2. Негізгі кезең. Ғажайып сәт – Бізге қонаққа көжек пен қонжық қонаққа келді. Қоянның құлағы, аяқтары, денесі
қандай? Көрсетіңдерші! Қоянның баласын көжек дейміз (суретін көрсетеді). Көжек сәбіз
жегенді жақсы көреді. Мынау – қонжық (суретін көрсетеді). Ол – аюдың баласы. Аю
балды жақсы көреді. Қонжықтың түсі қандай? Қонжық қалай жүреді?
Сергіту сәті Қоянша секіріп, қонжықша қорбаңдап жүреді.
Дидактикалық ойыны: «Не жоқ?» Шарты: ойыншықтарды қатар-қатар қойып, балалардың назарын ойыншықтарға
аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде педагог
ойыншықтардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ
екенін табады.
«Аңдарды балаларымен қос» дидактикалық ойыны: Үлестірмелі материалда берілген суреттен қоян мен аюды олардың балаларымен
сәйкестендіреді. Қоян мен қонжыққа таңғалып қуанады. Балалар сұрақтарға жауап береді.
– Аю үлкен, қонжық кішкентай. Секіріп, қорбаңдап, сергіту жаттығуын жасайды. Қоянды
көжекпен, аюды қонжықпен сәйкестендіріп сызады.
3. Рефлексия. Оқу қызметінде алған білімдері пысықталады. Сұрақтарға жауап береді.
– Қоянның баласы – көжек.
– Аюдың баласы – қонжық.
№ 8 ҰОҚ Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Шырша.
Мақсаты: Шырша туралы әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі
ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Міндеттері: а)Балаларға шырша туралы түсіндіре отырып, өлең шумағын жаттату.
ә) Заттарды жекеше, көпше түрде айтуға үйрету. «Ш» дыбысын анық айтуға
артикуляциялық жаттығу жасату.