ертеңгі күні болатын жағдайларға сене отырып, 
белгісіздік жағдайында да ӛзін ұстай алады». Осылайша, психологиялық 
денсаулықты сипаттау үшін «түйінді» сӛз ретінде О.В.Хухлаева «үйлесімділік» 
немесе «баланс» сӛздерін пайдаланады. Бұл адамның ӛзін жасайтын түрлі 
құрауыштардың 
арасындағы 
үйлесімділік: 
эмоционалдық 
пен 
интеллектуалдықтың, тәндік пен психикалықтың, сонымен қатар адам мен 
қоршаған адамдардың, табиғаттың, ғарыштың арасындағы үйлесімділік. Бұл 
арада үйлесімділік орныққан қалыпта емес, үрдіс ретінде қарастырылады. 
Сәйкесінше О.В.Хухлаева тұлғаның ӛз ӛмірлік міндеттерін атқаруға 
бағдарының алғышарты болып табылатын, жеке адам мен қоғам 
сұраныстарының арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ететін психологиялық 
денсаулық адамның психикалық қасиеттерінің динамикалық жиынтығын 
құрайды деп айтады. Осы орайда ӛмірлік мақсатты автор нақты бір адамның 
ӛзінің бойындағы қабілеттері мен мүмкіндіктерінің кӛмегімен қоршаған 


28 
ортадағылар үшін жасалатын нәрсе ретінде қарастыруды ұсынады. Ӛмірлік 
мақсатты орындай келе, адам ӛзін бақытты сезінеді, керісінше болған жағдайда 
ӛзін аса бақытсыз деп санайды. Егер психологиялық денсаулықты сипаттау 
үшін «түйінді» сӛз ретінде «үйлесімділік» болғанына келісетін болсақ, онда 
психологиялық дені сау адамның негізгі мінездемесі ретінде О.В.Хухлаева ӛзін-
ӛзі реттеушілікті атайды, яғни жағымды, жағымсыз жағдайларға, ықпалдарға 
тиісті бейімделу мүмкіндігі болып табылады. Әсіресе, жағымды жағдайларға 
бейімделу кезінде мүмкін болатын қиындықтарға аса назар аударылады. Оларға 
адам үнемі дайын болады және олар аса күш салуды қажет ете қоймайды. Егер 
қиын жағдайларға бейімделу туралы айтатын болсақ, онда оларға тек қарсы 
тұру ғана емес, сонымен қатар оларды ӛзін-ӛзі ӛзгерту үшін, ӛсу және даму 
үшін пайдалану да қажет. Сонымен, О.В.Хухлаева психологиялық 
денсаулықтың басты міндеті – ол тұлғаның қорларын жұмылдыруды талап 
ететін жағдайларда, адам мен сыртқы ортаның арасындағы белсенді 
динамикалық байланысты сақтау туралы қорытынды жасайды. Ары қарай 
психологиялық денсаулық ұғымын тұлғаның кемелденуі ұғымымен 
сәйкестендіру қажет, себебі кӛп авторлар оларды синоним ретінде 
пайдаланады. Шынында да, егер адамның дамуын кемелденуге қарай ретті 
қозғалыс деп түсінетін болсақ, онда ересек адамның кемелденуі мен 
психологиялық денсаулығы, О.В.Хухлаеваның пікірінше, мәндес ұғымдар 
ретінде де қолданыла алады.
О.В.Хухлаеваның зерттеулері мен әдебиеттерінің талдауы, психологиялық 
денсаулықты аксиологиялық, аспаптық және қажеттілік-мотивациялық 
компоненттерден тұратын жүйе ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Бұл жерде 
аксиологиялық компонент адамның жеке «Мен» құндылықтары және ӛзге 
адамдардың «Мен» құндылықтарымен кӛрсетілген. Оған ӛзін-ӛзі толық 
таныған жағдайда ӛзін-ӛзі абсолюттік қабылдау сияқты, басқа адамдарды да 
жынысына, жасына, мәдени ерекшеліктеріне және т.б. қарамастан қабылдау 
тән. Ол үшін шартсыз алғышарт болып тұлғалық тұтастылық, сонымен қатар 
ӛзінің «қараңғы бастамасын» қабылдап, онымен диалогқа түсе алу қабілеті 
саналады. Одан басқа, қажетті қасиеттер ретінде қоршаған ортадағылардың 
әрқайсысында «кіршіксіз бастаманы» айыра білу қасиеті саналады, тіпті ол 
бірден кӛрінбесе де, мүмкіндігінше осы «кіршіксіз бастамамен» ӛзара 
әрекеттесу және басқа адамда ӛзіңдегідей «қараңғы бастаманың» болуына 
мүмкіндік беру.
Аспаптық компонент адамға ӛзін-ӛзі танудың құралы ретінде, ӛз санасын 
ӛзіне, ӛзінің ішкі әлеміне және басқалармен ӛзара қатынастарда ӛз орнына 
назар аудара алу қабілеті ретінде, рефлексия жасай алуды болжайды. Оған 
адамның ӛзінің және басқа адамдардың да эмоционалдық жағдайын сипаттап, 
түсіне алу қабілеті, ӛзгелерге зиян келтірмей сезімдерін еркін және ашық 
кӛрсете алу мүмкіндігі, ӛзінің және қоршаған ортадағылардың мінез-құлқының 
себептері мен салдарын сезіне алу қабілеті тән. Қажеттілік-мотивациялық 
компонент адамда ӛздігінен даму қажеттілігінің болуын анықтайды. Бұл, 


29 
адамның ӛз тіршілік әрекетінің субъектісі болғандығын, дамуының қозғаушы 
күші болып табылатын белсенділіктің ішкі кӛзіне ие екендігін білдіреді.
Психологиялық денсаулықтың белгіленген компоненттерін қарастыруды 
қорытындылай келе О.В.Хухлаева олардың ӛзара байланысы мен олардың 
динамикалық ӛзара әрекеттестігіне тоқталады. Белгілі болғандай, невротикалық 
емес, жағымды рефлексияны дамыту үшін адамда ӛзіндік оң қарым-қатынастың 
болуы қажет. Ӛз кезегінде адамның ӛздігінен дамуы ӛзіндік қарым-қатынастың 
ӛзгеруіне әсер етеді. Ал тұлғалық рефлексия ӛздігінен дамудың тетігі болып 
табылады. Сәйкесінше, ӛзіндік қарым-қатынас, рефлексия және ӛздігінен даму 
бір-бірін ӛзара шарттастырып, үнемі ӛзара әрекеттестікте болады, деген 
қорытынды жасауға болады.
Сонымен, О.В.Хухлаева психологиялық денсаулықтың негізгі бастамасы 
деп ӛзіндік оң қарым-қатынас пен ӛздігінен дамуды санайды. 
Ӛз тұжырымдамасын даму қайта айналмайтын үрдіс деген қағиданың 
негізінде құрған В.С.Мухина [134] сыртқы ортамен ӛзара әрекеттестіктің 
ӛзгеруінен тұратын бұл ӛзгерістер психика мен сана дамуының барлық 
кезеңдерінен ӛтеді деген болатын. Осы тұрғыдан алғанда норма түсінігі 
адамның қоршаған ортаға бейімделе алуы мен оны ӛз қажеттіліктеріне сәйкес 
бейімдей алуының арасындағы үйлесімділікті болжайтын, адамның сыртқы 
ортамен ӛзара әрекеттестігінің талдауына негізделуі қажет. Ортаның 
бейімделгіштігі мен бейімділіктің арасындағы байланыс жай ғана тепе-теңдік 
болып саналмайды, ол тек нақты жағдайға ғана емес, сонымен қатар адамның 
жасына да байланысты.
Психикалық денсаулықтың жаңа тұжырымдамаларының аясында тұлға 
мәселесін қайта қарастыру Е.Р.Калигеевская, Ю.М.Орлов, Д.А.Леонтьевтің 
еңбектерінде бар [135,36,37]. Олардың зерттеулерінде мәселеге табиғи-ғылым 
және 
гуманитарлық 
кӛзқарастардың 
синтезі 
кӛрсетілген, 
адамның 
құндылықтары мен ӛмірлік мәнді ӛлшемдері оның жағымды дамуының 
детерминанты ретінде зерттеледі.
Осылайша, біз психологиялық денсаулықты – қазіргі ӛркениетті қоғамның 
кӛптеген тұрғындары үшін ӛзекті мәселе, деп белгілей аламыз. Психологиялық 
денсаулық – бұл құрылымдық ӛмірлік сценарийлерді икемді, мобилді түрде 
құруға және оларды қарқынды ӛзгеріп жатқан, агрессиялы ортада табысты 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, жаңа ақпаратты тиісті меңгеріп, қайта ӛңдеп 
және тудыру бойынша адам мен қоғамның іргелі қабілеті. Психологтардың 
айтуынша, тұлға ӛзінің ӛмірлік маңызды сұраныстарын қанағаттандыра 
алмаған кезде және күрделі әлемде жағымды қатынастар мен бейімдік мінез-
құлықты сақтап, ӛмір сүруге әлеуметтік құзыретті болуға қабілетсіз болған 
жағдайда «психологиялық сырқат» пайда болады. Ӛз кезегінде, психологиялық 
денсаулық кӛбінесе соматикалық саулықтың негізін салушысы болып 
табылады. Әсіресе психологиялық денсаулық кәсіби денсаулықты дамытудың 
алғышарты болып табылады.
Мұғалімнің 
кәсіби 
денсаулығының 
ғылыми-тәжірибелік 
тұжырымдамаларының жетілдірілуін қамтамасыз ететін ғылымдар кешенінде, 


30 
тұлғаның ішкі әлемінің, жеке тәжірибесінің кӛптеген түрлерін зерттейтін 
психологиялық ғылымдар, педагогтардың кәсіби денсаулығын сүйемелдеудің 
негізін анықтау үшін әдіснамалық негіз бола алады. Кӛп авторлар аталған 
ұғымдардың тығыз байланысын кӛрсетеді, мысалы, Б.С.Братусь денсаулықтың 
үш деңгейін белгілей отырып: психофизиологиялық, жеке-психологиялық және 
тұлғалық, біріншісін психикалық денсаулыққа, екіншісі мен үшіншісін - 
психологиялық амандыққа немесе психологиялық денсаулыққа жатқызады 
[138].
Психологиялық 
денсаулық 
мәселесіне 
кӛптеген 
авторлардың 
кӛзқарастарын жалпылай келе, ол бірнеше компоненттен (әлеуметтік, 
эмоционалдық және интеллектуалдық) тұратын тұлғалық саулықтың 
интегралдық сипаттамасын білдіреді деп айтуға болады. 
Сонымен, психологиялық денсаулық психикалық денсаулықпен тығыз 
байланысады деп айтуға болады, соңғысы психологиялық денсаулықтың негізін 
құрайды. Аталған ұғымдарды анық түсіну, олардың мәндік сипаттамасы мен 
ерекшеліктері аса маңызды, ӛйткені психикалық денсаулықты сақтау және 
нығайту саласында жұмыс істейтін мамандардың (психиатрлар, психологтар, 
психотерапевттер және т.б.) және психологиялық денсаулықты зерттейтін 
мамандардың (психологтар, психотерапевттер) іс-әрекет аясын жіктеген жӛн. 
Психологиялық денсаулық тұлғаның болашақ ӛмірлік міндеттерін 
орындауға деген бағдарының алғышарты болып табылатын, адам мен қоғам 
сұраныстарының арасында үйлесімділікті қамтамасыз ететін, адамның 
психикалық қасиеттерінің динамикалық жиынтығын құрайды. Осы орайда 
ӛмірлік мақсатты, нақты бір адамның ӛзінің бойындағы қабілеттері мен 
мүмкіндіктерінің кӛмегімен қоршаған ортадағылар үшін жасалатын нәрсе 
ретінде қарастыруға болады.
Адамның денсаулығы мінез-құлықтың мәдени формасының бір түрі 
болғандықтан тұлға денсаулығын түсінуге жаңа амалдардың бірі ретінде, 
психологиялық 
денсаулықты 
жоғарғы 
психикалық 
қызмет 
түрінде 
қарастыратын М.Г.Чеснокованың әдісі саналады. Жоғарғы қызмет ретінде ол 
әлеуметтік жаратылысқа ие, қоғамда қалыптасып, мінез-құлықтың мәдени 
нормалары мен формаларын игеруді ғана білдірмейді, сонымен қатар 
шығармашылық тұрғыда түрленуге және барынша жаңа үйлесімді түрлерін 
тудыруға қабілеттілікті болжайды. Жоғарғы психикалық қызмет ретіндегі 
денсаулық – бұл ӛзінің адами табиғатын (соның ішінде биологиялық) 
әлеуметтік құралдармен дамытуға бағытталған іс-әрекет болып табылады [139]. 
