19
Балалардың өлеңді жаттауға құлшыныстарын бағалайды. Балалар өлеңді үйренеді.
Шыршаның суретіне ойыншықтар салады.
№ 9 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
Мақсаты:
Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.
Дыбыстардың
дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны
тыңдату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
ә) «М, р» дыбыстарына артикуляциялық жаттығу жасату.
б) Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: үй жануарларының аттарын;
түсінеді: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;
қолданады: үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.
Көрнекіліктер: үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар (сиыр, жылқы, қой,
түйе), үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.
Сөздік жұмыс: мөңірейді, маңырайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балаларды
шеңберге тұрғызып,«Төлдер» әнін тыңдатады, қошақанның суретін тақтаға
іліп қояды:
– Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
– Қошақанға және бір-бірімізге ым-ишарамен амандасайық.
2.Негізгі кезең.
Балалардың көңілін суретке аударады.
– Балалар, кәне, бәріміз мына суреттерге қарайықшы!
Суреттен нелерді көріп
тұрмыз? (Балалар білгенінше атап шығады). Бұларды үй жануарлары деп атаймыз. Себебі
оларды адамдар бағады, тамақ беріп баптайды, күтеді. Олардың сүтін ішеміз, етін жиміз,
жүні мен терісінен киім тоқимыз.
Суреттен
көрсетіп, жылқының, сиырдың, қойдың түстері сұралады. Үй
жануарларын
қайдан көргендері туралы сұралады.
–Топта ойыншық үй жануарлары бар ма екен? (Көрсетеді, оларды сипаттауды сұрайды).
Түсінуге тырысады. Сұрақтарға жауап беруге талпынады. Сипаттауға ұмтылады.
– Мынау – сиыр, түсі қара, үлкен т.б.
Әкелген құлыншақ, ботақан, қой,
сиыр ойыншықтарын алып, енді осылардың қалай
дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.
– Қой: «мә-мә», – деп маңырайды;
– Сиыр: «мө-мө», – деп мөңірейді;
20
– Түйе: «бө-бө», – деп боздайды;
– Жылқы: «иһо-иһо», – деп кісінейді.
Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.
Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Бір отырып,
бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: