Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет13/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

жағдайлардың бұзылып, басқаларының дамып, пайда болуы салдарынан тұлға 
ӛміріндегі қиын кезеңдерімен алмасады. Бұл кезде психологиялық 
жаңалықтардың қарқынды қалыптасуы жүреді. Дағдарыстар жағымсыз 
(бүлдіргіш) және позитивті (конструктивті) жақтарының тұтастылығымен 
сипатталады және баланың ары қарай даму жолындағы үдемелі қозғалыста 


37 
кезеңдер рӛлін атқарады. Қандай да бір кезеңде пайда болған жаңалықтар 
тұлғаның психологиялық қызметтерін сапалы түрде ӛзгертеді. Қоғамдық 
ӛлшемдермен, құндылықтармен, құралдармен, белгілер жүйесімен кӛрсетілген 
әлеуметтік-мәдени орта, тұлғаның дамуын анықтайтын қайнар кӛз болып 
табылады. Тұлғалық даму адамның ӛзі енген әлеуметтік-мәдени ортасын 
меңгеру үрдісі және нәтижесі [169]. 
Студенттік кезеңнің басты жаңалықтары, деп зерттеушілер құндылық 
бағдарлардың құрылымдау үрдістерін, ӛмірлік мақсаттары мен жоспарларының 
қалыптасу үрдістерін; ӛзін-ӛзі реттеуге, ӛзін-ӛзі анықтауға деген саналы 
талпыныстарын; «Мен» тұжырымдамасының және ӛзіндік сана сезімнің, 
тұлғалық сәйкестіктің қалыптасуын; жеке қатынастар жүйесінің, ӛзіндік 
рефлексияның ӛзгеруін, ӛмірдегі орнығу кезеңінің басталуын кӛрсетеді. 
Аталған ӛзгерістер студенттерде психологиялық денсаулық туралы тиісті 
кӛзқарастар жиынтығының қалыптасуына ықпал етеді (немесе ықпал етпейді).
Қазіргі білім беру жағдайы студенттердің біраз бӛлігі дағдарыс 
жағдайында 
жүргендігімен, 
экзистенциалдық 
мәселелердің 
жүгін 
сезінетіндігімен сипатталады: олар толып жатқан ақпараттар ағымына, 
шынайылыққа, ӛз құндылықтарының күйзелісіне енген, олардың алдында 
кәсіби таңдау қажеттілігі тұр. Аталған үрдістердің әр түрлі бағытталуы 
тұлғалық және әлеуметтік сәйкестіктің қалыптасуын қиындатады, жастар 
дағдарыс жағдайларына, кері бейімделу жағдайларына және психикалық 
денсаулықтың бұзылуына әкелетін құндылықтардың тұтас жүйесін жасап, 
қарама-қайшылықтарын түсіне алмайды. Студенттік кезеңде жастардың 
тұлғалық жетілуін зерттеу мәселесі бойынша теориялық және эмпирикалық 
еңбектердің жалпылауы, жас адам ӛмірінің алуан векторлы белсенділігімен 
байланысты оның ерекшеліктерін ашатын бірқатар маңызды сәттерді 
анықтады. 
Алуан 
векторлы 
белсенділік 
тұлғаның 
психологиялық 
денсаулығымен: тұлғалық құрылымдар қаншалықты үйлескен, тұлғаның 
қоғаммен ӛзара қатынастары «микро», «мезо» және «макро» деңгейлерде 
қаншалықты конструктивті, тіршілік әрекетінде студент ӛзінің атқарымдық 
және дамытушылық мүмкіндіктерін қаншалықты толық пайдаланатындығымен 
байланысты. 
Стрестік жағдайлар санының ӛсуі, олардың студенттерге әсері, сонымен 
қатар оқу үрдісіне де ықпалы ӛзекті тақырыптардың бірі болып табылады. 
Себебі студенттердің жүйке-психикалық ауытқулары соңғы он жылда едәуір 
ұлғайған. 
Студенттердің 
тұлғалық, 
рухани 
дағдарыстары 
әзірше 
зерттеушілердің назарына толық іліге қоймаған [170]. 
Э. Эриксон (1996 ж.) теориясы бойынша, жастық шақ әлеуметтік және 
жеке-тұлғалық таңдаулар сериясынан, сәйкестілік пен ӛзін-ӛзі анықтаулардан 
тұратын, сәйкестілік дағдарысының тӛңірегінде құрылады [171]. Э.Эриксонша 
тұлға дамуын кезеңге бӛлудің 8 негізгі кезеңі бар, олардың екеуі студенттік 
шақтың тӛменгі және үстіңгі шектерін қамтиды: 
1. Жас ӛспірімдік жас (12-19 жас) - эго-сәйкестілік-рӛлдік араласу; 
2. Ерте кемелдену (20-25 жас)– сыршылдық –оқшаулау; 