Автор тұлға дамуының барынша жоғары деңгейге ауысуын денсаулықтың жеке 
тұжырымдамасының ӛзгеруіне әкеледі деп кӛрсетеді. Мәдениет тарихында 
(антикалық, 
бейімдік 
және 
антропоцентрикалық) 
орнығып 
қалған 
денсаулықтың үш негізгі әлеуметтік-мәдени эталондарының бірігуінен 
құралатын О.С.Васильева және Ф.Р.Филатовпен «дені сау тұлғаның үлгісі» 
ұсынылады. Авторлар денсаулықты құрылымдық және динамикалық 
аспектілердің тұтастығында талдай отырып, оны тұлғаның жүйелі қасиеті 
ретінде қарастырады [140].


31 
1970 жылдардың соңында психологиялық пәндер арасынан денсаулық 
психологиясы ерекше бӛлініп шықты. Ол психологиялық зерттеулердің жеке 
саласы ретінде бекітіле бастады. Адамдардың денсаулығын қамтамасыз етуде 
психологияның рӛлі тұрақты түрде ӛсе бастаған. Денсаулық психологиясы 
әдетте адам тіршілігінің бірнеше деңгейін қарастырады және оларды 
денсаулықтың тиісті деңгейлерімен сипаттайды. Денсаулық болмыстың әр 
түрлі деңгейлерінде (физикалық, әлеуметтік-психологиялық, рухани) адамның 
жайлы кйүімен сипатталатын жүйелі феномен ретінде ғана емес, сонымен қатар 
белгілі бір күштердің қорымен, әлеуетімен, белсенділікті кӛрсету 
мүмкіндіктерімен, аталған барлық деңгейлерде қорларға ие болушылық сияқты 
түсіндіріледі. Денсаулық психологиясы аясында денсаулықты сақтауға, 
сырқаттардың пайда болуына және оның ағымына психикалық ықпалдардың 
әсері зерттеледі. 
Осылайша, денсаулық психологиясы сау адамға сыртқы ортаның 
патогендік факторларының әсері болған жағдайда да денсаулықты сақтауға 
мүмкіндік беретін, оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, психикасының 
қорын зерттеуді басты мақсат етеді. Психологиялық денсаулық адам 
онтогенезінің әр түрлі деңгейлерінде оған толыққанды қызмет етуіне және 
дамуына қажетті жағдай болып табылады. Сонымен қатар ол тұлғаға 
әлеуметтік қызметтер мен рӛлдерді тиісті орындауға, ӛмірлік мақсаттарға 
жетуге және ӛзекті мәселелерді шешуге жағдай туғызып, адамға ӛмір бойы 
сындарлы дамуына мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Психологиялық денсаулық мәселесін қарастыра отырып, бірнеше 
авторлардың ұсынған, психологиялық денсаулықтың ӛлшемдерін қарап ӛтелік.
Психологиялық денсаулықтың ӛлшемдері болып келесі реттегілер 
саналады: жақсы дамыған рефлексия, стресске тӛзімділік, қиын жағдайларда 
ӛзінің қорларын таба білу, тұлғаның эмоционалдық және мінез-құлықтық 
кӛріністерінің толықтылығы (В.С.Хомик) [141], ӛзінің ішкі болмысына сүйену 
(А.Е.Созонов, Ф.Пеарлз) [142,143], ӛзін-ӛзі қабылдау және қоршаған 
ортадағыларға зиян келтірмей ӛз эмоционалдық мәселелерін шеше алу, ӛзінің 
әлді және әлсіз жақтары туралы анық хабардарлық ретіндегі «ӛзіндік ақиқат», 
адам жасайтын барлық іске мән беретін және басты мақсатты қамтыған 
құндылықтар жүйесінің болуы (G.Allport) [144]. 
Ю.П.Зинченко, И.С. Бусыгиналармен психологиялық денсаулық кәсіби іс-
әрекеттің маңызды негізі ретінде қарастырылады және «кәсіби денсаулық» 
ұғымы іс-әрекетті тиімді атқаруға мүмкіндік беретін, қажетті және тиісті 
физикалық және психологиялық атқарымдықтың деңгейін кӛрсететін жағдай 
түрінде түсіндіреді. [145].
