ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Абайға байланысты осындай мә-
дени іс-шараға арнап таңдамалы
өлеңдер жинағын шығару мен ғылы-
ми ғұмырнамасын жазу ісі қолға
алын ды. Мерзімді баспасөз бетінде
ақын ның өмірі мен шығармашылы-
ғына арналған мақалалар, естелік-
тер көптеп шығып, «Әдебиет май-
даны» журналы өзінің екі санын
бірдей Абайға арнады. Осы кезден
бастап Абайдың ғұмырнамасын,
шы ғармашылығын, өнерпаздық тұл-
ғасын, қазақ әдебиетіндегі алатын
орнын жан-жақты зерттеу жұмысы
басталды. Бұл мақалаларда Абайдың
ғылыми өмірбаяны, новаторлығы,
дүниетанымы, әлеуметтік көзқарасы,
поэзиясының нәр алған арналары,
поэтикасы, реализмі және тағы басқа
да ерекшеліктері ғылыми тұрғыда
сөз бола бастады.
Әрине, Абай сияқты ұлы тұл-
ғаны бірден зерттеп кете қою қиын
да еді. Сол себептен сөз еткен та-
қырыбына тереңдеп бара алмай, әр
түрлі ойлар ауанында артық-кем
айтылған пікірлер де кездесті. Абай-
дың өнерпаздық тұлғасын үлкен
танымдық білгірлікпен «Абай – қа-
зақ әдебиетінің классигі», «Абай –
халық ақыны» деп бағалау да осы
мақалаларда ғылыми тұрғыда дәлел-
денді. Абайды ғылыми жолмен иге-
рудің жолбасшылары саналатын
осы сыншылдық, әдеби-теориялық,
әде би-тарихи бағыттағы зерттеу ең-
бектердің маңызы М. Әуезовтің
«Абайтанудан жарияланбаған ма-
териалдар» (1988) жинағындағы,
М. Мырзахметовтің «Абайтану»
(1988), «М. Әуезов және Абайта-
ну мәселелері» (1988), «Абай және
Шығыс» (1997), «Абайтану тарихы»
(1994), Т. Кәкішевтің «Оңаша отау»
(1982) монографияларында және
тағы басқа еңбектерде жан-жақты да
те рең қарастырылған. 1930 жылдар-
дағы ғылыми-зерттеу ісінің кескін-
келбетін танытатын бұл ізденістер
мен басылымдар абайтанудың жеке
бір ілім саласына айналу процесінен
қазақ әдебиеттану ғылымының туа
бастаған шағындағы үлкен жеңісі де
болды.
Абайдың асыл мұрасын ғылыми
тұрғыда жүйелі зерттеу проблемасын
көтерген алғашқы көлемді зерттеу
еңбек те осы тұста жазылды. «Абай
творчествосының бар проблемати-
касын әңгімелеген, көбіне оңтайлы
жауап берген ғылыми-эстетикалық
еңбек емес, социологиялық арқауы
басым монографиялық очерк», бол-
са да Ғ. Тоғжановтың 1935 жылы
шыққан «Абай» атты зерттеуі бо-
лашақ зерттеушілерге ой саларлық
біраз мәселелер төңірегінде пікір
өрбітіп, ұлы ақынның новаторлығы на
айрықша көңіл аударады. Автор дың
ұғындыруынша, Абайдың «бірін ші
жаңалығы – көркем сөзге, поэзия-
ға жаңа, биік талаптар қойғанды-
ғы, екінші жаңалығы – қазақтың
жазба ұлт әдебиетін жасауға бас
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
167
Достарыңызбен бөлісу: |