38 
Эриксон тұжырымдамасының негізгі қағидалары тӛмендегілер:
1) ӛмірлік циклдың әрбір кезеңі ӛзіне ыңғайлы белгілі бір уақытта келеді 
(«ауыспалы кезең»); 
2) толымды қызмет атқарушы тұлға ӛзінің дамуында барлық кезеңді 
бірізіділікпен ӛту арқылы ғана қалыптасады; 
3) әрбір психо-әлеуметтік кезең дағдарыспен қатар жүреді: адамға сол 
кезеңде қойылатын психологиялық кемелденудің және әлеуметтік талаптардың 
белгілі деңгейіне жетудің салдары ретінде адам ӛміріндегі ауыспалы сәт; 
4) сегіз кезеңнің әрқайсысы («ӛзіндік-сатылы») эволюциялық міндетпен
жеке адамға қойылатын әлеуметтік дамудағы мәселемен сипатталады, бірақ ӛз 
шешімін міндетті түрде таба бермейді.
Мінез-құлыққа тән модельдер, осы міндеттердің әрқайсысы қалай 
шешілетіндігімен немесе дағдарыстың қалай жеңілетіндігімен шартталған. 
Э.Эриксон дағдарысты «апат қаупі емес, бұрылыс пункті, сонымен қатар 
күштің де, жеткіліксіз бейімділіктің де онтогенетикалық кӛзі» дегенді білдіреді 
деп ерекше кӛрсеткен. Адамның алдында әрбір кезең дағдарысын ойдағыдай 
шешу міндеті тұр, сонда ғана онда келесі кезеңге барынша бейімделген және 
жетілген тұлға ретінде ӛтуге мүмкіндік болады. 
Тұлғаның кемелденуін Э.Эриксон оның сәйкестілігі ретінде қабылдайды. 
Бұл адамның психикалық денсаулығының кӛріністерінен, оның ӛзімен 
қабылданатын ӛз бейнесінен және қоршаған ортаға сәйкес келетін мінез-құлық 
түрінен тұратын аса жалпыланған ұғым. Сәйкестілік жеке ұқсастық және 
тарихи үздіксіздік сезімімен байланысты. Сәйкестілік психикалық ӛмірге оның 
тұтастығын, барлық динамикалық ӛзгерістерді сақтайтын және бағыттайтын, 
ылғи да нақты және тарихи шартталған жағдайлармен туындайтын форма 
ретінде кӛрсетеді.
Э. Эриксон берген сәйкестілік анықтамасында үш элементті бӛліп 
кӛрсетуге болады:
1) жастар ӛздерін үнемі «іштей ӛз-ӛзіне тең», деп қабылдаулары қажет. Бұл 
жағдайда ӛз ӛмірі ӛткенімен құрылып, болашақпен байланыстыратын адамда 
ӛзіндік бейнесі қалыптасуы керек; 
2) адамның «тепе-теңдігі мен тұтастылығын» басқа да маңызды адамдар 
кӛрулері қажет, яғни жастарға олармен жасалған ішкі тұтастылық басқа да олар 
үшін маңызды адамдармен қабылданатындығына олар сенімді болулары қажет;
3) аталған тұтастылықтың ішкі және сыртқы жоспарлары ӛзара келісімді 
екендігіне жастар сенімді болулары қажет. Олардың ӛзін-ӛзі қабылдаулары 
кері байланыс арқылы тұлғааралық қатынас тәжірибесімен дәлелденуі қажет. 
Ӛзінің сәйкестілігіне жете алмаушылық, Э.Эриксон сәйкестілік дағдарысы 
дегенге жеткізеді. Сәйкестілік дағдарысы немесе рӛлдік араластық мансапты 
таңдай алмағандықпен немесе білім алуды жалғастыра алмағандықпен 
сипатталады. Осылайша, Э.Эриксон, ӛмір – ол үнемі жүретін ӛзгеріс, деп баса 
айтады. Ӛмірдің бір кезеңіндегі мәселелердің ойдағыдай шешілуі, олардың 
келесі кезеңдерде қайта пайда болмайтындығына немесе бұрынғы мәселелердің 


39 
жаңа шешімі табылмайтындығына кепіл бола алмайды. Эго - сәйкестілік – ол 
«ӛмір бойы жүретін» күрес [171]. 
И.С. Конның «Психология ранней юности» деген кітабында ӛзінің басты 
міндеті – мамандық таңдауды шешетін, ерте жастық шақтың ерекшелігі 
балалық шақ пен ересек жастың арасындағы «үшінші әлем», деп анықталған. 
Әлеуметтік және тұлғалық ӛзін-ӛзі анықтау ересектерден дербестік емес, 
саналы ересектер әлемінде ӛз орнын анықтап, нақты бағдарлануды білдіреді. 
Ақыл-ой қабілеттері мен қызығушылықтардың жіктелуімен қатар, ол сана-
сезімнің бірігу механизмдерін, дүниетаным мен ӛмірлік ұстанымды дамытуды 
талап етеді. И.С.Кон бұл кезеңнің ӛзін-ӛзі анықтауын бастапқы «болжап 
білуші», деп санайды. Автордың ойынша, ол «жастық шақтың соңы немесе 
ересектік жастың басталуы» деп аталатын 18-ден 23-25 жасқа дейінгі аралықта 
аяқталады [172].
Жоғары оқу орнына түсу фактісі жас адамның ӛз күшіне және 
қабілеттеріне деген сенімділігін нығайтады және толыққанды, қызықты ӛмірге 
сенім тудырады. Сонымен қатар ЖОО-нда ІІ және ІІІ курстарда кӛбінесе, 
мамандықты таңдаудың дұрыстығы жӛнінде сауал пайда болады. ІІІ курстың 
соңында кәсіби ӛзін-ӛзі анықтау туралы мәселе толықтай шешіледі. Алайда 
болашақта мамандық бойынша жұмыс істеуден алшақ болу шешімі де 
қабылдануы мүмкін. Мәліметтер бойынша: жоғары курс студенттерінің 64 % 
ғана ӛздерінің болашақ мамандығы олардың негізгі икемдері мен 
қызығушылықытарына сәйкес келеді деп шешкен. Кӛп жағдайда студенттердің 
кӛңіл-күйлерінде: жоғары оқу орын тәртібін, оқыту жүйесін, жеке 
оқытушыларды және т.б. бағалауда ЖОО-нда оқудың алғашқы айларында аса 
қуаныштан еш нәрсеге сенбестікке дейін ұласатын ӛзгерістер байқалады.
Адамның мамандық таңдауын айтарлықтай жиі кездейсоқ факторлар 
анықтайды. Бұл құбылыс әсіресе ЖОО-нды таңдауда орынсыз, ӛйткені мұндай 
қателіктер қоғам үшін де, тұлға үшін де қымбатқа түседі. Сондықтан жоғарғы 
мектепке түсетін жастармен кәсіби бағдар беру жұмыстар ЖОО-нда оқытатын 
қандай да бір мамандықты меңгеруге қажетті қабілеттерді анықтау үшін аса 
маңызды профессиограммалардың алдын ала сипаттамасы талап етіледі. Адам 
психикасына профессиограммамен қойылатын талаптарға сәйкес үш деңгей 
белгіленеді: 1) аса қажетті; 2) біршама қажетті; 3) қалаулы. Аталған 
профессиограммаларды пайдалану оң нәтижелер береді.
Жоғарғы білім адам психикасына, оның тұлғасының дамуына зор әсер 
етеді. ЖОО-нда оқыған кезде, жағымды жағдайлар болса, студенттерде 
психиканың барлық деңгейлері дамиды. Сол деңгейлер адам ақылының 
бағытын анықтайды, яғни тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын, ойлау 
жүйесін қалыптастырады. ЖОО-нда жақсы білім алу үшін жалпы 
интеллектуалдық дамудың барынша жоғары деңгейі болуы қажет, әсіресе 
қабылдаудың, түсініктердің, естің, ойлаудың, зейіннің, білімнің, танымдық 
қызығушылықтардың кеңдігі, логикалық операциялардың белгілі деңгейін және 
т.б. меңгеру қажет. Бұл деңгей сәл тӛмендесе, оның орнына оқу іс-әрекетіндегі 
жоғары мотивация немесе жұмысқа қабілеттіліктің, ынталылықтың, 


40 
тиянақтылықтың, ұқыптылықтың жүруі мүмкін. Бірақ мұндай тӛмендеудің шегі 
де бар, мұнда ӛтілу механизмі кӛмектеспейді де, студент оқудан шығып қалуы 
мүмкін. Әр түрлі ЖОО-нда бұл деңгейлер ерекшеленеді, бірақ жалпы алғанда, 
тіпті орталықтағы және шалғайдағы ЖОО-дарды, беделді, беделді емес деп 
аталатын мамандықтарды салыстырғанда, олар ӛзара бір-біріне ұқсас. ЖОО-да 
гуманитарлық мамандықтарды ойдағыдай игеру үшін адам ақыл-ойдың айқын 
кӛрінетін вербалды типіне ие болуы қажет, ол орташа есеппен вербалды емес 
типтен 16 шартты ӛлшемге артық болуы тиіс. Гуманитарияға жақын адамдар 
танымдық қызығушылықтарының кеңдігімен, білімділікпен, тілді жақсы 
меңгергендікпен, сӛздік қоры мол болып, оны орынды қолдана алуымен 
ерекшеленіп, нақты және абстрактілі ұғымдарды дәл сәйкестендіру және жалпы 
жақсы дамыған абстрактілі ойлау қабілетіне ие болуы керек. Гуманитарлық 
бағыттағы мамандар, бейнелеп айтқанда, үнемі «сӛз әлемінде» ӛмір сүреді, ал 
техникалық және жаратылыс саласындағы мамандар заттық және нақты әлемге 
жақын келеді.
Жасӛспірімнің ӛмір сүретін әлемі ӛзі енетін қатынастар ортасы, ӛзінің 
заттық шектеулері арқылы ғана кеңеймейді, сонымен қатар уақыт бойынша да 
ұлғаяды. Жастық шақ үшін мезгілдік келешектің тереңге қарай кеңеюі тән 
(уақыттың барынша ұзақ бӛліктерін қамту) және кӛлденеңінен (ӛзінің жеке 
болашағын жалпы қоғамның әлеуметтік келешегіне жатқызу). Алайда еңбектің 
таным мен қарым-қатынастың шынайы субъектісі болу үшін И.С.Кон «жеке 
адам, алдымен, ӛзінің әлеуметтік жағдайын сезініп, ӛмірлік мақсат-мұраттарын 
анықтап және оларды жүзеге асырудың тәсілдерін таба білуі қажет» деп 
кӛрсетеді [172].
Дегенмен, В.Г. Асеевтің айтуынша, жастық шақта басым болып, қандай да 
бір жеке идеал емес, ӛзінің бойында мінсіз тұлғаның жағымды қырлары мен 
қасиеттерін біріктіретін жалпыланған бейне саналады [173].
Тұлға дамуының әр түрлі деңгейлеріне жататын компоненттердің зерттеуі 
дамуды құрылымдық зерттеудегі, осы компоненттердің арасындағы ӛзара 
байланыстың кӛптеген түрлерінің зерттеуімен ұштасады. Автор тұлғаның 
қалыптасуын жеке ӛмір әлемінің пайда болуы ретінде, ерекше мәдени 
шектеулер тӛңірегінде қарастырады. Шынайы ӛмір әлемінің психологиялық 
ерекшеліктерінен және жеке адамның ӛмір әлеміндегі ұстанымына қойылатын 
талаптардың салыстырмасынан қажеттіліктер мен қалаулар, адамның іс-
әрекетін анықтайтын мақсат пен түрткілер, тұлға мен оның дүниетанымдық 
санасы туындайды. 
Тұлғалық дамуды кезеңге бӛлудің негізі ретінде автор іс-әрекеттің, сана-
сезімнің, қарым-қатынастың ерекше сапалы түрлерімен сипатталатын дамудың 
маңызды кезеңдерін алады. Дамушы адамның дүниеге деген қатынас 
формаларының динамикасы арқылы дүниетанымдық сананың дамуы мен оның 
сезіну тұлғаның басқа салаларынан оның іс-әрекеті, танымы, қарым-қатынасы 
және сана-сезімінен тәуелсіз, оқшауланған түрінде жүрмейді. 
Соңғы кезде тұлғалық қалыптасу үрдісін белгілеу үшін кӛптеген ғалымдар 
«тұлғалық жетілу» ұғымын қолданады. Қазір тұлғалық жетілудің бірнеше 


41 
тұжырымдамасын бӛліп кӛрсетуге болады. Гуманистік тұжырымдама аса 
танымал болып (А.Маслоу, К.Роджерс және т.б.) [174,175] саналады. Ол 
бойынша тұлғалық жетілу адамның ӛз қажеттіліктері мен қабілеттерін 
кӛкейтесті ету дәрежесімен, тұлғалық әлеуетін жүзеге асыру дәрежесімен 
сипатталады. Тұлғалық жетілудің бір ӛлшемі болып, тұлғаның тіршілік 
әрекетінде пайда болатын мәселелерді шеше алуы, ӛзінің ӛмірлік күш-жігерін 
жүзеге асыра алуы қабілеті саналады. Тұлғалық жетілу – ауқымды ұғым, бұл 
адамның туғанынан ӛмірден қайтқанына дейін, оған бӛлінген ғұмыр бойы 
ӛмірдегі барлық алуандылығын қамтиды.
Н.Р.Битянова [176] тұлғаның дамуын үздіксіз үрдіс ретінде ӛзіндік даму 
құбылысы арқылы қарастыруды ұсынады. Оның тӛңірегінде адам ағымдағы 
оқиғаларды басқара алу қабілетіне, басқа адамдармен жақсы және ашық қарым-
қатынас орнату, ӛз пікірін батыл және бірізділікпен қорғау, ӛмірді ӛзінің 
барлық кӛркінде қабылдай алу қабілеттеріне ие болады.
Ӛз іс-әрекеттері үшін ӛзіне жауапкершілік алатын дамыған тұлғаның 
айрықша қасиеттерін бӛліп кӛрсетуге болады: 

ӛз қажеттіліктерін басқа адамдарға зиян келтірмей қанағаттандыру;

іс-әрекетте айтарлықтай жетістіктерге жету, себебі ол ӛз ойын білдірудің 
объектісі болып табылады;

ӛзінің күнделікті ӛмірінде күш-жігері мен ӛмірге тӛзімділігін кӛрсету; 

кәсіби ӛзгерістер мен жаңа ӛмірлік тәжірибеге жақын болу.
Н.Р.Битянованың тұжырымдамасына сәйкес ӛзіндік жүзеге асыру 
техникасының үш негізгі элементтер бар. Біріншісі – ұйымдастыру-
басқарушылық сипаттағы тәсілдерден тұрады, екіншісі – интеллектуалдық 
дамуға, үшіншісі – психикалық күйлерді ӛзіндік реттеуге бағытталған. 
Сонымен, ӛзіндік даму – бұл жеке адамның ӛз-ӛзіне деген шығармашылық 
қатынасы, ӛзгерту мақсатымен сыртқы және ӛзінің ішкі әлеміне белсенді ықпал 
ету үрдісінде оның ӛзін-ӛзі жасауы.
Демек, студенттің табысты іс-әрекеті үшін қажетті жағдай, ол ішкі 
жайсыздық сезімін жоятын және қоршаған ортамен шиеленіс мүмкіндігін 
шектейтін, оған жаңалық болған ЖОО-нда оқу ерекшеліктерін меңгеру болып 
табылады. Алғашқы курстар бойы студенттік ұжым қалыптасады, ақыл-ой іс-
әрекетін тиімді ұйымдастырудың дағдылары мен икемдері жетіледі, таңдаған 
мамандыққа деген бейімділік сезінеді, еңбек, демалыс және тұрмыстың тиімді 
тәртібі орнығады, тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері бойынша ӛздігінен 
білім алу және ӛзін-ӛзі тәрбиелеу жұмысының жүйесі орнатылады .
Студенттердің денсаулығын сақтауға байланысты мәселелердің арасында 
жүйке-психикалық ауытқулар айтарлықтай орын алады. ЖОО-нда оқу кезі 
психикалық ауытқулардың жоғары тәуекелімен сәйкес келеді. Ол психикалық 
сырқаттардың биологиялық табиғатымен, осы уақытқа дейін жасырын ӛтетін 
аурудың белгілерін шақыратын стрестік жүктемелермен, ішінара шартталады.
Студент жастар үшін уақыт факторы ерекше маңызға ие, ӛйткені тіпті 
азғантай уақытқа да оқуға мән бермегендіктен, оқу кестесінен орнын 
толтырмастай әжептәуір қалып қоюға болады, оның салдары оқудағы бір 


42 
жылдық үзіліске (академиялық демалыс) әкеледі. Жалпы алынған әдебиеттер 
қоры мәліметтері бойынша, жүйке-психикалық деңгейдегі ауытқулардың 
басым кӛпшілігі бірінші курс студенттерінде байқалатын невротикалық 
ауытқулармен (19% шамасында) байланысты. Оқу мерзімі бойы ЖОО-ның 
факультеті мен курсына қарай жүйке-психикалық деңгейдегі ауытқулар 5,8%-
дан 14,8% дейін жетеді. Студенттердің шектес жүйке-психикалық 
ауытқуларының таралуын бағалай келе, жеке авторлар 56,6% деген санды 
келтіреді. Невротикалық аурулары бар пациенттердің 51-ден 70,5% дейіні – бұл 
19-25 
жас 
аралығындағы 
адамдар. 
Студенттердің 
невротикалық 
ауытқуларының басты белгісі – астениялық, студенттердің оқу іс-әрекетімен 
байланысты және күшті кері бейімдеушілік әсер беретін, психогения 
нәтижесінде қалыптасатындығы кӛрсетілген. Ұқсас жағдай бойынша оқудан 
шығару бірінші курс студенттерінде - сол курстың барлық ауыратындардың 
6,4% [177] бар болатындығы жиі кездеседі. 
Студенттер ес аудыратын аурулармен қалған тұрғындардан гӛрі 6—8% жиі 
ауырады (сырқат мерзімінің ӛтуі 2-10 жылды және одан да кӛп уақытты 
құрағанымен). Осылайша, студенттердің жүйке-психикалық ауытқуларының 
ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу, студенттік ортада жүйке-психикалық 
ауытқулардың 
әжептәуір 
таралуын 
дәлелдейді. 
Сонымен 
қатар 
ауытқушылықтар шеңбері шектес жүйке-психикалық ауытқулардың ауқымды 
тобына жатады және торығу күйлері мен ес аудыратын сырқаттардың бар 
екендігін білдіреді. Егер шизофренияға шалдықса студенттер кӛп жағдайларда 
ЖОО-на бұрыннан ауырып түссе, онда шектес және торығу сырқаттарының 
негізгі бӛлігі оқу барысында дамиды. Орташа есеппен түрлі психологиялық 
белсенді заттардың пайдалануы 23 жасқа дейін келеді және олардың кӛптеген 
түрлеріне дағдыландыру 20 жасқа дейін басталады.
Студенттер үшін білім беру ортасының барынша маңызды сипаттары 
болып 
тӛмендегілер 
кӛрсетілген: 
оқытушылармен 
қарым-қатынас, 
эмоционалдық жайлылық, тұлғалық адамгершілікті сақтау, бастамашылдықты, 
белсенділікті кӛрсету мүмкіндігі, ӛтініштер мен ұсыныстарға назар аудару. Дәл 
осы саладағы ауытқуларға студенттер барынша мол сензитивтілікті кӛрсетеді. 
Е.Л.Солдатованың [178] монографиясында жастық шақтан ерте кемелдену 
жасына ауысудың жасерекшелік кезеңінің сипаттамасы берілген. Автор жастық 
шақты балалық кезден ересек жасына ауысу түрінде қарастырады. Психикалық 
дамудың үрдістері мен тұлғаның даму үрдісі сараланып, тұлғаның дамуы 
ӛзіндік даму арқылы басталады. Кәсіби ӛзін-ӛзі анықтау басты іс-әрекет болып 
табылады. Бұл ауыспалы кезең, ӛйткені дамудың әлеуметтік жағдайында
маңызды ӛзгерістер болып жатады және мәнді тұлғалық қайта құрулар 
байқалады.
Зерттеушілер И.В.Жуланова және А.М.Медведев студенттік шақтың 
жасерекшелік кезеңіне деген ӛзінің кӛзқарастарымен ерекшеленеді [179]. 
Әдеттегідей, ЖОО-да оқу кезі – ӛзін маман және азамат ретінде кӛрсетуге 
дайындық кезеңі, яғни адамның әлеуметтенуіндегі негізгі формаларын және 
оның ересектер қоғамына енуін анықтайтын сәт. Кейбір жастар үшін бұл 