Психологиялық денсаулықтың келесі ӛлшемдерін белгілейді: 
- адам психикасының әр түрлі салаларында – эмоциялық, мотивациялық,
айтуға мүмкіндік беретін және тұлғаның үйлесімсіздігі мен оның қоршаған 
ортамен байланыстан айырылуы сияқты ауытқуларды анықтайтын психикалық 
тепе-теңдіктің ӛлшемдері; 


32 
- психиканың барлық салаларының дамуы мен қызмет етуінің біркелкілігі 
ретінде түсінілетін, оның ұйымдасуындағы үйлесімдік, сонымен қатар олардың 
тығыз байланысы; ӛзінің ішкі тепе-теңдігін сақтай отырып, тұлғаның қоршаған 
ортаға бейімделе алу қабілеті сияқты ұғынылатын, ағзаның бейімділік 
мүмкіндіктері.
- табиғи және әлеуметтік ортаға бейімділік; қалыптылық; адамның 
сабырлылығы мен тұрақтылығы; 
- адамдар қауымдастығына үйлесімді түрде ену; 
- нақты «Мен»-ді мінсіз «Мен» бейнесімен салыстыру. Нақты «Мен»-нің 
мінсізбен жоғары деңгейде сәйкес келуі адамның психологиялық 
денсаулығының нақты кӛрсеткіші болып саналады. 
И.В.Дубровина негізгі ӛлшемдер деп тӛмендегілерді санайды: ӛзін, ӛзінің 
адамгершілік қасиеттері мен кемшіліктерін қабылдау, ӛзінің құндылықтары 
мен бірегейлігін, қабілеттері мен кәсіби іс-әрекеттегі мүмкіндіктерін сезіну; 
әріптестері мен оқушыларын қабылдау, жасына, мәртебесіне және ұлтына 
қарамай, әрбір адамның құндылығы мен бірегейлігін сезіну; жақсы дамыған 
рефлексия, ӛзінің эмоционалдық күйлерін, мінез-құлық түрткілерін, 
қылықтарының салдарын ажырата білу; стресске қарсы тұрақтылық, жұмыс 
ортасының жағымсыз факторларымен пайда болған қиын жағдайларда ӛзінің 
жеке қорларын аша білу [147]. .
Психологиялық денсаулықтың ӛлшемдері қазіргі зерттеушілердің кӛптеген 
еңбектерінде қарастырылады. Қазір психологиялық денсаулық анықтамасына 
кӛбінесе деңгейлік тәсілдеме ұсынылады. М.С.Роговин [146] деңгейлерді 
сыртқы және ішкі реттеулер қызметтерінің сақталуына негіздейді. 
Осылайша, психологиялық әдебиеттерде тұлғаның психологиялық 
денсаулығы мәселесі бойынша зерттеулер ұсынылады. Олардың талдауларын 
негізгі бағыттар мен мектептер бойынша жасағандай, психологиялық 
денсаулық ұғымының мазмұндық мәні жағынан ӛлшемдер арқылы да жүзеге 
асыруға болады.
Психологиялық денсаулықтың маңызды ӛлшемі болып, адамның ішкі жан 
дүниесін анықтайтын негізгі үрдістердің сипаты мен динамикасы саналады 
(Л.М.Аболин), әсіресе, әр түрлі жас кезеңдерінде оның қасиеттері мен 
ерекшеліктерінің ӛзгеруі [148]. 
И.Н. Гуревич денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған мінез-
құлық, денсаулыққа тӛнген қауіп-қатер туралы қалыптасып қалған қоғамдық 
пікірлердің негізінде қалыптасады және бұқаралық әлеуметтік-психологиялық 
үрдістердің ықпалында болады деп кӛрсетті. Әлеуметтік ӛзгерістер күйзелісі әр 
түрлі «тәуекелдік» мінез-құлықтың түрлеріне себепші болады [149]. 
Денсаулық психологиясы мәселелерінің бірі – ол психикалық, әлеуметтік 
денсаулықты бағалау ӛлшемдерін анықтау. Денсаулықтың психологиялық 
деңгейі тұлғалық контекстпен байланысты, соның тӛңірегінде адам тұтастық 
ретінде кӛрінеді. Психологиялық денсаулықтың маңызды ӛлшемдерінің ішінде 
– тұлғаның тұтастылығы, оның үйлесімділігі, байсалдылығы, руханилығы, 
ӛздігінен дамуға бағдарланғандығы бар. Әлеуметтік деңгейде адам қоғамдық 


33 
жан ретінде қабылданады. Әлеуметтік денсаулық жеке адамның тұлғааралық 
байланыстарының саны және сапасымен анықталады, сонымен қатар қоғам 
ӛміріне оның араласу дәрежесімен белгіленеді. Әлеуметтік денсаулық 
аясындағы ауытқушылықтар белгілі тұлғалық қасиеттердің (шиеленістік, 
эгоцентризм) басымдылығымен шартталуы мүмкін.
Қазіргі кездегі психологияда психологиялық денсаулықтың кӛп 
деңгейлілігі туралы түсініктер даму үстінде (Ф.Е.Василюк, Е.Р.Калитеевская, 
Д.А.Леонтьев және т.б.) [150,15,152]. Б.С.Братусь психологиялық денсаулықты 
біртекті білім ретінде емес, керісінше күрделі деңгейлік құрылымдағы құбылыс 
ретінде ұсынады [153]. С.А.Панченко ӛз зерттеуінде психикалық 
денсаулықтың үш деңгейін: тұлғалық-мағыналық, жеке-психологиялық және 
психофизиологиялық бӛліп кӛрсетеді [154].
Ал, Г.С.Никифоров ӛз кезегінде, тұлғаның психологиялық денсаулығының 
жалпыанлған ӛлшемі ретінде, адамның психикалық аясының атқарымдық 
сипатын әр түрлі қырынан (танымдық, эмоционалдық, еріктік) талдауға 
мүмкіндік беретін, психикалық тепе-теңдікті айтады.
Жастық шақта идеялар дүниесі нақты ӛмірмен, басқа адамдардың мінез-
құлқымен және біз үшін ең маңыздысы, ӛзінің мінез-құлқымен қалт етпей 
салыстырыла бастайды. Егер жасӛспірімді сыртқы жылтырақпен, жасанды 
батылдықпен, соңы ескерілмейтін қандай да бір қылықпен жеңіл еліктіруге 
мүмкін болса, бозбала шағындағы адам ересек ӛмірдің тартымды болып 
кӛрінетін кӛптеген әлсіз жақтарын ажырата алады. Бозбала келесідей 
ұғымдарды жеңіл және дәл саралап, ажырата алады: «табандылық» және 
«қасарғыштық», «батылдық» және «ессіздік», «тәкаппарлық» және «асқақтық» 
және т.б., ал жеткіншек болса оларды әрдайым ӛрескел шатастырады [155].
Сонымен, жастық кезең моральдық бағалаулар мен пайымдауларды 
барынша тиянақты қылып қана қоймай, адамгершілік санаға мағыналық ӛріс 
пен жаңа сапалы білімдер енгізеді. Солардың ішінде адамгершілік 
мұраттарының қалыптасуы ең басты мәселе болып табылады. Жеткіншек, одан 
гӛрі бастауыш сынып оқушысы, ӛзінің тұлғалық идеалын кӛбінесе ӛз бетімен, 
жасырын түрде, нақты бір адамнан алған алғашқы айқын әсері бойынша 
таңдайды және барлық жағдайда, тіпті әдеттері мен киім киісінде де, ӛз піріне 
соқыр сеніммен еліктеуге тырысады. Жастық шақта мүлдем басқа жағдай 
байқалады: адам ӛз мұратын саналы түрде құра бастайды. Оған үлгі ретінде 
қандай да адамгершілік қасиеттерді кейіптейтін енді бір адам емес, бірнеше 
адам бола алады. Алайда идеалдың мұндай түрі де соңғы емес, жалпыланған 
идеалдың «яғни, адамгершілік талаптар жүйесінде жүзеге асырылған, ӛзінің 
нақты иесінен айырылған идеалдың» пайда болуындағы аралық деңгейі болып 
табылады. Ары қарай, егер осы идеалдар шынайы ӛмір арқылы ӛтіп, жүзеге аса 
бастаса, нақты іс-әрекетпен жанамаланса, сол іс-әрекеттерге соңғы 
субъективтік мағына берсе, онда олар тұлғалық құндылықтарға, яғни саналы 
жалпы мағыналық құрылымдарға айналады, оның болуы тұлғаның қалыптасу 
үрдісін аяқтайды. 


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет