Күтілетін нәтиже:
жасайды: заттың аз, көп екенін;
түсінеді: жаңа сөздердің мағыналарын;
қолданады: шырша туралы өлеңнің мазмұнын меңгереді, жаттайды.
Көрнекіліктер: безендірілген шыршаның суреті, шырша, шырша ойыншықтары.
Сөздік жұмыс: Жаңа жыл.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балаларды жартылай шеңберге отырғызады. Бір-бірімен сәлемдеседі.
2. Негізгі кезең.
Назарларын безендендірілген шыршаның суретіне аударады:
– Мен бүгін сендерді шыршамен таныстырамын. Шырша қысы-жазы бір түсте болады.
Шыршаны әсемдеп, безендіріп, Жаңа жылды қарсы алады. Міне, мына суретте балалар
шыршаны айналып, би билеп жүр. Жаңа жылға арналған ертеңгілік қызықты өтуде.
Шыршаға түрлі ойыншықтар ілінген. Ойыншықтарға қарап көңілің көтеріледі.
Ойыншықтар көп, ал шыршамыз біреу. Аз.
Осылайша балаларға көп, аз ұғымын түсіндіреді. Ойыншықтардың қандай әдемі және көп
екенін айтады. Балалар суретке қуана қарайды. Балалар мұқият тыңдайды. Аз, көп ұғымын
түсінеді.
Келесі жұмыс барысында шырша, қорапқа салынған ойыншықтар қолданылады.
Педагог төмендегі тақпақты айтып:
Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Қолдарымен шыршаны ұстап көруге ұсыныс жасайды. Шыршаның түсін сұрайды.
Шыршаның жапырақтары ине сияқты, қатты екенін айтады.
– Кәне, қораптағы ойыншықтарды шыршаға іліп, бәріміз «Шырша» әнін айтайық.
Әнді айтады.
Шыршаны ұстап көреді, түсін айтады.
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, балалармен қайталап, жаттауға үйретеді.«Жаңа жыл, жаңа
жыр» сөздерін қайталатып айтқызып, екеуі екі мағына беретінін түсіндіреді. Жыл – уақыт
(«он екі ай» дегенді түсіне қоймас). Жыр – өлең.
Ойыншықтарды шыршаға іліп қуанады. Әнді бірге айтып, жаттауға тырысады.
Қайталайды, екі түрлі сөз екенін түсінуге тырысады.
Ш дыбысына артикуляциялық жаттығу жасату.
Шы-шы- шы- шырша.
Достарыңызбен бөлісу: |