43 
белгілі бір жағдайларда ұзаққа созылатын сипатқа ие болып, жылдар бойы 
жүретін ӛзінше «рефлексиялық үзіліс». Э.Эриксонның пікірінше, бұл әсіресе 
дарынды адамдарға тән [180]. Ғалымның айтуынша, ең болмағанда ұзаққа 
созылған мораторий және «сәйкестік диффузиясы» психотерапиялық 
шаралардың 
орындылығын 
болжайды. 
А.С.Арсеньев 
адам 
ӛмірінің 
жасӛспірімдік және жастық шақ кезеңдерінің мәселелерін қарастырғанда, адам 
тұлғасының «Адам – Әлем» деген бастапқы қатынасының қалыптасу 
жағдайларының талдамасына негізделеді. Талқыланып отырған мәселелердің 
практикалық жағы келесі сауалмен байланысты: жастардың әлеуметтену 
міндетін білім беру жүйесінің міндеті ретінде қою керек пе немесе керек емес 
пе? Ӛзінің пайымдауларында А.С.Арсеньев жас адамның «рефлексиялық 
үзіліс» кезінде атқаратын күрделі ішкі психологиялық жұмысына ықыласпен 
және экологиялық қатынаспен қарау қажет деген ойға келеді. «Жастық шақ 
фазасына ену, - А.С.Арсеньев жазғандай: - кӛптеген факторлармен шартталған. 
Олардың аса маңыздысы – белсенді іс-әрекетке қарама-қарсы пайымдап қарау, 
«шабыттың» алғышарты ретіндегі іс-әрекет кідірісі, тыныштық, романтикалық 
қиялдық. Жеке «Мен» және Әлем болмысының шексіздігіне тікелей ену. Дәл 
осы сәттерде адам ӛз-ӛзінен басым болады. Мұнда жалпыға бірдей 
адамгершілік ұстанымдарының максимализмі мен тұлға қалыптасады [181]. 
Егер адам адами тіршіліктің жалпыға бірдей мәселелеріне назар аудармаса, 
«соңғы сауалдарға» мән бермесе, онда философ кӛрсеткендей, жастық шақ 
толыққанды ӛтпейді де тұлға ӛзін-ӛзі реттей алмайды. Бұл жағдайда «соңғы 
сауалдармен» қайшы келіп қалу бозбалада уақытша аңғарылмаған жайсыздық 
сезімін тудырады.
Жасӛспірімдік кезең немесе ӛмір сатысы ӛзін-ӛзі қалыптастырудың ішкі 
жұмыстарын аса қажетсінетіндігімен ерекшеленеді. Ол белгісіз бір уақытқа 
әлеуметтік ортадан және ұжымдықтың кез келген формасынан оқшаулануды 
талап етуі мүмкін. Және де оқшауланудың бұл сатысы жастармен барынша 
толық мүмкіндікпен ӛтілуі қажет. Осы хронотоптың әдейі шектелуі, бұл 
кезеңнің уақыт және кеңістік бойынша қысқарылуы, іс-әрекет пен 
қатынастардың 
шұғыл 
ресімделуі 
және 
реттемеленуі, 
іс-әрекеттің 
операционалдық-техникалық жағын жедел меңгеру, түлғалық ұстанымды 
ресімдеусіз кәсіптік рӛлдің сыртқы атрибуттық жағын игергендік ерекше 
невроздарға «ӛзге ӛмірде ӛмір сүру» әкелуі мүмкін. Оны баланың балалық 
шағының тиісті кезеңінде қандай да бір себептермен «ойынды аяқтамаған» 
жағдаймен салыстыруға болады. Оның ересек кезінде әр түрлі ӛмірлік 
жағдайларында белгілі қиындықтар пайда болуы мүмкін. Бұл психология мен 
психотерапияда жақсы белгілі құбылыс. Сондықтан психологиялық және 
педагогикалық тұрғыда бірінші курс студентіне оның қалауларына бӛгет 
жасамаған дұрыс, егер ол «ұжымнан тыс» болғысы келсе, оны 
«әлеуметтендіруге» тырыспаған жӛн. «Ұжымдылық бағыттылыққа» немесе 
бүгінгі күнде жиі қолданылатын «корпоративтік» түзетуді талап ететін 
«тұлғаның жеке бағыттылығы» ретінде сол оқшаулануды топтастыру қажет.


44 
Біздің ойымызша, «әлеуметтену – инфантильдік», «сәйкестілік – 
мораторий», «қызмет ету – рефлексиялық үзіліс» дилеммасының 
психологиялық талдауы Т.М. Буякас қойған: «Студенттерге кәсіби іс-әрекет 
олар үшін «ӛзін жасау құралы» сияқты тұлғалық сипатқа ие болатындай қалай 
кӛмектесу керек»? «Іс жүзінде, ойда, қылықта ӛзін кӛрсету қажеттілігін қалай 
ояту?» деген сынды маңызды сауалдарға жауап беру үшін қажет [182]. Біздің 
ойымызша, бірінші және екінші курс студенттері «ӛзін айқындау» үшін ӛздерін 
«жасай алатындай» «есею кеңістігіне» жақын болулары қажет. 
К.Р.Брагинаның пікірі бойынша, ЖОО-да оқу кезінде үш негізгі қиын 
кезеңді бӛліп кӛрсетуге болады: олар бірінші, үшінші және бесінші курстарға 
түседі. Бірінші курста студенттің әлеуметтік рӛлі ӛзгереді, сұраныстары мен 
құндылықтар жүйесін түзеп, жоғарғы мектептің қатаң талаптарына сай 
бейімделіп, ӛзінің мінез-құлқын икемді реттеп отыру, жаңа ұжымда ӛзара 
қарым-қатынас орнату (басқа қалалардан келгендерге – тұрмысын орнықтыру) 
қажеттіліктері пайда болады. Үшінші (тӛртінші) курста құндылықтарды қайта 
бағалау, мамандық таңдауын қайта ойластыру мәселелері орын алады. Бесінші 
курс дағдарысының ерекшелігі болашақта жұмысқа орналасу, таңдап алынған 
мамандықтың тӛңірегінде жұмыстың және кәсіби жетілудің келешегімен 
байланысты болады. Физикалық және психикалық денсаулық қорының 
жоқтығы әрбір кезеңде невротикалық бұзылулардың және бейімделудегі 
ауытқулардың дамуына әкелуі мүмкін [183]. 
Ғалымдар студенттердің денсаулықтарына әлеуетті келтіретін, «ішкі 
білімділік», деп аталатын факторларды анықтап, оларды үш топқп бӛлді: 
санитарлық-гигиеналық 
(Г.Н.Сердюковская) 
[184].1ұйымдастыру-
педагогикалық (Р.В.Овчаров, Л.В.Радионова, С.А.Разумов, М.М.Безруких) 
және жеке психология-педагогикалық (Н.К.Смирнов) [185,186,187,188,189]. 
Адам ӛмір сүрген жасына қарай ересек адам деп саналауы мүмкін, бірақ 
физикалық жетілген деп, егер оның дене түзілісінің, ағзасының барлық 
жүйелерінің жұмысы статистикалық орташа кӛрсеткіштерге сәйкес келсе, 
қарастырылып отырған жастағы қалыпты адамға тән немесе одан асатын болса, 
сонда ғана тиісті атаймыз. Осы орайда тұлға ретіндегі адамның ересектігі мен 
оның жетілгендігінің арасындағы сәйкестілік те жай емес. Егер кәмелет жасына 
жеткен адам әр түрлі жағдайларда ӛзін жалпы адамзаттық нормаларға сәйкес 
ұстаса және ӛмірдегі басты құндылықтар оның жеке құндылықтарына айналса, 
онда оның тұлғалық жетілгендігі жайында сенімді айтуға болады. Басқа 
жағдайларда, бір ӛлшемдерді ұстанып, басқаларын елемесе, бір құндылықтарды 
қолдап, ӛзгелеріне қарсылық танытса және оны ӛз қылықтарымен дәлелдеп 
отырса, онда ол тұлғалық қырынан ішінара ғана жетілген деп айтуға толық 
негіз бар [190]. 
Мектептегі жоғарғы сыныптарда және ЖОО-ның бірінші курстарында 
жеке, тұлғалық және субъектілі-әрекеттік қасиеттері жоғарыда кӛрсетілген, 
олардың дамуының жалпыланған сипаттамасына сәйкес келетін білім 
алушылар да кездеседі. Дегенмен, айта кететін жайт, олардың араларында тек 


45 
тұлғалық қасиеттері ғана емес, сонымен қатар физикалық дамуы да алға басқан 
адамдар бар .
Кәсіби белгілері бойынша біріккен адам қауымдастықтары, ӛзінің 
әлеуметтік кемелденуіне, ӛз саласындағы құзыреттіліктеріне, онда қалыптасқан 
әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерге қарай, ӛзінің әрбір мүшесінің тұлға 
ретіндегі жалпы ӛмірлік ұстанымдарына әсер ете отырып, сонымен қатар ол 
таңдаған кәсіби еңбек саласында оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі 
қозғалысының «келешектегі жолын» қатаң «суреттейді» деген ойды анық айта 
аламыз. Студенттердің психикалық денсаулығы жӛніндегі зерттеулердің 
жағдайын қарастырудың нәтижесінде ХХI ғасырдың бірінші онжылдығында 
студенттердің психологиялық денсаулығының түрлі аспектілерін ашатын 
зерттеулердің пайда болып жатқандығы кӛрсетілген.
Қазіргі кезде жоғарғы білім беру жүйесі кӛптеген ӛзгерістер кезеңін бастан 
кешуде. Соның негізінде білім берудің болондық жүйесіне кӛшу және 
студенттер тұлғасын тереңінен зерттеуді болжайтын, оның денсаулығына 
қамқорлықпен қарап және білім беруге жеке кӛзқарас білдіретін оқу-тәрбие 
үрдісінің мағлұмдалған ізгілендірілуі жатыр. Бүгінгі күні кӛптеген психологтар 
психологиялық денсаулықты – қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты 
болып табылады деген шешімге келген. Студенттердің психологиялық 
денсаулығын сақтау және қолдау тұлғаның танымдық және құндылық-
бағдарлық іс-әрекетке қатысуының нәтижесінде салауатты ӛмір салтымен 
байланысты мәселелерде тұлғаның ӛзіндік адамгершілік еркінің байқалған 
кезінде пайда болады 
Сондай-ақ, оқу барысында студенттің психикалық денсаулығының даму 
мүмкіндігіне кедергі келтіретін денсаулықты сақтауға және қадағалауға 
мүмкіндік беретін психология-педагогикалық жағдайлардың жоқтығы, 
студенттердің ӛздерінде күнделікті ӛмірде денсаулық сақтаушы іс-әрекеттерді 
жүзеге асыруға арналған интеллектуалдық, құндылық және практикалық 
тәжірибенің әлсіздігі сынды фактілер де бар. 
Мектептегі білімнен ЖОО-нда білім алуға кӛшу күрделі бейімдік үрдіс 
болып табылады, оның ағымы маңызды түрде студенттің психикалық 
денсаулығына және оның кәсіби дайындығының сапасына әсер етеді.
Е.Ю.Барабаш, Р.К.Мамедовалар (2011) студенттердің психологиялық 
денсаулығы кӛрсеткіштерінің байқалу деңгейіне зерттеу жүргізген [191].
Сыналушыларға психологиялық денсаулықтың 24 кӛрсеткішінің байқалу 
деңгейіне шкалалау әдісімен ӛзіндік талдау жасау үшін бланк ұысынылған. 
Олардың 15-інің кӛрсеткіші психологиялық денсаулық ӛлшеміне жатады 
(оптимизм, байсалдылық, ӛз-ӛзіне сенімділік, әзіл-оспақты түсіне білу, 
креативтілік, қоршаған ортаны барабар қабылдау, интеллектуалдық әлеует, 
психологиялық жайлылық сезімі, тиісті ӛзіндік баға, барабар психологиялық 
бейне, ӛзін-ӛзі тиісті қабылдау, қоршаған ортадағыларға қызығушылық, 
стресске қарсы тұрақтылық, ӛзіндік дамуға бағдарлану және шығармашылыққа 
қабілеттілік) және 9 сұрақ – психологиялық сырқат ӛлшемдеріне жатады 
(жоғары иланушылық, себепсіз ашу, ӛшпенділік, пассивтік ӛмірлік ұстаным, 


46 
зиянды әдеттердің болуы, қатыгездік және бейбауырмалдық). Анықталғаны: 
психолог-студенттердің психологиялық сырқатының аса байқалатын 
кӛрсеткіші жоғары иланушылық (31.2%), психологиялық сырқатының аса 
байқалатын екінші кӛрсеткіші: артық мазасыздық (26.2%). Психологиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет